54
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
- әлеуметтік мәртебе;
- тілектер;
- мүдделер;
- проблемалар;
- қиялдар;
- айналадағы адамдар;
- күнделікті кесте;
- энергия (физикалық қабілеттер);
- шектеулер (жеке, адамгершілік);
3.2. БИЗНЕС-ИДЕЯНЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН (ӨМІРШЕҢДІГІН) ТАЛДАУ.
SWOT-ТАЛДАУ
Ең алдымен, «Болашақ бизнесіңіз туралы айқын түсінігіңіз бар ма?» деген
сұраққа жауап іздеуіміз қажет. Ол үшін өз идеяларыңызды жақсылап жасақтап,
олардың әрқайсысын кезекпен зерттеп-зерделегеніңіз аса маңызды. Табысты биз-
нес-идея – табысты кәсіпорынның кепілі! (Сіздердің тараптарыңыздан сіздің ау-
данға лайықты деген 2-3 идея мысалын келтіріңіз).
Неге мұндай бизнесті жүзеге асыру керек?
Саланы таңдауда неғұрлым транзакциялық шығындар аз болса, соғұрлым жұ-
мыс істеу оңайырақ болады. Моншаға клиент жинау мен компьютер сатып алуға
клиент шақыруға кетететін шығындардың бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы
жоқ. Алайда бірінші жағдайда сіз 100 000 теңге, ал екіншісінде – 10 000 теңге та-
быс табасыз және уақыт пен ресурстарды 10 есе емес, одан аз жұмсайсыз.
Достарыңызбен бөлісу: