«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Бизнесте мынадай мақал бар



Pdf көрінісі
бет55/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   196
Байланысты:
edu kk

Бизнесте мынадай мақал бар:
Клиент болмаса — сатылым да болмайды, сатылым болмаса — бизнес те бол-
майды, клиенттерді тарту жүйесі болмаса – клиент те болмайды.
Неге бұлай болады? 
Бұның себептері көп, сәтсіздіктің негізгі 5 маңызды себептерін атап кетуге бо-
лады: 
1. Өнім мен көрсетілетін сервистік қызмет сапасының төмендігі
2. Тұтынушыларды тарту мен тұрақтандыру жүйесінің жоқтығы;
3. Өзінің мақсатты аудиториясының қажеттілігі мен мотивін түсінбеу;
4. Бәсекелестерден әртараптану мен нарықты жайғастырудың жоқтығы
5. Маркетингілік бюджетті пайдалану тиімділігіне бақылаудың жоқтығы
4Р – маркетинг кешені
Маркетинг кешені
дегеніміз – мақсатты на-
рыққа әсер ететін құралдар жиынтығы. Қазіргі 
заманғы оқу құралдарында маркетинг кешенін 
«төрт пи» (4Р) маркетинг кешені деп атайды. 
Әрине, әрбір маркетолог 4Р дегенді біледі, бірақ 
ол түсінік шыққалы бері 4Р жетілдіріліп дамыған 
болатын.


63
Бірінші Р-product – өнім деп аталады.
Оны біз тауар қасиеті деп айтамыз.
Екінші Р-price – баға деп аталады. 
Біз енді тек баға туралы әнгімелеп қоймай, 
өнімнің сапасына, құнына сәйкестігі туралы айтатын боламыз.
Үшінші Р – promotion – маркетингілік коммуникация. 
Маркетологтер және 
жарнамашылар әрқайсысы өзінше талдайды. Осының салдарынан оқулықтарда да 
солай жазылады. Маркетологтің көзқарасы бойынша маркетинг коммуникациясы 
4-ке бөлінеді: 
- жарнама; 
- өткізуді ынталандыру;
- паблик-рилейшенз (қоғаммен қарым-қатынас);
- мерчендайзинг.
Жарнама сұранысты қалыптастырумен айналысады және әлеуетті тұтынушымен 
жұмыс жасайды. Әлеуетті және белсенді тұтынушы дегенді кейінірек талқылай-
мыз. Өткізуді ынталандыру белсенді тұтынушылармен жұмыс жасап, сұраныстың 
ауқымын кеңейтумен айналысады. Олар әртүрлі конкурстар, сыйлықтар, жеңілдік-
тер және т.б. Демек аттың алдына арба қоюға болмайды – сұранысты қалыптас-
тырмай, өткізуді ынталандыруға болмайды, өйткені сатылатын заттың құндылығы 
анықталған жоқ. «Бізге келіңіздер, бізде арзан!» десек те, сатып алушылар келмей-
ді, өйткені сіз әлі ештеңе дәлелдеген жоқсыз, арзан деген сапасыз, нашар дегенді 
білдіруі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет