«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет190/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   196
Байланысты:
edu kk

Арнайы салық режимі
– салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіле-
нетін және салықтардың және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем-
ақының жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша 
салықтық есептілікті ұсынудың оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін 
бюджетпен есеп айырысулардың ерекше тәртiбi.
Ашық деректер
– бұл мемлекеттік органдардың және басқа да ақпарат иелерінің 
жалпыға қолжетімді, машиналық түрде оқылатын деректері бар алаң.
Ашық нормативтік-құқықтық актілер
(НҚА) – бұл әзірленіп жатқан заң жобаларын, 
мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобалары мен рұқсат құжаттарын 
талқылаудың бірыңғай алаңы.
Ашық бюджеттер
– портал негізінен азаматтардың мемлекеттегі «бюджет» ұғымы 
туралы түсінігін жеңілдету және бюджет қаражатын жұмсауды қоғамдық бақы-
лау арқылы белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға жәрдемдесу мақсатында 
құрылған.
Ашық диалог
– мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді кері байланыс 
жасауға арналған алаң.
Әкімшілік-басқару шығыстарына
әкімшілік-басқару персоналының негізгі жалақы-
сына және оған есептелген төлемдер мен сыйақыларға жұмсалатын шығыстар; 
іссапарлар мен көлікке жұмсалатын, кеңсе және пошта-телеграф шығыстары;
әкімшілік-шаруашылық ғимараттар мен орынжайларды ұстау құны, сондай-ақ 
ғимараттар мен құрал-саймандардың өтеліміне жұмсалатын шығыстар және 
басқадай әкімшілік-басқару шығыстары жатады. 
Бизнес-жоспар
– ұйымның өндірістік, сату және қаржылық қызметі туралы толық 
ақпараты бар іскерлік ұсыныстар мен жобалар ұсынудың формасы және өзінің 
экономикалық мүдделері мен әріптестерінің, инвесторлар, тұтынушылар, дел-
далдар және жобаның басқа қатысушылары мүдделері теңгеріміне негізделген 
ынтымақтастық перспективаларын, жағдайларын және нысандарын бағалауды 
қамтитын әлемдік шаруашылық тәжірибеде жалпы қабылданған бизнес-ұсы-
ныстар мен жобаларды ұсынудың нысаны. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет