Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет77/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы
konspekt progulki yanvar 2019g, konspekt progulki yanvar 2019g, Сценарий новогоднего праздника для детей Золотая ёлочка , Тақырыбы Тіл дамыту әдістемесінің ғылым болып қалыптасуы-melimde.com
Ахмет Жұбанов
/құраст. Н.С.Кетегенова, А.Қ.Омарова. – Алматы: Өнер, 
2006. – 200 б. 
Жұбанов Ахмет Қуанұлы
 
//Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. – Т.4. - 
Алматы

«Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2002. – 55-56 б. 
Брусиловский Е.Г.
Дүйiм дүлдүлдер /Е.Г.Брусиловский /қазақ тiлiне 
аударған С.Байжанов. - Алматы

Ана тiлi.- 1995.-223 б. А.Жұбанов туралы 
14-28 б. 
Ғасырлар пернесінің жыршысы
: академик, композитор А.Қ.Жұбановтың 
100 
жылдығына 
арналған 
республикалық 
ғылыми 
конференция 
материалдары бойынша /жауапты шығарушылар: Р.Т.Компақова, И.И.Магай, 
Е.Д.Дүйсенбаев т.б. – Ақтөбе, 2006. – 114 б. 
Ғизатов Б.
Академик Ахмет Жұбанов /Б.Ғизатов. – Алматы, 1972. 
Жұмалиев Қ.
Ахмет Жұбанов /Қ.Жұмалиев. – Алматы, 1966. 
Рсалдин Ж.
Ахмет Жұбанов /Ж.Рсалдин. – Алматы, 1966. 
 
 
 


64 
1 мамыр - Қазақстан халқының 
бірлігі күні 
Қазақстан халқының бірлігі күні - Қазақстанда жыл сайын тойланатын 
мереке. 
Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында 
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 
мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды. 
Бұл күн мемлекеттік мейрам болып табылады және Қазақстан 
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1996 
жылдан бастап атап өтіліп келеді. 140-тан астам ұлт өкілі тұратын Қазақстан 
үшін бұл мереке дәстүрлі де маңызды мейрамдардың біріне айналды. Себебі 
Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі - оны мекен еткен 
халықтардың арасындағы келісім мен еліміздегі тыныштық. 
Осы күні еліміздің барлық өңірлерінде театрландырылған қойылымдар,
мерекелік концерттер, фестивальдар мен көпшілік шерулер өтеді. 
Бұл күнді еліміздің басты мерекесіне айналдыру идеясына Мемлекет 
басшысы Н. Назарбаев бастамашылық жасаған болатын. Көптеген
ұлттардың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім 
арқылы әлемге үлгілік жолды нұсқап келеді. Әйтсе де, ұлтаралық келісім мен 
дінаралық татулықтың алтын бесігін тербету аяқ астынан туындаған немесе 
қазақ даласында өздігінен пайда болған дүние еместігі бесенеден белгілі. Ел 
иесі, жер иесі саналатын қазақ халқы алмағайып замандарда шартараптан бас 
сауғалаған, тағдыр тәлкегімен босып келген басқа жұртты бауырына басты. 
Өзінің тоз-тозы шыққанына қарамастан, басқаның қайғысына да ортақтығын 
танытты. Кеңестік жүйе қыспағымен қазақ даласын паналаған бөтен жұрт 
осында мәңгілік тұрақтап қалды. Тәуелсіздік тұсында да қырықжамаудай 
болған ұлттық құрамдағы осы ерекшелікті негізге алғандар «жаңадан пайда 
болуы ықтимал үлкен қақтығыстар алаңы» ретінде қазақ даласын меңзеген 
еді. Алайда, қазақ халқының даналығы, кеңдігі мен сыйластығы этностық 
тегіне, әлеуметтік, діни және де шығу тегіне қарамай, жаңа мемлекеттің 
барша азаматының ұйысуына себепші болды. 
Көпұлтты Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп 
жатқаны жайлы танымдық ойларын дамытып, барлық ұлттардың бір-бірін 
құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында «Ақпыз, қара, сарымыз – ағайынбыз 
бәріміз» атты тәрбие сағатын өткізуге болады. Тәрбие сағатында нақыл 
сөздерді, көгершінді, шарларды, жалаушаларды көрнекілік ретінде 
қолданады. Сабақ екі бөлімнен тұрады: 1-бөлім - әдеб –монтаж. 2- бөлімде 
оқушылар әр ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері мен ұлттық 
тағамдарын көрсетеді және әр түрлі ұлттың биін билеп, әндерін орындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет