«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет58/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   196
Байланысты:
edu kk

Нарық сегменті
– алға қойылған ұсынысқа бірдей жауап қатуы мүмкін деп 
күтілетін шынайы немесе әлеуетті тұтынушылар тобы.
Сегментация
– тұтынушылардың қандай да бір тауарға/қызметке реакциясын 
зерттеп-білу және нарықтың мақсаттық сегменттерін таңдау мақсатында нарықты 
ұқсас сипаттамаларға ие сатып алушылар топтарына бөлу.
Сегментация әртүрлі болады: географиялық өңір – облыс, аудан, қала көлемі, 
тығыздық, демографиялық – жас, жыныс, отбасы мөлшері, отбасының өмірлік сүру 
циклы, айналысатын ісі, кіріс деңгейі, білімі, ұлты, наным-сенімі, тауарға қатысты 
сегментация – сатып алушылар топтарын олардың білімі, пайдаланушылар ретін-
дегі біліктілігі және олардың тауарға реакциялары негізінде топтарға бөлу, тұтыну 
стиліне қарай сегментация – алға жылжытылатын тауарға деген қажеттілікті өте 
жақсы болжауға мүмкіндік беретін байланысты тауарларды тұтыну туралы дерек-
тер негізінде сатып алушылар топтарын бөлу және/немесе промоакцияларға жау-
ап қату, нарықаралық сегментация –географиялық шекаралар шегінен тыс шыға-
тын көптеген сипаттамалары бойынша ұқсас тұтынушыларды анықтау.


66
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Сөйтіп географиялық сегментацияны жүргіздік делік. Әзірше бизнесіміз туған 
ауыл көлемінде дамымақшы. Сегментация мынадай деректер алуға мүмкіндік 
берді: 
1) әлеуетті өткізу нарығы – өніміңізді сатып ала алатын 2500 үй;
2) дүкендер мен универсамдар (ауылыңызда бар-жоғы 16 дүкен, олар бұрын-
нан 3 наубайханамен және қаладағы бір нан зауытымен бірлесіп жұмыс істеуде);
3) 4 балабақша (олардың бірі жекеменшік), олар да нанды дүкеннен немесе 
наубайханадан сатып алады, онда шамамен мектепке дейінгі жастағы 800 бала 
тәрбиеленеді және 50 шақты мекеме қызметкері бар;
4) 4 жалпы білім беретін мектеп, онда шамамен 2 200 оқушы білім алады;
5) күндізгі стационары бар 1 ауылдық аурухана (шамамен 70 адам);
6) 1 өрт сөндіру бөлімінің бөлімшесі (2 топта шамамен 20 адам);
7) «Қазпошта» АҚ 1 бөлімшесі;
8) 2 банк бөлімшесі (Халық Банк және КазкоммерцБанк);
9) 1 мәдениет үйі және іс-шаралар өткізілетін 1 зал (50 адам);
10) 2 әкімдік (ауылдық және аудандық) – 100 адам;
11) үйлену тойлары мен салтанатты шараларды өткізуге арналған 2 тойхана;
12) басқа да инфрақұрылым.
Қорытынды: мақсатты аудитория – нан-тоқаш өнімдерін әлеуетті тұтынушы 
10 000 адам.
4.3. НАРЫҚТАҒЫ ӨЗ ТАУАШАСЫН ТАБУ
Бизнес-сегментациядан кейінгі келесі қадам тауаша (орысша ниша, нарықтағы 
орны) жасақтау қажет. Тауаша бизнесті бәсекелестерден бөліп алып, осылайша та-
быс табуға және жеке мақсатты аудиторияға ие болуға көмектеседі.
Мысалы, сіз әлеуетті бәсекелестерден оқшаулану ретінде 5 позициясы бар 
өнімді таңдап алдыңыз делік: 
1) Үйде пісірілген нан, бидайдан, жоғары сұрыпты ұннан жасалған, салмағы – 
500 гр. (барлығында стандартты 350-400 гр.)
2) Ұнтақ себілген тоқаш, бидай, жоғары сұрыпты ұннан жасалған, салмағы ша-
мамен 70 гр. (барлығында 40 гр.) 
3) Үйде пісірілген бауырсақ, жоғары сұрыпты ұннан, іс-шараларға арнап тәтті 
етіп жасалған, салмағы шамамен 20-50 гр. (көпшілігінде тапсырысқа ғана бейім-
делген, күнделікті тәтті бауырсақтар жоқ)
4) Торттар мен бәліштер тапсырысқа арналған жоғары сұрыпты ұннан, салмағы 
1 кг басталады (басқа наубайханалар мұндай жасамайды) 
5) Өзбек/тәжік жұқпа нандары, жұқа қамырдан пісірілген лаваштар (басқа нау-
байханалар мұндай жасамайды).
Осылайша, пайдалы ауданарлық 5 позиция кей тұрғыдан ерекше болып табы-
лады және бәсекелестерде жоқ. Бәсекелестерден ерекшелейтін де осы.
Бұл ретте наубайхананың мынадай өлшемдерін негіздейсіз:
Қажетті көлемі: 25-60 ш. метр пайдалы аудан.


67
Оның ішінде:
1) әзірлеуге арналған үй-жай – жабдықтарды орналастыруға 25-40 ш. метр.
2) сақтау қоймасы – 15 ш. метр – дайын өнім сөрелерін орналастыру үшін (стел-
лаждық, бөлшектенетін вагоншалар)
3) шұңғылша (раковина) орнатылған дәретхана – 3-5 ш. метр
4) киім шешетін орын – киініп-шешінуге арналған 3-5 ш. метр орын
БАРЛЫҒЫ: ең аз талап етілетін аудан – 50 ш. м.
Жалға алу құны 50 мың теңге және оған коммуналдық қызметтер қосылады 
(30 мың теңге төңірегінде), 1 Квт/сағат құны – 19,48 теңге, сумен жабдықтау ор-
талықтандырылған, кәріз жүйесі – септик (2 шығыршық). Пешпен жылытылады 
(көмірдің бағасы) – 16 000 тг/т, жеткізу – 5000 тг. Жабдық – электрлі.
Жабдық, сонымен қатар бірегей артықшылығыңыз болып табылады, себебі кли-
енттеріңіз үшін көбірек, жиі әрі сапалырақ өнімді өндіруіңізге мүмкіндік береді.
5 бәсекелі ұстанымыңызды (позицияңызды) айқындап алғаннан кейін бәсеке-
лестерге қарағанда өнімді 5 есе жылдам пісіруге мүмкіндік беретін технологиялық 
жабдықтауға назар аударайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет