«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


 Көпшілік алдында сөйлеу қорқынышын қалай жеңуге болады?



Pdf көрінісі
бет178/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   196
Байланысты:
edu kk

4. Көпшілік алдында сөйлеу қорқынышын қалай жеңуге болады?
Көпшілік алдында сөйлеу қорқынышының себептері:
Егер бірден көпшілік алдында сөйлеу қорқынышын жеңуге көшетін болсақ, ол 
неге апарып соғуы ықтимал? Осы себептерді түсіну және ұғыну – осы фобиямен 
күресудің бірінші қадамы!
Адамдардың көпшілігінде, көпшілік алдында сөйлеу үдерісі кезінде адреналин 
саны парашютпен секіргендегідей бөлінетіндігімен ерекшеленетіндігін ғалымдар 
растады. Бір қызығы, көпшілік алдында сөйлеу қорқынышы, фобиялардың жіктелуі 
бойынша, өлім қорқынышынан кейін екінші орынды алады. Кейбір тұлғалардың 
аудитория алдындағы қорқынышы бірінші орынға шығатындығы шын мәнінде 
таңғаларлық жайт.
Сөз сөйлеу алдындағы қорқынышты қалай жеңуге болады?
Дайындалыңыз және жаттығыңыз.
Ең алдымен, өз тыңдаушыларыңызды мұқият талдап алыңыз. Сөз сөйлеу қорқы-
нышы көбінесе өзімен бірнеше фобиялардың үйлесімділігін (тандемін) құрай-
ды. Адамға белгісіздік алдындағы қорқыныштың көптеген жағымсыз әсері бар. 
Одан құтылу үшін, алдын ала қай жерде және қандай аудитория алдында сізге 
өзіңіздің шешендік шеберлігіңізді көрсету керектігін біліп алыңыз. Сізді қанша 
адам тыңдайтынын, олардың қандай қызығушылықтары мен өмірлік позицияла-
рын, сөйлеушіден не күтетіндіктері және сіз олардан қандай реакция алғыңыз ке-
летіндігін, мүмкін болғанша талдап көріңіз. Көпшілік алдында сөйлеу қорқынышын 
жеңу, сіздің ақпараттанғаныңызбен тығыз байланысты екенін есте сақтау керек. 
Сізді кімдердің тыңдайтындығын білу белгісіздік факторын жоққа шығарады.


229
Өзіне барынша ыңғайлы жай-күйді сезіне ортырып, міндетті түрде үйде жат-
тығыңыз. 
Сабыр сақтаңыз
Егер сіз көпшілік алдында сөз сөйлеу қорқынышын жеңуді және қалай еркін 
болу ұғымдарын білмесеңіз, онда ширығуға көмектесетін келесі жаттығуларды 
пайдалана аласыз. 
- Саналы тыныс алу деп аталатын медитация техникасының танымал әдісі. 
Әдістің мәні сіздің көңіліңізді дем алуға және дем шығаруға аудару болып табыла-
ды. Бұл кезде демді бірнеше секунд ұстап дем алу керек. Дем шығару үдерісінде 
ішінен 1-ден 5-ке дейін санау қажет. Бұл әдіс ширығуға және демалуға көмекте-
седі. Жаттығуды кемінде бес минут орындаңыз.
- Денеңіздің әрбір бұлшық етін қосып, осы күйде бес секунд болыңыз. Содан 
кейін өзіңізді еркін сезініңіз және осы процедураны тағы бірнеше рет қайталаңыз. 
Егер жағдайыңыз келсе, жылдам қарқынмен бөлмеде немесе көшеде жүріп өтіңіз, 
бірнеше рет отырып тұрыңыз.
Сөз сөйлеу қорқынышын жеңуге стимуляторлар немесе транквилизаторлар 
көмектеседі деген пікір бар. Шын мәнінде, мұндай препараттар мүлдем пайдасыз, 
ал кейбір жағдайларда, егер сіз олардың дозасын мөлшерлемеген жағдайда, тіпті 
сөйлейтін сөзіңізді бұзуы мүмкін. Бұл жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Міне, сол 
үшін мұндай препараттарды пайдаланбаған жөн.
Қолдау табыңыз
Егер тыңдаушылар арасында таныстарыңыз немесе достарыңыз болса, олардан 
барынша қолдау сұраңыз. Кез келген тактильді байланыс, қандай да таңғаларлық 
болса да сіздің пайдаңызда болады. Бұл достық қол алысу, арқадан қағу немесе 
құшағына алу болуы мүмкін.
Өз сөзіңізді бастамас бұрын, қатысушылар арасынан таныс тұлға іздеңіз. Егер 
тыңдаушылар қатарында жақын адамдарыңыз жоқ болса, жылы жүзді адамды та-
быңыз. Сізге деген жылу ілтипат және позитив сенімсіздігіңізді жеңуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет