«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Осы порталда тіркелу туралы қадамдық нұсқаулық 10-модульда берілген



Pdf көрінісі
бет171/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   196
Байланысты:
edu kk

Осы порталда тіркелу туралы қадамдық нұсқаулық 10-модульда берілген. 
Сол жерден сіз «Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарла-
маның» мысалын табасыз.
Кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы мемлекеттік органдарды хабардар 
етуге немесе қандай да бір қызмет түріне рұқсат алу үшін, сізге келесі сайтқа 
http://elicense.kz кіру керек.
Электрондық лицензиялау жүйесі салық және кеден ұйымдарының, мемлекет-
тік электронды сатып алу, Ұлттық банк және де басқа мемлекеттік органдардың 
ақпараттық жүйелерімен ықпалдастырылған. Осы себепті, сізден лицензиялау ор-
ганы талап ететін құжаттардың саны едәуір азайған. 
Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен, сіздерге тағы да көмек ретін-
де құрылған алаңдардың бірі – Өңірлердегі кәсіпкерлікті дамыту картасы. Бұл өз 
тұрғысында бизнес-навигатор.
http://www.businessnavigator.kz сайтына өткен кезде Кәсіпкерлікті дамытудың 
өңірлік картасын көре аласыз.
Осы сайтта еліміздің әр аймағындағы кәсіпкерліктің даму мүмкіншіліктері ту-
ралы жан-жақты ақпарат берілген. 
Аймақтық кәсіпкерлікті дамыту картасы кәсіпкердің ең маңызды төрт сұрағына 
жауап береді:
1. Аймақта не өндіруге болады? 
• Аймақ неге мамандандырылған?
• Экономикалық мамандануды қандай факторлар анықтайды? 
• Аймақ кәсіпкерлеріне қандай нарықтар маңызды? 
• Маңызды нарықтарда қандай тетіктер бар? 
2. Экономикалық жағынан кәсіпкерлік қызметпен қай өңірде айналысқан 
дұрыс?
• Аймақта экономикалық концентрация нүктесі қайда орналасқан?
• Аймақта қандай факторлар маңызды?
• Аймақтың/ауданның бәсекеге қабілетті басымдығы неге байланысты?
3. Бизнес-субъектілердің қайсысы дамудың локомативі бола алады?
• Берілген экономикалық және нарықтық жағдайларда дамуға аймақта кім 
бейімделген? 
• Аймақ бизнес-қоғамының әлеуеті қандай? 
4. Аймақтың нақты бизнес-ортасы қандай? 
• ерекше, бірінші кезектегі қандай кедергілер бар?
• Аймақ кәсіпкерлеріне қандай қиындықтар кездеседі?
Мысалы, картада Қарағанды облысын бассаңыз, келесіні аламыз:
Мұнда минералды-шикізаттық, табиғи-климаттық жағдайларға, бизнес-климат, 
инфрақұрылым және өткізу нарығы бойынша ақпараттар бар. Осы ақпаратты өз 
қызметі алдында, бизнес-жоспарды әзірлеу кезінде зерделеу пайдалы. Мысалы, 
сіздің бәсекелестеріңіз өз өнімдерін қандай нарықта өткізетінін біле тұра, сіз өз 
стратегияңызды әзірлей аласыз. 


221
11.4. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ПОРТАЛЫ
www.goszakup.gov.kz 
Бірыңғай мемлекеттік сатып алулар порталы сізге қажетті алаңның бірі бо-
луы мүмкін, яғни бұл электронды мемлекеттік сатып алу қызметіне қол жеткізудің 
бірыңғай нүктесі.
Аталған порталға сіз мына мекенжай бойынша өте аласыз http://www.goszakup.
gov.kz. 
Осы портал сізге келесі себептермен пайдалы:
Бұл жерде өткізіліп жатқан барлық мемлекеттік сатып алулар бойынша ақпа-
раттар бар;
Егер сіз мемлекеттік органға қандай да бір қызмет түрін көрсеткіңіз немесе 
тауар жеткізгіңіз келсе, онда мемлекеттік сатып алулар осы порталда өткізіледі;
Тапсырыс беруші мен әлеуетті мердігер арасындағы электронды құжат айна-
лымы да осы портал арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет