«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Презентацияның негізгі бөлігі



Pdf көрінісі
бет187/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   196
Байланысты:
edu kk

Презентацияның негізгі бөлігі:
• Бүгінгі күнгі істің жағдайы – орын алып жатқан жағдайларды қарапайым әрі 
жан-жақты сипаттау. Егер ештеңе болмаса, перспективалар мен салдарлар.
• Мәселені шешу нұсқалары
• Қандай қиындықтар бар және неге байланысты. 
• Шарықтау шегі
Презентацияның соңғы бөлігі:
• Айқын пікір айту
• Сөз сөйлеудің негізгі идеяларын қайталау
• Түйіндеу 
• Қорытындылау 
• Алдағы жоспарлар
Презентацияның аяқталуы мақсатқа сәйкес болуы және ұмытылмас әсер қал-
дыруы керек.
Төртінші қадам: «Фиксация»
Ең жақсы әдіс – слайдтар. Көрнекі материалдар және бір уақытта жасырын па-
рақшалар.
Неге мәтіннің мәтінін жазба:
• Жаттап алған мәтінде, табиғилық болмайды;
• Егер сіз мәтінді есте сақтай алмасаңыз, аудиториямен көзбен байланысу мүл-
де болмайды, себебі қағаздан бас алмай қарап тұруға тура келеді;
• Мәтіннен көз алсаңыз, сол жерді қайта іздеп жүресіз. Сіз бірден таба алмай-
сыз;
• Қолыңыздағы қағаз кедергі келтіреді және қолыңызды қозғай алмайсыз.
• Жазып алған мәтініңізді өзгертіп айту қиынға түседі.
Бесінші қадам: «Түзету»
Айтатын мәтініңіз қанша уақыт алатынын анықтап алыңыз. Оған тағы уақыттың 
бестен бірін қосыңыз. Қандай жерлердің тығыз екенін және ақпараттың жеткіліксіз 
екенін түсініңіз.
10 минут сөйлеуге дайын болыңыз. Сөйлеуге 6 минут, комиссияның сұрақтары-
на 4 минут уақыт қалдырыңыз.
Алтыншы және соңғы қадам: «Қорғау алдындағы демалыс»
Сөйлеуге дайындықтың алдында басқа нәрсемен айналысып, миыңызды ты-
нықтырыңыз.
Күтпеген нәрселердің алдын алу үшін:
• Қажетті нәрселердің бәрін алыңыз;
• Лайықты киініңіз;
• Одақтастықтарыңызды таңдаңыз (залға достарыңызды, әріптестеріңізді 
отыр ғызыңыз);


238
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
• Сөзді бастар алдында аудитория туралы біліңіз; 
• Дайындық жасаңыз;
• Бос уақытыңыз болсын.
Көңіл-күйді басқару тәсілдері:
• Жақ сүйегін жиырма рет алға-артқа белсенді қозғаңыз. Кезбе жүйкенің түп-
тері қоздырылады, сигнал орталық жүйке жүйесіне беріледі, адреналин бөлі-
неді, көңіл-күйіңіз біркелкілікке келеді.
• Сізді шақырғанға дейін күтіп отырғанда, қолдарыңызды түсіріп, бос ұстаңыз. 
Көз алдыңызға қолдарыңыз ұзарғаны соншалықты, еденге тигенін елестетіңіз. 
• Білезігіңізді қозғаңыз, саусақтарыңызды қимылдатыңыз, қолыңызды уқа-
лаңыз. Қол білезігінің гимнастикасы толқудың қорқыныш эффектісін азайта-
ды әрі сөйлеу мүшелерінің жұмысын жақсартады.
• Тез-тез жүріп, қолыңызды сермеңіз. Жүректің соғысын жиілететін кез келген 
қозғалыс жүйкеңізді тыныштандырады.
• Генералдың погоны бар ауыр шинель киіп отырмын деп елестетіңіз және 
ауырлығын иығыңызбен сезініңіз. Иығыңызды түсіріңіз, иегіңізді көтеріңіз, 
арқаңызды тік ұстаңыз. 
• Баяу және терең демалыңыз. Көрермендер сізді көруге келген жоқ, олардың 
өздерін қалай ұстайтынын сіз көруге келдіңіз. 
• Қалай сөйлегеніңізді еске түсіріп, қайсы сәтті шыққанына көңіліңізді ауда-
рыңыз. Осыны есте сақтап, қайта қолданыңыз. 
• Ең бастысы – көпшілік алдында сөйлеп, мақсатқа жету, соған көңіліңізді ау-
дарыңыз 
• Шешен жақсы физикалық дайындықта болуы қажет. 
• Сөйлеу нәтижесіне байсалды қараңыз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет