64
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН
ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Классикалық әдебиетте авторлар маркетинг үшін маңызды деп санайтын сан
түрлі сұрақтарды табасыз, бірақ аталмыш курс аясында тек қана тәжірибелік зат-
тар туралы ғана айтамыз.
• Қандай?
Сіздің бизнес қандай өнімді, жұмысты немесе қызметті сатады? Маркетин-
гіңіздің стратегиясы сіздің қолыңыздан бәрі де келеді дегенге негізделуі тиіс. Қан-
дай тауарды, жұмысты немесе қызметті сата алатыныңызды дұрыс түсіну үшін екі
нәрсе қажет:
Біріншісі, сіздің ұнататын дүниелеріңіз, дағдыларыңыз немесе тілек-ниетіңіз.
Бұрын
меңгерген белгілі бір хобби, қызықты кәсіп немесе дағдыңыз бар шығар
(дәмді тамақ
істеуді ұнатасыз, аяқ киім немесе үй техникасын жөндейсіз, т.б.).
Екіншісі, сату және бизнесті ашу үшін қалайда таңдап алған өнімге, жұмысқа
немесе қызметке сұраныс пен ұсынысты бағалау. Қанша адам тауарыңызды сатып
алады, қандай
бәсекелестеріңіз бар, өніміңіздің қандай артықшылықтары бар?
• Кімге?
Сіздің өніміңізді, жұмысыңыз немесе қызметіңізді кім сатып алады? Сіздің кли-
енттеріңіз жеке тұлғалар не басқа кәсіпорындар (тіпті мемлекеттік) болуы мүмкін.
Олар шағын мекенді немесе үлкен аумақты, болмаса күллі елді танытуы мүмкін.
Клиенттердің белгілі бір тобына ғана, не бәріне бірдей сатасыз ба? Кімге сататы-
ныңыз жайлы анық түсінігіңіз болғаны аса маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: