Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Құдайберген мұғалімдердің де қамқоршысы еді



Pdf көрінісі
бет199/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Құдайберген мұғалімдердің де қамқоршысы еді 
 
Мен Құдайберген Жұбановпен қатармын. Бала жігіт кездерімізден 
бастап-ақ бірге жүріп, бірге тұрдық. Кейіннен Күйік қаласындағы (қазіргі 
Елек қаласы) екі кластық орыс училищесіне түсіп бірге оқыдық. Оқудан 
кейінгі жылдарда (1924-1934 жылдың аралығында) қызметімізбен 
байланысты жиі кездесіп те жүрдік. О сол кездерде ірі қызмет орындарында 
жүрсе де, уақыт тауып менімен хат арқылы хабарласып, елдегі оқу-ағарту 
жұмыстарын жиі сұрап, жетістіктерімізге қуанып, ақыл беріп, қажетті 
оқулықтар мен көрнекі қосымша құралдар жіберіп тұратын. 
1922 жылдары мен қазіргі Темір қаласында шығып тұратын «Кедей» 
атты уездік газетте қызмет атқардым. Бұл кезде осы «Кедей» газетінің 
редакторы белгілі журналист-жазушы Жиенғали Тілепбергенов болатын. 
Міне, осы кезеңдерде Құдайберген уездік ағарту бөлімінде инспектор болып 
қызмет істеген еді. Осы инспекторлық қызметте жүргенде Құдайберген 
редакцияға жиі келіп, газетімізде көтерілген кейбір келелі мәселелерге 
сүйсініп, мақтап айтып өзі де түрлі тақырыптардан біздің газетке мақалалар 
жазып тұратын. Ол әсіресе оқу-тәрбие жұмыстары тақырыбына көбірек 
жазатын. Сонымен бірге сол кездегі көкейтесті мәселелер: қазақ кедейлерінің 
тұрмысы, ауылдағы ескі діни ғұрыптар, әйел теңдігіне арналған түрлі әңгіме, 
өлең, пьесалар мен сықақтар жөнінде де газет бетіне материалдар жиі жазып 
отыратын. 
Мен редакцияда екі жыл істегеннен кейін мұғалімдік қызметке 
ауыстым. Ал Құдайберген Ақтөбедегі губерниялық оқу-ағарту жұмысына 
шақырылды. Әрине, бұл кездерде оның уақыты өте аз болатын. Әрі ғылыми-


361 
зерттеу жұмыстарын жазып, әрі оқу орындарында негізгі пәндерден сабақ 
беретін. Сөйте тұрса да ол ауыл мұғалімдерінің ақылшысы, қамқоршысы 
болды. Анда-санда елден барған біздермен сағына көрісіп, ауылдағы оқу-
ағарту жұмыстарын көп сұрап, ақыл-кеңес айтатын. Тіпті, кейбір 
сұрақтарымызға хат арқылы да кеңес беріп отыратын еді. 
Құдайберген кешкі тамақтан кейін кейде ашық қоңыр даусымен ән де 
салатын еді. Мені де өз баласындай көретін, ақ жарқын, ашық, байсалды 
анамыз Бибішынар Құдайберген екеумізге кешкі тамақтан кейін ән 
салды
рушы
еді. 
Бала жастан тел өскен Құдайберген ардақты азамат, қарапайым 
мұғалімдердің де қамқоршысы еді. 
 
X.Есенжанов 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет