149
5 қазан – Мұғалімдер күні
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылы 20
қаңтардағы Жарлығына сәйкес жыл сайын қазанның бірінші жексенбісінде
мұғалімдер күні атап өтілетін. 2003-інші жылғы қарашаның 15-інде
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
Қазақстанда кәсіби
және басқа да мерекелердің жаңа тізімі бекітілді. Осы Жарлыққа сәйкес
мұғалімдер күні - қазан айының бірінші жексенбісі деп белгіленген еді.
1994 жылы ЮНЕСКО 5 қазанда аталып өтетін - Дүниежүзілік Мұғалім
күнін
бекіткен. Осыған байланысты Қазақстанда 2012 жылдан бастап
мұғалімдер күні жыл сайын 5 қазанда аталып өтілетін болды
Қазақстан Республикасының Үкіметі білім беру жүйесінің дамуына,
қоғамдағы мұғалімдердің мәртебесін көтеруге көп көңіл бөліп келеді.
2012 жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің
«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін
белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту
туралы №393 Қаулысы және «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын
бекіту туралы №394 Қаулысы шықты.
Конкурс тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау,
қорыту
және тарату, педагогтар мен орта білім беру ұйымдары
басшыларының кәсіби және жеке тұлғалық өсуін ынталандыру, Қазақстан
Республикасының орта білім беру жүйесінің даму үрдісін анықтау
мақсатында өткізіледі.
«Үздік педагог атағы» меншік нысандарына және ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан, педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері
бар мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі және жалпы
орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне беріледі.
Қазақстанда білім беру және ғылым қызметкерлерінің 3 съезі өткізілді.
Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің І Съезі 1998
жылы 3-5 желтоқсан күндері Алматы қаласында өткізілді. Съезд ұлттық
және жалпыадамзаттық құндылық және
елде өтіп жатқан білім беру
реформасы жағдайында ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде жеке
тұлғаның қалыптасу, даму және кәсіби шыңдалуының көкейкесті
мәселелерін талдауға арналды.
Қазақстан Республикасы білім беру және ғылым қызметкерлерінің ІІ
Съезі 2001 жылы 2-3 ақпан күндері Алматы қаласында Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігінің 10-жылдығына,
сонымен қатар еңбек нарқы
жағдайында кәсіби бәсекелестікке қабілетті мамандар даярлау мақсатында
білім сапасын көтеру, жеке тұлғаның қызығушылығына, қабілетіне және
білім алу қажетіне және мемлекеттік тілді игеруіне сәйкес білім беруді
дифференциялау мәселелеріне арналып өткізілді.
Қазақстан Республикасы білім беру және
ғылым қызметкерлерінің ІІІ
Съезі 2004 жылы 12 қазан күні Астана қаласында өтті. Съезд білім беруді
150
дамытудың 2010 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасын талқылауға
арналды.
Съездің негізгі мақсаты – қоғамдық-саяси өмірдегі ғылыми-
педагогикалық зиялы қауым рөлінің артуын, оның білім беру және ғылым
саласында өскелең ұрпақты белсенді азаматтық ұстаным және Қазақстандық
патриотизм рухында тәрбиелеудегі ел Президентінің
Қазақстан халқына
Жолдауын орындауға белсенді қатысуын жүзеге асыру.
2011 жылдан бері жыл сайын пән мұғалімдері съездері өткізіліп келеді.
2011 жылдың 11-12 мамыр күндері Астана қаласында Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия Ұлттық университеті базасында математика пәні
мұғалімдерінің І Съезі болып өтті.
2012 жылдың 27-28 маусым күндері Өскемен қаласында Д.Серікбаев
атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті базасында
химия және биология пәні мұғалімдерінің I Съезі болып өтті.
2013 ж. 16-17 мамырда Білім және ғылым министрлігі Астанада
филологтар съезін өткізді. Осы үрдіс келешекте де жалғасын табады.
Мұғалім - тек ғылымдарға үйретуші емес, сондай-ақ рухани игіліктер
мен адамгершілік ізгі ниеттерді оқушылар бойына сіңіруші де. Ұстаздар
айрықша азаматтық парыз - жас ұрпақты тәрбиелеу міндетін атқарады.
Олардың білімі мен тәжірибесі, дәстүрлер сабақтастығы мен жаңашылдығы
әрбір мектептің негізі боп қаланған.
Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы
бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары
мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя –
мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.
Қазан айының алғашқы аптасында республика көлемінде тойланатын
ерекше мереке - ұстаздар күні. Осы күні төменгі сынып оқушылырына арнап
«Ұстазым менің» атты ертеңгілік, «Ұстаздық – ұлы іс», «Ұлағатты ұстазым»
атты тәрбие сағаты, «Ұстаз – ұлы тұлға» атты кітап көрмесін өткізуге
болады. Оқушылардың күшімен мұғалімдерге арналған әдеби-сазды,
концерттік
бағдарламалар, «Мұғалімдер балы» ұйымдастырылады
.
Достарыңызбен бөлісу: