Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет183/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

Мухамеджанова З.
«1001 мақал, 101 жұмбақ»: [Тілдер күніне арналған 
«1001 мақал 101 жұмбақ» атты үш тілде өткізілген ойын] / З. Мухамеджанова 
// Мұғалім.kz. Шет тілі=Иностранный язык. - 2014. - № 2. - 40-444 б. 
Турганова Г.
«Бір шаңырақ астында» атты Қазақстан Республикасы 
халықтарының тілдері күніне арналған фестиваль / Г. Турганова 
// Кәсіптік мектеп=Профессиональная школа. - 2014. - № 1. - 36-37 б. 


147 
Федорова 
В.Г.
Интернационализмді 
тәрбиелейміз 
(Қазақстан 
халықтарының тілдері күніне орай) / В. Г. Федорова //Сынып жетекшісінің 
анықтамалығы=Справочник классного руководителя. - 2012. - №
9. - 23-29 б 
Шетеева Л.
Үш тілдің патшалығы: [тілдер күніне арналған сайыс]
/ Л. Шетеева // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2014. - № 8. - 57-58 б. 
1 қазан – халықаралық
музыка күні 
Халықаралық музыка күні 1975 жылы 1 қазанда ЮНЕСКО шешімімен 
бекітілді. Халықаралық музыка күнін бекіту бастамашыларының бірі 
композитор Дмитрий Шостакович болып табылады. Мереке бүкіл әлемде 
жыл сайын үздік артистер мен көркем ұжымның қатысуымен 
ұйымдастырылған концерттік бағдарламалармен мерекеленеді. Бұл күні әлем 
мәдениетінің құндылығына енген туындылар шырқалады. Адам музыкамен 
ертеден таныс. Африка үңгірлерінде жер бетінен жоғалып кеткен 
тайпалардың жартастардағы суреттері сақталған. Суреттерде музыка 
құралдары бар адамдар бейнеленген. Біз енді ешқашан ол музыканы тыңдай 
алмаймыз, алайда олар бір кездері адамдардың өміріне сән берді, оларды 
қуантты немесе қайғыға салды. Музыканың әсері күшті. Музыканы жаны 
сүймейтіндер әлемде аз. Көптеген композиторлар музыка арқылы адамның 
сезімін беруге тырысты. Олардың аттары ұрпағымыздың жадында мәңгі 
сақталған. Музыка ескірмейді, адамзат жер бетінде өмір сүргенше ол да 
тіршілік етеді. 
Музыкалық білімді оқушылар музыка сабағында және сыныптан тыс 
шараларды өткізу барысыныда алады. Музыка арқылы оқушылар әсемдік 
пен әрсіздікті, жақсы мен жаманды, мейірімділік пен зұлымдықты, қуаныш 
пен қайғыны, т.б. түсініп, ажырата біліп, эстетикалық мәдениетті 
қалыптастырады. 
Эстетикалық 
мәдениет 
оқушылардың 
қатынасын 
анықтаумен қатар, олардың өміріне қуатты рухани күш ретінде көрінеді.
Бүгінгі таңда қазақ музыкасының қайнар көзі – Ақан сері мен Біржан 
салдың, Құрманғазы мен Дина және т.б. өнері үлгілері – дәстүрлі ән мен 
күйлерін ұрпаққа жеткізу мұғалімнен көп шеберлікті талап етеді. Осыған 
орай мектептерде музыка күнін өткізу, музыка арқылы тәлім -тәрбие беру – 
ұстаздың міндеті. Осындай мерекеде қазіргі тәрбиеге сай етіп «Музыка 
адамзаттың әмбебап тілі» атты концерттік сабақ, «Музыка әлемі - тәрбие 
айдыны» атты ән байқауы және ұлттық музыканы дамыту мақсатында 
«Домбыра – қазақ халқының киелі аспабы» атты тәрбие сағаттарын өткізуге 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет