199
1980 жылдан Махамбет аудандық комсомол жұмысынан бастап, Атырау
облысының Лениншiл Коммунистiк жастар
одағының бiрiншi хатшысы
болды.
1989-1991 жылдары Қазақстан Лениншiл Коммунистiк жастар одағының
Орталық Комитетiнiң бiрiншi хатшысы болды. 1991-1993 жылдары жастар
iстерi жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң төрағасы болды.
1993 жылы Қазақстан Президентiнiң көмекшiсi болып тағайындалды.
1995 жылғы наурыздан республика Премьер-министрiнiң орынбасары. 1997
жылы наурыздан Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрi
болды
.
1997 жылдың қазан айынан Атырау облысының әкiмi болды. 2000-
2003 жылдары Қазақстан Республикасының Премьер-министрi, 2004 ж.
наурызына
дейiн
Мемлекеттiк
хатшы,
содан
кейiн
Қазақстан
Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы қызметтерiн атқарды.
2004 жылдың желтоқсанынан 2008 жылдың
сәуіріне дейін Алматы
қаласының әкiмi болды. 2008 ж. 4 сәуірінен бастап,
2014 жылдың 22
қазанына дейін
Астана қаласының
әкімі ретінде қызмет етті.
Қазіргі таңда
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.
Философия ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының
докторы,
Әлеуметтiк-экономикалық
мәселелер
және
саясаттану
тақырыбында көптеген ғылыми еңбектер жазды. «Қазақстан Республикасы
Конституциясының түсiндiрме сөздiгi» авторларының бiрi.
И.Тасмағамбетовтiң тiкелей басшылығымен 2004-2006
жылдарға
арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданды. Иманғали Нұрғалиұлы
жазған «Орталық Азия зергер шеберлерiнiң бұйымдары» түрлi-түстi
альбомы бүгiнде Қазақстанды осы салада шет мемлекеттерге танытуда.
«Халықаралық А.Қ.Марғұлан қоры» басқармасының төрағасы ретiнде әйгiлi
академиктiң мерейтойы ЮНЕСКО шеңберiнде аталып өтуiне мұрындық
болды. Қазақтың қолданбалы өнер бұйымдарын жинастыруға көп көңiл
бөлiп, Қазақстанның тарихы,
этнографиясы, археологиясы мәселелерiне
ерекше ден қоятындығы көпшiлiкке белгiлi. Еңбегi ескерiлiп, 1999 ж.
«Парасат» орденiмен марапатталды.
Достарыңызбен бөлісу: