Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Ағалардың ақ жолынан айнымай



Pdf көрінісі
бет222/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

 
Ағалардың ақ жолынан айнымай... 
Біздің ата қонысымыз Шалқар маңындағы Қошқаратаның құмы деседі. 
Бірақ мен ес білгелі үйіміз Ақтөбе қаласында, соған жақын Алға 
поселкесінде тұрған-ды. Құдайберген ағамен біздің әке-шешеміздің алғаш 
танысуы да сол Ақтөбеде тұрған кезімізде болса керек. Менің әкем Жанғазы 
Жолаев бұл жайында «Ауыл мұғалімінің ақылшысы» («Қазақстан мұғалімі». 
1957 жылғы 5 декабрь мақаласында былай деп жазған болатын: «...Менің 
Құдайбергенмен танысқаным – 1925 жыл. Өйткені сол жылы екеуміз де 
Ақтөбеде қызмет істедік, біраз уақыт бір пәтерде көршілес те болдық. Мен 
қаладағы № 6 қазақ бастауыш мектебінің меңгерушісі әрі мұғалімі едім. 
Құдайберген губерниялық оқу бөлімінде методика жөніндегі нұсқаушы 
болатын. 
Ол кезде Құдайбергеннің өз кітапханасындағы кітаптардың көбі 
педагогика, психология жөніндегі әдебиеттер болатын. Ол әсіресе 
психология туралы еңбектерді бас алмай оқитын. Күн сайын түнгі сағат 2-3-
ке дейін сарылып кітап оқып отыратын. Бір күні мен одан: «Құдайберген, сен 
осы психология жөніндегі кітаптарды көп оқисың ғой, ол не үшін қажет?» – 
дегенімде, ол: «Өзің адамдар арасында, оның ішінде жастар арасында қызмет 
істеп, оларға ілім, білім үйрететін болсаң, сүйте тұра психологияны, әсіресе 
балалардың психологиясын жете білмесең, қызметің не болмақшы? Ондай 
адам өз құралының тілін білмейтін ұста тәрізді», – деді. 
Кейін Құдайберген профессор болып ғылым жолында еңбек етіп, 
Алматыға басқа қызметке ауысқан соң да мен онымен хат арқылы 
байланысып тұрдым. Ол жай шаруашылық жөніндегі хаттарға көп аса жауап 
қайтара қоймайтын, ал ғылым, білім, тәрбие мәселесі жөніндегі сұрақ 


414 
хаттарға жауапты кідіртпей беретін. Мен Ақтөбе облысының Ключевой 
ауданындағы Алға поселкесінде жеті жылдық мектептің мұғалімі болып 
жүрген кезімде келген хаттың біреуі әлі күнге дейін сақтаулы. Хатта қазақ 
тілінің грамматикасы, терминологиясы жөніндегі менің сұрақтарыма егжей-
тегжейлі жауап берілген. Хат 1936 жылы жазылған, көлемі – дәптердің 19 
беті. 
Құдайберген өте кішіпейіл адам болатын, менменсу дегенді өмірінде 
біліп көрген жан емес. Өзі жұмыс басты болып жүріп, ол ауыл мектептерінің 
жайын әрдайым есінен шығармайтын. Көптеген мұғалімдермен хат жазысып, 
хабарласып, реті келсе, жүзбе-жүз сөйлесіп, көмек беретін. Құдайбергенді 
ертеден білетін, ағарту майданында қызметтес болған, қазір пенсияға шыққан 
Абдолла Беркінов (Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мектеп мұғалімі), Опа 
Алпанов сияқты қарт мұғалімдер де талай рет хат алып, хат жазып, одан да 
жұмысына көмек сұрап отыратын. 
Осындай қамқорлығы, кішіпейілдігіне бола Құдайбергенді мұғалімдер 
қатты ұнататын. 
Профессор Құдайберген Жұбановтың ғылым майданындағы, қоғам 
қайраткері ретіндегі алуан еңбектері жайында республикамыздың 
ғалымдары, әрине, көптеген мақалалар, ғылыми еңбектер, естеліктер жазды. 
Ал мен осы адамның ұстаздығы, жаны жайсаң тәрбиешілігі, үлкен семьяның 
қамқоршы бас иесі болғаны жайында есімде қалған кейбір кезеңдерді айтқым 
келеді. 
Құдайберген Қуанұлы Жұбановты 1928 жылдан бастап Ақтөбе 
қаласынан білемін. Құдайберген ағай біздікіне келіп әкеммен ұзақ 
әңгімелесетін. Менің жасырақ кезім, не айтқандары толық есімде жоқ, 
дегенмен жадымда қалғаны «мектеп», «оқу», «оқыту» деген сөздер. Москва, 
Ленинградқа кетіп бара жатса да немесе қайтқанда да біздікіне соқпай 
өтпейтін. Бірде (1930 ж.) ол кісі Ленинградтан қайтқан бетінде семьясымен 
біздікіне келді. Ағайдың үстінде қара костюм, галстук таққан, шашы бурыл, 
сымбатты. Раушан жеңгей аққұба, талдырмаш, үстінде әдемі тігілген 
желбіршекті күлгін крепдешин көйлек, аяғында байланатын ұзын қонышты 
бәтеңке. Қастарында үйелмелі-сүйелмелі екі бала – Мүслима мен Ақырап, 
киімдері бірдей – матроска. Бәрі де жарасып тұр. Сол кезде олар менің көзіме 
басқа ешкімге де ұқсамайтын ерекше жандар болып көрінді. 
1934 жылдың күзі, Алматыға ҚазПИ-ге оқуға келдім. Қасымда жолдас 
қызым бар, документтерімді алып институттың Совет көшесіндегі оқу 
корпусына келдік. Дәлізбен жүріп келеміз. Қарсы алдымызда бір адам бізге 
қарап жымиып күліп келеді. Жақындай бере: «Сәлематсыңдар ма? Жәмила, 
әке-шешең аман ба?» – деді. Мен де тани кеттім: Құдайберген ағай екен. 
Менің не істеп жүргенімді, қайда тоқтағанымды сұрады. «Заттарыңды ал да, 
үйге кел, біздікінде тұрып оқы, өйтпесең жеңгең ренжиді», – деді де, адресін 
берді. Мен ертеңіне заттарымды алып институттың оқытушы-профессорлары 
тұратын корпусындағы ағайлардікіне келдім. Жеңгей де қуанып қалды. Ағай 
менің физика-математика факультетіне түскім келетінін қоштамады. Ағай: 


