97
жазып конвертке салады және конвертті келесі оқушыға жібереді. Барлық
оқушылар жауап бергенше конверттермен алмасады. Соңында стикерлерді
жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан);
сынып
жауаптардың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды
10. «Пікір алмасу» (Showdown).
Әрбір топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ
дайындайды. Әрбір сұрақты
стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші
жағына жазып, келесі топпен стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы стикердегі
сұрақтарды оқиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы
белгі бергенде, барлығы өз жауабын
ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс
жауаппен салыстырады.
11. Элективті тест.
Мұғалім алдын ала әрбір оқушыға A, В, С, D, Е
арқылы
белгіленген түстері сәйкес ақ, сары, көк, қызыл, жасыл стикерді таратады. Әрбір
сұрақты қойғаннан кейін 20сек. кідіріп, сыныптан тест жауабына сәйкес әріпті
көтерулерін сұрайды. Өзін-өзі және бірін-бірі бағалауды жүзеге асыру үшін
дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды.
__
Ықшам тақталар
Өз рұқсат қағаздарының
екінші жағын пайдалана отырып, оқушылар: қысқаша
сұрақтарға жауап жаза алады, олардың «талпынатын»
деңгейін көрсете алады,
оларды «ақиқат-жалған» жаттығуы үшін пайдалана алады.
Достарыңызбен бөлісу: