57
рекордтық көрсеткіш болды. Сапар 1 сағат 48 минутқа (108 минут) созылды.
«Восток» кемесі 302 км биіктікте Жерді бір айналып шықты да, сағат 10-нан
55 минут өткенде, Саратов облысындағы Смеловка ауылына жақын маңға
қонды. Осы аңызға айналған сапары үшін ғарышкер Кеңес Одағы Батыры
атағын алды. Оның ерлігі бүкіл адамзат баласының сан мыңдаған жылдар
бойғы арман-тілегін жүзеге асырды. Осы оқиғадан кейін ғылыми-техникалық
революцияға ерекше серпін беріліп, спутниктік телевидение, интернет, ауа-
райын бақылау, бағдарлау секілді заманауи өмірдің игіліктеріне жол
ашылды.
Осы сағаттан бастап, 12 сәуір Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңес
Төралқасының қаулысымен мемлекеттік мереке - ғарышкерлер күні болып
белгіленді.
1968 жылы қарашада өткен Жалпы Халықаралық авиация
федерациясының 61-конференциясының қаулысына сәйкес, дәл осы күнді
Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні ретінде атап өту туралы
шешім шығарылды.
Бұл мерекеде мектептерде оқушылардың ғарыш, ғарыш айлағы және
алғашқы Қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат
Мұсабаевтың ғарыш саласындағы еңбектері туралы түсініктерін кеңейту
мақсатында «Қазақстан және ғарыш» тәрбие сағатын өткізуге болады.
Сабақта интерактивті тақтаны қолдану арқылы Тоқтар Әубәкіров пен Талғат
Мұсабаевтың өскен ортасы, өмір жолдары, ғарыш саласындағы жеткен
жетістіктері туралы мәліметтерді слайдттармен көрсетуге болады. Сонымен
қатар «Байқоныр - Ғарыш айлағы» атты деректі фильмді көрсету,
оқушылардың ғарыш туралы білімдерін дамытып, аспан әлемі туралы
қызықты мәліметтерге сусындатады. Батырлық, ерлік, туған жер туралы
мақал-мәтелдер айтылады. «Кім болсам екен?» атты сахналық көрініс
оқушыларды ғарышкер болуға баулиды.
Достарыңызбен бөлісу: