«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет176/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   196
Байланысты:
edu kk

1. Сөзді дайындау 
Барлық жақсы импровизациялар алдын ала мұқият дайындалатындығы белгілі. 
Алдын ала дайындықсыз сөйленген сөз, әсіресе, ісін жаңа бастаған шешендер үшін 
сәтсіз болуы ықтимал. Марк Твеннің мына афоризмін есте сақтаңыз: «Өте қысқа 
жақсы сөзді суырып айту үшін, үш аптадан астам уақыт қажет».
Болашақта көпшілік алдында сөйлеудің, алдымен, «қаңқасын» жасаңыз:
- Сіздің сөйлейтін сөзіңізді адамдардың тыңдауының себебін (мотивациясын) 
анықтаңыз. Оларға не үшін керек? Бұдан олар өздеріне қандай пайдалы немесе 
қызықты нәрсені біледі?
- Сіз сөзіңіздің басты идеясын ерекшелеп алыңыз.
- Сіз идеяңызды бірнеше құрамдас бөліктерге және тақырыпшаларға бөліңіз.
- Қатысушылар естерінде жақсы сақтауы үшін, оларға айтылатын және сіз қай-
талайтын түйін сөздерді анықтап алыңыз.
- Болашақ сөздеріңіздің жоспары мен құрылымын мұқият ойластырыңыз. Ол 
мыналарды қамтуы тиіс: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды (соңы).
«Қаңқасын» дайындап алып, «бұлшық еттерін» өсіруді бастаңыз.
- «Өмірден», тарихтан, әдебиеттен жарқын мысалдар тауып, оларды сөйлеу 
үдерісінде пайдаланыңыз.
- Көзбен көрген ақпаратты жақсы сақтау үшін, қажетті сұлбаларды, суреттерді, 
графиктерді дайындаңыз. 
- Сөз сөйлеу барысында сіз аудиторияға қандай да бір сұраққа жауап беру, 
атау және санауды ұсынсаңыз, бұл қатысушылар назарын тақырыпты талқылауға 
шоғыр ландыруға және сіздің берген материалды қабылдау тиімділігін айтар-
лықтай арттырады.


227
- Мәтінді толық жазыңыз. Оның кіріспесі мен соңына басты назар аударыңыз.
Кіріспенің ерекшелігі сонда, соған қарай аудитория тыңдаушыларында сіз ту-
ралы әсер қалыптасады және бүкіл сөз сөйлеу барысында сіздің үстемдігіңіз көрі-
неді. Егер кіріспе бөлімінде қателесетін болсаңыз, ол қатені түзету қиынға соғады. 
Көпшілікті бірден қызықтырып әкету маңызды болып табылады. Ол үшін кіріспе 
бөлімінде міндетті түрде тақырыппен байланыстыра отырып, қандай да бір өткір 
қалжың, қызықты фактілер немесе көрнекті тарихи оқиғаны еске түсіруді қолда-
нуға болады.
Көпшілік алдында сөз сөйлеудің қорытынды бөлімі түйіндеуді көздейді. Қо-
рытындылай келе, сөз соңында айтылған өзекті мәселелерді еске салып, міндетті 
түрде барлық негізгі идеяларды қайталау керек. Соңғы сөз тіркестерінің мәнерлі, 
тауып айтылуы олардың эмоцияларын күшейтеді, сонымен қатар тыңдаушылардың 
қошеметіне ғана ие болып қана қоймай, олар сіздің ізбасарларыңызға айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет