224
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН
ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Электрондық сауда мүмкіндіктері
1. Тапсырысты рәсімдеу.
- Тауардың түрін анықтау керек: киім, тамақ, кітап, зергерлік бұйымдар және т.б.
- Егер өнім анықталған болса, іздеу жүйесінен: «Онлайн кітап» деп теру. Сілте-
мелерге сүйеніп, өзіңізге ұнайтын вариантты табасыз.
- Немесе танымал сайттар болады. Мысалы, amazon.com, ebay.com - Америка
мен Еуропадан тапсырыс беру.
2. Төлем.
Қажетті тауарларды таңдаған соң, пайдаланушы, әдетте,
сайтта төлем әдісін
таңдауға мүмкіндік алады.
1) Банк карточкасы - ақшалай емес есептесу.
2) Терминалдар - төлем көшедегі төлем терминалдарында жүзеге асырылады.
3) қолма-қол ақша төлеу - тауарлар сатып алушы тауарды алған кезде тауарлар-
ды қолма-қол ақшамен төлеу.
4) Салынбалы төлем тауарларды алғаннан кейін пошта бөлімшесінде төленеді.
Алаяқтық операцияларға бейімделген төлем әдістерінің бар екендігіне және
олардың адал интернет-дүкендерде пайдаланылмайтынына назар аударыңыз:
– Western Union аударымы. Аударымның бұл түрі тек жеке тұлғалар арасында
ғана қолданылады, төлемді қайтару немесе жоққа шығару мүмкіндігі жоқ.
– қысқа нөмірге өзгеріссіз сомадағы SMS-хабарламалар. Төлемді қайтару не-
месе жоққа шығару мүмкіндігі жоқ. Шағын сомалар, түбіртектер жоқ. Оның қара-
пайымдылығына байланысты, ол әртүрлі алаяқтық схемаларда жиі пайдаланылады
және әдетте,
жоғарыда айтылғандай, арнайы төлем жүйелерімен жұмыс істейтін
маңызды интернет-дүкендерде пайдаланылмайды.
3. Жеткізу
Сатып алушымен тапсырыс жасағаннан кейін,
сатушы байланысқа шығып,
тапсырыс берілетін орын мен уақытты анықтайды.
Жеткізу жүзеге асырылады:
- жеке жеткізу қызметімен;
- жеткізілім қызметін көрсететін компаниямен;
- поштамен – бандероль немесе посылкамен.
Достарыңызбен бөлісу: