Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет85/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

Мамыр 
5 жұлдыз
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент әдiскер-
ғалым 
Бувихан Алахунованың
туғанына 
85 
жыл

5.05.1931-16.03.2013

Алахунова Бувихан
1931 жылы 5 мамырда Алматы облысы, Ұйғыр 
ауданындағы Үлкен Ақсу ауылында туған. 1952 жылы Абай атындағы 
педагогикалық институтының (қазiргi Алматы мемлекеттiк университетi) 
қазақ тiлi мен әдебиетi факультетiн бiтiрiп ауыл мектебiнде мұғалiм болып 
iстедi. 
1958 жылы Қазақ КСР Оқу ағарту министрлiгiнiң бұйрығымен ұйғыр тiлi 
мен әдебиетiн оқыту әдiстемесi бөлiмiнде ғылыми қызметкер болып 
ауыстырылды. 1971 жылы «Ұйғыр әдебиетiн оқыту әдiстемесi» мамандығы 
бойынша «Ұйғыр орта мектебiнде Умар Мұхамедi өмiрi мен 
шығармашылығын оқу» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады. 
Педагогика ғылымы саласындағы ұйғыр халқының тұңғыш ғалымы. 
1958 жылдан еңбек демалысына шыққанға дейін Қазақстан 
Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң Ы.Алтынсарин атындағы педагогика 
ғылымдары ғылыми-зерттеу институтында (қазiргi Қазақтың Бiлiм 
Академиясы) кiшi ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, тақырып 
жетекшiсi, ұйғыр мектебiнде ұйғыр тiлi мен әдебиетiн оқыту әдiстемесi 
лабораториясының меңгерушiсi болып iстедi. Республикадағы ұйғыр 
мектептері үшін оқулықтар мен оқу-әдiстеме құралдарының авторы болып 
табылады. Қазіргі уақытта Ұйғыр мәдени орталығында әйелдер кеңесінің 
төрайымы болып қызмет істейді. 
Ол жалпы бiлiм беретiн ұйғыр мектептерiне арналған ұйғыр тiлi мен 
әдебиетi жөнiндегi жаңа бiрегей бағдарлама жасады. Оның басшылығымен 
мектепте ұйғыр тiлiн оқыту бағдарламасы әзiрлендi. 
Облыстық мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру институтының курстарында, 
ұйғыр мектептерiнде ұйғыр тiлi мен әдебиетiн оқыту әдiстемесi жөнiнде 
үнемi дәрiстер оқыды, конференциялар мен семинарларда баяндама жасады. 
Ұйғыр тiлi лабораториясын басқарған жылдары педагог мамандар әзiрлеу 
жұмысын жүргiзді. Бүгінде Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім 
академиясының ұйғыр тілі мен әдебиеті лабораториясы Алахунова 
Бувиханның есімімен аталады. 
Халық ағарту iсi мен педагогика ғылымын дамытудағы көп жылғы 
қызметi үшiн «Еңбектегi ерлiгi үшiн», «В.И.Лениннiң 100 жылдығы 


71 
қарсаңында ерен еңбегi үшiн», «Ы.Алтынсарин атындағ», «Еңбек ардагерi», 
«Қазақ ССР халыққа бiлiм беру iсiнiң үздiгi», «КСРО халық ағарту iсiнiң 
үздiгi» белгілерімен, КСРО халық ағарту министрлiгiнiң жоғары мектеп пен 
ғылыми мекемелер қызметкерлерi кәсiподағы Орталық комитетiнiң Құрмет 
грамотасы және Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен
марапатталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет