105
мектеп бөлiмiнiң меңгерушiсi. 1963-1967 жылдары Көкшетау қалалық партия
комитетiнiң екiншi хатшысы, 1968 жылы Көкшетау облыстық халыққа бiлiм
беру бөлiмiнiң меңгерушiсi болып тағайындалды.
Көкшетау қалалық және
облыстық кеңестерiнiң депутаты болып сайланды. 1970 жылы Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетi ғылым мен оқу орындары бөлiмiнiң
меңгерушiсi қызметiне ауыстырылды.
1974 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесi Төралқасының Жарлығымен Қазақ
КСР Оқу министрi қызметiне тағайындалып, 1987
жылға дейін Қазақ КСР
Білім министрі болды.
Қ.Балахметовтың педагог және бiлiм жүйесiнiң басшысы ретiндегi
жұмысы жалпы орта бiлiмдi жетiлдiруге, жеткiншек ұрпақты тәрбиелеу мен
оны еңбекке даярлауға жұмсалды. Оның мақалаларында мұғалiмдер мен
бiлiм саласы қызметкелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруға басты назар аударылды.
1987 жылы еңбек демалысына шыққаннан кейiн, 1987 жылы В.И.Ленин
атындағы балалар
қоры төрағасының орынбасары, 1988 жылы бұл қор
«Қазақстан балалар қоры» болып қайта құрылған соң, оның төрағасы болды,
сонымен қатар 13 жыл Қазақ-Корея достық қоғамының төрағасы болды.
1999-2000 жылдары - Халықаралық балалар қорлары қауымдастығының
вице-президенті.
1996 жылы туған
жерi Көкшетау өңiрiне оралып, 1998 жылдан
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
ректорының кеңесшiсi
болды, студенттерге педагогика тарихынан лекция оқыды.
Бiлiм беру,
педагогикаға арнаған жүздеген мақалалары, ғылыми еңбектерi жарық
көрген. Қазір зейнет жасына келіп, еңбек демалысында.
Қ.Балахметов «Парасат», үш мәрте «Еңбек Қызыл Ту»
ордендерімен,
Ы.Алтынсарин, Н.Крупская, К.Ушинский атындағы медальдармен, Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған,
КСРО және
Қазақ КСР Оқу ағарту iсiнiң үздiгi.
Достарыңызбен бөлісу: