Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана


«Адамды адам ететін оның рухани байлығы»



Pdf көрінісі
бет75/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы
konspekt progulki yanvar 2019g, konspekt progulki yanvar 2019g, Сценарий новогоднего праздника для детей Золотая ёлочка , Тақырыбы Тіл дамыту әдістемесінің ғылым болып қалыптасуы-melimde.com
«Адамды адам ететін оның рухани байлығы»:
 
[академик, физика-
математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек 
сіңірген ғылым және техника қайраткері Төлеген Қожамқұловпен сұхбат] 
/сұхбаттасқан С. Орынбасарұлы // Заң газеті . - 2011. - №8. 19 қаңтар.
 
Ол туралы: 
Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы
//
Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. 
Т.6. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2004. – 14 б. 
Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы
//Жетісу: Энциклопедия. – Алматы: 
Арыс, 2004. – 411-412 б. 
Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы
//Қазақстан ғылымы: Энциклопедия. 
Т.2. – Алматы, 2010. – 89-90б, 
Физик-теоретик Т.Ә.Қожамқұлов=Физик-теоретик Т.А.Кожамкулов

– Алматы: Кітап, 2006. – 330 б. 


62 
Сәуiр 
29 жұлдыз
Ғалым, сазгер, фольклоршы, музыкатанушы, педагог, 
қоғам қайраткерi, өнертану ғылымдарының докторы, 
профессор, академик 
Ахмет Қуанұлы Жұбановтың
туғанына 
110 жыл

29.04.1906-30.05.1968


Жұбанов Ахмет Қуанұлы 
1906 жылы 29 сәуірде Ақтөбе облысы
Темiр ауданында дүниеге келген. 1916 жылы үш жылдық Уркачев орыс-
қырғыз училищесiн бiтiредi. 1920 жылдан бастап оның еңбек жолы 
басталады. Алғашқыда ауылдық кеңестiң хатшысы қызметiн атқарады. 
«Шамшырақ» қызыл отау үйiнде меңгерушi болады. Осыдан кейiн халық 
мұғалiмi курсында оқып, Темiрде, кейiн Ақтөбеде ұстаздық етедi. 
Жастайынан музыка өнерiне бейiм ол көп ұзамай Санкт-Петербургтегi 
М.И.Глинка атындағы музыка техникумына оқуға түсiп, соңынан 
Н.А.Римский-Корсаков атындағы консерваторияға түседi. 1932 ж. 
консерваторияны бiтiрісiмен, өнер зерттеу академиясының музыка бөлiмiнiң 
аспирантурасына түседi. 
А.Жұбанов
1933 жылы Санкт-Петербургтен Алматыға шақырылып 
алынды. Ол 1933-1942 жж. Алматыдағы музыкалық-драмалық техникумның 
оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi және қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттiк 
филармониясының директоры және көркемдiк жағын ұйымдастырушысы 
болды. 1934 ж. Қазақ мемлекеттiк Құрманғазы атындағы академиялық ұлт-
аспаптар оркестрiнiң ұйымдастырушысы, алғашқы дирижеры, көркемдiк 
жетекшiсi болды. 
А.Жұбанов 1944 жылдан өмiрiнiң соңғы күнiне дейiн Алматыдағы 
Құрманғазы атындағы Мемлекеттiк консерваторияның ректоры болды. 
1942 ж. жарық көрген «Қазақтың халық композиторларының өмiрi мен 
творчествосы» аталатын еңбегiнде Жұбанов қазақ халқының бiр ғасырлық 
музыкалық мәдениетiнiң тарихын жүйелеп шықты. Осы кiтабы үшiн 1945 
жылы А.Жұбановқа өнертану ғылымының докторы атағы диссертация 
қорғамай-ақ берiлдi. 1946 жылдан академик. Ол Қазақстанда музыкалық 
мамандар даярлауда ұзақ жылдар бойы үздiксiз еңбек еттi. 
А.Жұбанов қазақ халқының қазiргi заманғы кәсiби музыкасының негiзiн 
қалаған аға буын сазгерлердiң бiрi. Ол ұлттық өнер мамандарын тәрбиелеу 
iсiне де үлкен үлес қосты. Қазақстандағы музыкалық педагогиканың 
iргетасын қалаған ғұлама ғалым. 
А.Жұбанов 
«Музыка 
әлiппесiн» 
шығарды. 
«Қазақ 
халық 
композиторлары», «Ғасырлар пернесi», «Замана бұлбұлдары» атты 
монографиялық еңбектердiң авторы. Өзi қайтыс болғаннан кейiн жарық 
көрген «Ән-күй сапары», «Өскен өнер» кiтаптары - қазақ музыкасының әр 
түрлi кезеңдерiн қамтитын iргелi зерттеулер. 
Ахмет Қуанұлы Жұбанов Қазақстан Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, 
Ленин орденiмен, т.б. ордендермен, медальдермен марапатталған. Алматы 
қаласындағы көшелердiң бiрiне, Республикалық музыкалық мектеп-
интернатқа Жұбанов есiмi берiлген. Алматыда ол тұрған үйдiң қабырғасына 
ескерткiш тақта орнатылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет