72
ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-
полковник
С.Нұрмағанбетов
тағайындалды.
Бұл
күн
Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан
«7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.
Аталған жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі штаб - жаяу әскерлер, әуе қорғанысы
күштері мен әскери-теңіз күштерінің бас штабтары бекітілді. Аэроұтқыр
күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 2001 жылдан
Қазақстан 4 әскери - Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс округке бөлінді.
Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының
жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару–
жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешеді. Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштеріне жалпы мақсаттағы күштер, әуе-
қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық
гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай, қарулы күштер түрлі
бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады.
Мектептерде бұл мереке қарсаңында көптеген іс-шаралар өтеді.
Оқушыларды Қазақстан Қарулы Күштерімен таныстырып, олардың қандай
түрлері бар екенін түсіндіру мақсатында әр сыныпта тәрбие сағатын өткізу
керек. Сонымен бірге осы күнге лайықты басқа да шаралар ұйымдастыруға
болады. Атап айтсақ, 5-8 сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз дөңгелек»
атты әскери-спорттық жарыстар болса, 9-11 сыныптар арасында «Саптық
байқау» жарыстары өтеді. Сонымен қатар патриоттық әндерден мектепішілік
байқау ұйымдастыруға болады. 9-11 сынып оқушыларының «Саптық байқау»
жарыстарында оқушылар әскери киімдер киіп, өздерінің ұрандарын және
патриоттық әнді сап түзей жүріп айтып шығады. Одан кейін әртүрлі әскери
жаттығулардан жарыстарға қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: