Қуатты әскер - тұрақтылық пен қауіпсіздік кепілі . Кеңес Одағының
батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовпен
әңгіме /әңгімелескен Сапарғали Жағыпаров //Егемен Қазақстан. - 2012. - 8
мамыр.
Майкеев Б. Армиядағы арулар: [әскери қызметші қыз-келіншектер
туралы] / Б. Майкеев //Егемен Қазақстан. - 2012. - 3 сәуір.
Мықты армия - мықты Қазақстан!: [7 мамыр - Отан қорғаушы күні]
// Егемен Қазақстан. - 2013. - 9 мамыр.
Омар Ж. Қазақстан армиясы. Ол қалай құрылып еді? Қазір қандай?
/ Ж. Омар // Егемен Қазақстан. - 2012. - 27 наурыз.
Тоқпақбаев С. Қазақ армиясының қауқары мықты: [Қазақстан армиясы
туралы] / С. Тоқпақбаев //Айқын. - 2012. - 9 мамыр.
Төлеуова А.Т. «Жігіт сұлтаны» (Астананың 15 жылдық мерейтойына
және Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған өнер сайысының
сценарийі) / А. Т. Төлеуова //Отбасы және балабақша. - 2013. - № 4. - 13-16 б.
9 мамыр - Жеңіс күні 1941—1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн. адам,
соның ішінде 1,5 млн. қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18
бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы
шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен
батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын
қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Прибалтика мен Молдованы азат етуге
атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.
Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін
марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт
адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық
жинағының иегері атанды.
Ұлы Отан соғысындағы Қазақстандықтардың ерен ерлігімен
таныстыру, адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңіру, Отансүйгіштікке
тәрбиелеу мақсатында мектеп қабырғасында көптеген мерекелік шаралар
өтіледі. Солардың бірі «Ер есімі – ел есінде» атты тәрбие сағатын өткізуге
болады. Тәрбие сағатының көрнекілігі: интерактивті тақта, сыныпты гүлмен,
шармен, жалаулармен безендіруге болады. Барысы: 1.Жеңіс күніне арналған
74
өлеңдер мен қанатты сөздер. 2. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ
батырларының ерлігі және жеңіс туралы әндер айтылып, билер биленеді.