62
Сәуiр
29 жұлдыз
Ғалым, сазгер, фольклоршы, музыкатанушы, педагог,
қоғам
қайраткерi, өнертану ғылымдарының докторы,
профессор, академик
Ахмет Қуанұлы Жұбановтың
туғанына
110 жыл
29.04.1906-30.05.1968
.
Жұбанов Ахмет Қуанұлы
1906 жылы 29
сәуірде Ақтөбе облысы,
Темiр ауданында дүниеге келген. 1916 жылы үш жылдық Уркачев орыс-
қырғыз училищесiн бiтiредi. 1920 жылдан бастап оның еңбек жолы
басталады. Алғашқыда ауылдық кеңестiң хатшысы қызметiн атқарады.
«Шамшырақ» қызыл отау үйiнде меңгерушi болады. Осыдан кейiн халық
мұғалiмi курсында оқып, Темiрде, кейiн Ақтөбеде ұстаздық етедi.
Жастайынан музыка өнерiне бейiм ол көп
ұзамай Санкт-Петербургтегi
М.И.Глинка атындағы музыка техникумына оқуға түсiп, соңынан
Н.А.Римский-Корсаков атындағы консерваторияға түседi. 1932 ж.
консерваторияны бiтiрісiмен, өнер зерттеу академиясының музыка бөлiмiнiң
аспирантурасына түседi.
А.Жұбанов
1933 жылы Санкт-Петербургтен Алматыға шақырылып
алынды. Ол 1933-1942 жж. Алматыдағы музыкалық-драмалық техникумның
оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi және қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттiк
филармониясының директоры және көркемдiк жағын ұйымдастырушысы
болды. 1934 ж. Қазақ мемлекеттiк Құрманғазы
атындағы академиялық ұлт-
аспаптар оркестрiнiң ұйымдастырушысы, алғашқы дирижеры, көркемдiк
жетекшiсi болды.
А.Жұбанов 1944 жылдан өмiрiнiң соңғы күнiне дейiн Алматыдағы
Құрманғазы атындағы Мемлекеттiк консерваторияның ректоры болды.
1942 ж. жарық көрген «Қазақтың халық
композиторларының өмiрi мен
творчествосы» аталатын еңбегiнде Жұбанов қазақ халқының бiр ғасырлық
музыкалық мәдениетiнiң тарихын жүйелеп шықты. Осы кiтабы үшiн 1945
жылы А.Жұбановқа өнертану ғылымының докторы атағы диссертация
қорғамай-ақ берiлдi. 1946 жылдан академик. Ол Қазақстанда музыкалық
мамандар даярлауда ұзақ жылдар бойы үздiксiз еңбек еттi.
А.Жұбанов қазақ халқының қазiргi заманғы кәсiби музыкасының негiзiн
қалаған аға буын сазгерлердiң бiрi. Ол ұлттық өнер мамандарын тәрбиелеу
iсiне де үлкен үлес қосты. Қазақстандағы
музыкалық педагогиканың
iргетасын қалаған ғұлама ғалым.
А.Жұбанов
«Музыка
әлiппесiн»
шығарды.
«Қазақ
халық
композиторлары», «Ғасырлар пернесi», «Замана бұлбұлдары» атты
монографиялық еңбектердiң авторы. Өзi қайтыс болғаннан кейiн жарық
көрген «Ән-күй сапары», «Өскен өнер» кiтаптары - қазақ музыкасының әр
түрлi кезеңдерiн қамтитын iргелi зерттеулер.
Ахмет Қуанұлы Жұбанов Қазақстан Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты,
Ленин орденiмен, т.б. ордендермен, медальдермен марапатталған.
Алматы
қаласындағы көшелердiң бiрiне, Республикалық музыкалық мектеп-
интернатқа Жұбанов есiмi берiлген. Алматыда ол тұрған үйдiң қабырғасына
ескерткiш тақта орнатылған.
Достарыңызбен бөлісу: