222
ойшылдардың лингвогносеологиялық ой-пікірлерін қысқаша шолып өтеді.
Олардың ішінде Аристотельдің, Ж.Руссо мен А.Мейердің пікірлеріне ерекше
тоқталады. Сондықтан Қ.Жұбановтың тіл жөніндегі зерттеулері –
лингвогносеологиялық
ақпараттарға толы деп айтуға негіздемелер баршылық.
Оның «Дүниеге көзқарас арқылы заттарға ат қою», «Микрокосмостық
кезең», «Функционалдық семантика», «Сөз өзгешелігі мен сөз қызметі» т.б.
ғылыми-танымдық мақалалары мен лекцияларында, түрлі конференциялар
мен басқосуларда жасаған баяндамаларында: а) қоршаған орта мен жеке
адамның тілдік танымы арасындағы байланыс; ә) ақпаратты қабылдау
қабілеті және оны еске сақтап, басқаға жеткізу; б) танылған заттар
(құбылыстар) мен сөздік қордың сәйкес болуы; в) жекелеген сөздердің өзіне
артатын ақпараттық-танымдық жүгі; г) сөздердің тіркесім тәртібіндегі
заңдылық; д) құндылық бағдары; е) таным теориясы т.б. когнитивтік
лингвистиканың түбегейлі, базалық ұғымдарымен сәйкес келетін, бүгінгі
күннің зерттеушісіне үлкен ой салатын өзекті мәселелер сөз болады. Осы
орайда Қ.Жұбанов: «
адам өзiнiң тipшiлiк таpтысында ұшырасып, пайдасын
я зиянын көpген нәpселеpдi ғана елеген, солаpды ғана бiлген
» дейді. Зат
танылғаннан кейін оған бір ат таңылады. Ат қою кезінде өмір шындығы мен
ақиқат болмыстың абстракциялану жолымен тілдік формаға айналып,
халықтың тұрмыс-тіршілігінен, еңбек тәжірибесінен, наным-сенімінен хабар
беретін белгілі бір сөз атаулары түрінде санаға бекиді. Бірақ осы тұста
Қ.Жұбановтың танымына сәйкес ескеретін бір жайт мынадай: «
Достарыңызбен бөлісу: