Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет79/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

Ырыс алды ынтымақ. 
Астанада, еліміздің өзге өңірлерінде, Қазақстан 
халқы Ассамблеясы жылының ашылуына арналған салтанатты рәсім болып 
өтті // Егемен Қазақстан. - 2015. - 7 ақпан. 


66 
Мамыр 
1 жұлдыз
Қазақ тiлi маманы, қазақ тiлi әдiстемесiнiң негiзiн 
салушылардың бiрi, педагог, филология ғылымдарының 
кандидаты 
Сейiл Сарықұлұлы Жиенбаевтың 
туғанына 
120 
жыл

1.05.1896-5.05.1945

Жиенбаев Сейiл Сарықұлұлы
1896 жылы 1 мамырда бұрынғы Орал 
облысы Бөрте ауданы Жайық аулында дүниеге келдi. 
Ол 1912 жылы Бөртедегi 2 сыныптық училищенi бiтiрiп, одан кейiн 
Орынбор қаласындағы мұғалiмдер даярлайтын оқу орнын бiтiрiп, мұғалiм 
болып iстеуге жолдама алады. 1917-1921 жылдары Ақбұлақ уезiнiң Талды 
болысының Сазды ауылында мұғалiм болды. 1921-1928 жылдар аралығында 
Орынбор қаласындағы қазақ мектебiнде, әскери мектепте, өлкелiк кеңес-
партия, үлгi-тәжiрибе мектебiнде және оқытушылар институтында, 
педтехникумдарда қызмет атқарды. 1928 жылы
Алматыға келiп, 
оқытушылық, ұстаздық қызметiн әрi қарай жалғастырып, Қазақтың 
педагогикалық институтында сырттан оқиды. 1929 жылы Қазақстан Оқу 
комиссариатының аппаратына ғылыми қызметкер болып ауысады. 1931-
1939 
жылдары Алматыдағы ауыл 
шаруашылық, 
ұлт мәдениетi 
институттарында және КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалында 
ғылыми қызметкер болып еңбек етедi, 1938-1942 жылдары Қазақ КСРО Оқу 
комиссариаты жанындағы ғылыми зерттеу институтында, Абай атындағы 
педагогикалық институтта оқытушылық қызметте болады. 1942 жылы 
С.Жиенбаев КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының Тiл, әдебиет 
және тарих институтының сектор меңгерушiсi болып тағайындалады. 1942 
жылы кандидаттық диссертация қорғап, Мәскеудегi Тiл және ойлау 
институты Ғылыми кеңесiнiң мүшесi болып сайланады. 
С.Жиенбаев - қазақ тiлi программасы мен көптеген оқулықтардың авторы 
да болған әдiскер ғалым. С.Жиенбаев – зерттеушi ғалым ғана емес, 
мұғалiмдердi тәрбиелейтiн «ұстаздың ұстазы», нағыз педагог болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет