«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет188/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   196
Байланысты:
edu kk

Қабылдау психологиясы:
• Адамның оң жағынан пайда болатын объектілер ықтимал қауіпті, жау ретінде 
қабылданады.
• Сол жақтан – керісінше. «Сол жақта болу» ережесі адамдармен кез келген 
байланыста көмектеседі. 
• Адам пайда болатын орын үлкен мәнге ие. Кеңес кезіндегі саяси бюро мін-
детті түрде сол жақтан шығатын.
• «Жергілікті резервтерді» қолданыңыз, сол жақтан шығуға тырысыңыз. Қозға-
лыс сізге қарап тұрғандарға қатысты алғанда солдан оңға қарай болуы керек. 
Тақта, экран, президиум сіздің сол қолыңыздың тұсында болуы керек. 
• Көзбен байланыс – назарыңыз барлығын қамтуы керек. 
• Сахнада тұрып тұру қажет, егер іс-шара болса, онда сөйлейтіндер отырсын 
деп талап етеді, қозғалыспен бойыңызды кішірейтпеңіз. 
• Еңкеймеңіз, иілмеңіз. 
• Оң қолмен бақылаусыз қозғалыстар жасамаңыз. 
• Аудиториямен тығыз байланыс орнату. Дау тудыратын сәттерді болдырмай, 
әдеп ережесін сақтау. 
• Сахнада әрлі-берлі жүре отырып, барлық кеңістікті «қамтуға» тырысу керек. 
Бұл залдың «иесі» сіз екеніңізді бекіте түседі. 
• Бағыттау әдісін қолданыңыз: қолмен экранды немесе залды көрсетуге ұял-
маңыз. Аяқты дене тік болатындай қою керек.


239
• Әр қатысушымен көзбен байланыс ұстаңыз. Шешім қабылдайтындарға ғана 
қарамаңыз, сіз үшін барлығы бірдей болуы керек. Оң, сол және галеркадағы 
шеткі орындарға көбірек көңіл бөліңіз.
Вербальды бедел (имидж)
• Әңгіме мәнін білу;
• Әңгімелесушіге сыйластықпен қарау;
• Қисынды екпін, пауза мен ымды меңгеру шеберлігі;
• «Жанды сөйлеуді» (теңеу, бейнелеу, салыстыру) қолдану;
• Тілдік шаблондарды, жауыр болған сөздерді, паразит сөздерді айтпау;
• Сөзді драмаландыру техникасын қолдану: дауыс ырғағы мен темпті өзгерту;
• Адамға жағымды әсер етуді қолдану;
• Тілді шұбарлап, акцентпен сөйлеуді болдырмау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет