Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет136/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Халық әдебиеті – халықпен құрдас, бірге жасасып 
келе жатқан кәрі нәрсе. Оның жаңалығы жарытусыз, бұрынғының үстіне 
жаңа бояу жағу түрінде ғана болады. Жаңа шығармасы да сол ескі 
тамырға көктеп өседі. Мұның бәрі өмір ағысының тігісін сөгіп 
ыдыратқандай, халық өмірінде ұлы өзгеріс болмағанын көрсетеді. 
Сонымен, атам заманда пайда болып, бір кезде жаңа болған, бірақ 
бүгінде тозған бір нәрсені, көнерген сөзді халық әдебиеті қайталап немесе 
болмашы бояу жағып алып, сүйрете береді. Халық әдебиетінің 
сақталатыны да, оның таусылмайтыны да осыдан келеді
» (8, 264). 
Демек, тілдің танымдық, мұрагерлік қызметі негізінде сан ғасыр 
құпиясын бойына сақтаған этнотілдік деректерді сан ұрпаққа танытатын ана 
тіліміздің қорында мәңгілікке сақталатын сарқылмайтын қазына, «
адамзат 
тарихының қоймасы
» (Қ.Жұбанов) деуге болады.
Профессор Қ.Жұбановтың зерттеулерінде материалдық мәдениет 
атаулары 
рухани 
мәдениетпен 
қатар 
адамдардың 
тіршілік-
мұқтаждылықтарын өтейтіні атап көрсетілген. Себебі сол қоғамның 
этикалық, әлеуметтік, эстетикалық, символдық тәжірибесін көрсететін заттық 
атаулардың рухани өмірімен байланысы «материалдық мәдениет өнімдері 
рухани қажеттіліктерден туындайды» деген пікірді нақтылай түседі.
Рухани мәдениет лексикасының бір тармағы тіліміздегі өлімге 
байланысты салттарға қатысты атауларымен байланысты. Қазақ ұғымында 
қайғылы қазаны орынсыз жерде айта салу, жеңіл-желпі жеткізу – 
мәдениетсіздік пен көргенсіздіктің белгісі. Қаза туралы хабарды тумаларына 
сыпайы сөйлеп, тұспалдап айтып жеткізу дәстүрін 
естірту
дейді. Естіртуші 


217 
адам өмірден көргені бар, сөзге шешен, әрі ұстамды болу керек. Айтылатын 
ауыр жағдайды жұмбақтап, жұмсартып, шым-шымдап, адами ниетте 
жеткізеді.
Проф. Қ.Жұбанов бұл туралы: «
Өлгенді естіртушілер де қазақта осы 
әдісті қолданады. Оларда адам атадан бастап, неше түрлі жұрт білетін ірі 
өлім, аянышты өлімнің бәрін санап келіп, аяғында мақсатының бетін бір-ақ 
ашады. Онда да бір өлімнің бар екенін сезесің де, бірақ кім үшін айтылып 
отырғаны, кім өлгені белгісіз. Сол белгісіздіктің өзі тыншытпай, тыңдауға 
айдап салады. Бірақ бірқатарын тыңдамағаннан да зиян келмейді. Соңғы 
түйінін тыңдасаң, ұқсаң болады. Осыны тыңдауға, ұғуға алдыңғы 
қыстырма әңгімелердің өзі үлкен себеп болады. Ауыз әдебиет үлгісінде бұл – 
таптырмайтын әдіс
», – (8, 266) деп, тілді қолданудағы ұлттық сипатты тіл 
қызметінің имплицитті сипатын атап көрсетеді. 
Ұлттық ұжымдық тәжірибесі мен түсінігі сәйкес халықтық өлшем 
атауларының бүгінде жалпыхалықтық қолданыс аясы шектелгенімен, осы 
атаулардың мәні туралы проф. Қ.Жұбанов: «
Қатар тұрған екі ағаштың 
біреуін құлаштап өлшеп, бес құлаш екенін біліп, екіншісін қарыстап өлшеп, 
елу қарыс екенін біліп алып, онан кейін бұл екі санды қосып, екі ағаштың 
ұзындығы елу бес қарыс деуге де, елу бес құлаш деуге де болмайды. Өйткені 
мұндағы елу бес саны өлшеулерден пайда болған қосынды емес, әр түрлі 
өлшеуден құралған. Егер бұл екі ағаштың екеуі қосылғанда қандай ұзындық 
пайда қылатынын санмен көрсеткіңіз келсе, не қарыстап қана, не тек 
құлаштап қана өлшеп, не қарыстап өлшегенді құлашқа, болмаса құлаштап 
өлшегенді қарысқа айналдырған соң неше қарыс, неше құлаш екенін айтуға 
болады
», – деп көрсетіп, әр өлшемнің халық атаған атауында өзіндік 
ұзындықтың белгісі бар екеніне назар аударады. 
Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистиканың қалыптасуына, 
дамуына арналған еңбегінде зерттеуші Э.Оразалиева міндетті түрде 
Қ.Жұбановтың еңбегіне көптеген сілтемелер жасап, ғалымның ғылыми 
ізденістерінде когнитивтік лингвистикамен тікелей астасып жатқан құнды 
идеяларын дәйектеген. Ол Қ.Жұбановтың жалпы теориялық зерттеулерін екі 
арнада қарастыра келе, құрылымдық-типологиялық және антропоцентристік, 
этнолингвистикалық ізденістері деп жіктейді және екінші арнаға қатысты 
мынадай ой келтіреді: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет