Сәуiр 14 жұлдыз Әдебиет сыншысы, ғалым, жазушы, педагог, филология
ғылымдарының
докторы,
профессор
Белгiбай Шалабаевтың туғанына
105 жыл
14.04.1911-1990
Шалабаев Белгiбай 1911 жылы 14 сәуірде қазiргi Павлодар облысы,
Баянауыл ауданының 5-шi ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына
қатысты.
Қазақтың
Абай
атындағы
мемлекеттiк
педагогикалық
институтының қазақ тiлi мен әдебиетi факультетiн 1933 жылы, Ленинград
университетiнң аспирантурасын 1937 жылы бiтiрдi.
1933-1934 жж. «Пионер» (қазiргi «Ұлан» газетiнде редактор, 1937-1942
жж., 1944-1949 жж. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында
декан, кафедра меңгерушiсi, Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тiл және
әдебиет институтында аға ғылыми қызметкер, 1949-1987 жж. Қазақ
мемлекеттiк университетiнiң кафедра меңгерушiсi, доцент, профессор, 1987
жылдан профессор-консультант болды.
1944 жылы кандидаттық диссертация, 1970 жылы докторлық диссертация
қорғады. Ғылыми зерттеу еңбектерi негiзiнен әдебиет тарихы мәселелерiне
арналған.
Б.Шалабаев халық ағарту саласындағы еңбектерi үшiн «Қазақ КСР-ының
еңбек сiңiрген мұғалiмi» (1962), «Қазақ КСР-ының еңбек сiңiрген ғылым
қайраткерi» (1985) және 1-дәрежелi «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз»
ордендерiмен және көптеген медальдармен марапатталды.
ӘДЕБИЕТТЕР: Шалабаев Б. Көркем әдебиет және оны мектепте оқыту /Б.Шалабаев. -
Алматы: Мектеп, 1982. – 87 б.
Шалабаев Б. Қазақ романының тууы мен қалыптасу тарихы
/ Б.Шалабаев. - Алматы: Мектеп, 1983. – 192 б.
Шалабаев Б. Өмiрде не болмайды /Б.Шалабаев. – Алматы:
Қазмемкөркемәдеб-бас, 1961. – 192 б.
Шалабаев Б. Орыс әдебиетiнiң алыбы Пушкин - ұлы Абайдың Ұстазы
/ Б.Шалабаев //Қазақ ССР Ғылым Академиясының хабарлары. Әдебиет
сериясы, 1950. – № 81. – Бесiншi кiтап.
59
Шалабаев Б. Қазақтың алғашқы романы /Б.Шалабаев //Қазақтың
С.М.Киров атындағы мемлекеттiк университетiнiң ғылыми еңбектерi. Т.XII.
5 шығуы. – Алматы: Қазмембас, 1950. – 120-130 б.