415 
«Рахмет-ақ математик болсын, сен тіл-әдебиет факультетіне түс, қазақ тілінің 
ашылмаған, анықталмаған жақтары көп. Жақсы оқысаң ғалым боласың», – 
деді. Мен, әрине, ол кезде «ғалым» дегеннің кім екенін, не істейтінін білгенім 
жоқ, бірақ ағайдың ұсынысына қарсылық жасамадым, сол факультетке түсіп 
оқи бердім.
Осы тұста ағайым Рахметтің (кейін Қазақ ССР Ғылым академиясының 
корреспондент-мүшесі) бір айтқаны есіме түседі. Ташкенттегі Ирригация 
институтында (САИТИ) оқып жүрген кезі жолы түсіп бір себептермен 
Алматыға келеді. Жұбановты тауып алып сәлемдеседі.
Профессор тіл білімі туралы бұрын-соңды естімеген көптеген қызықты 
әңгімелерді майын тамызып айтып береді. Ағайым айтатын: «Мен тіпті оқып 
жүрген институтымды тастап, ҚазПИ-ге ауысып, тілмен айналысқым келіп 
кетті», – деп. 
«Көңіл сыйса, орын табылады» деген рас екен, кіш
кене
-кішкене үш 
бөлмеде он шақты адам тұрдық. Оның үстіне бұл кісілердің үйіне күнбе-күн 
жазушылар, институттың оқытушылары, студенттері келіп тұрады. Басқа 
қалаларда оқып жүрген студент, аспиранттар да жазғы, қысқы демалыс 
кездерінде келіп-кетіп тұрады. Мысалы, доценттер Баталов, М.Жолдыбаев, 
жазушы Ғ.Мүсірепов, аспиранттар I.Кеңесбаев, М.Балақаев, М.Қаратаев, 
X.Есенжанов, студенттер Т.Бисенов, Ғ.Мұсабаев, К.Жаманбаевтар жиі 
келетін. Ағай да, жеңгей де кім келсе де қабақ шытпай, қошаметпен қарсы 
алатын. 
Осы адамдардың қай-қайсысы да сол кезде профессор Жұбановтан 
білім, тәрбие, ақыл-кеңес алғаны сөзсіз. Қазір бұлардың көпшілігі 
республикамызда ғылымның, әдебиет, мәдениеттің көрнекті қайраткерлері. 
«Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді» дегендей, Құдайберген 
Қуанұлы сөйлескен адамның білім дәрежесі өзінен көп төмен болса да, оны 
жақсылап тыңдап, ойын еркін айтуға мүмкіндік беретін еді. 
1936 жылдың жазында Құдайберген мен Бейімбет Майлин 
семьяларымен Каменское платода екі киіз үй тігіп, жұмыс істеп жатты. 
Бейімбет «Аманкелді» пьесасын жазып бітіріп, Құдайберген қазақ тілі 
грамматикасының фонетика бөлімін аяқтап қалған. 
Біз ағайдың қызы Мүслимамен жазғы демалысқа ауылға барып қайтып, 
Каменское платоға келсек, Бейімбет пьесасын ағайға оқып отыр екен. Мені 
Бейімбетке таныстырып: 
–Студент, тәуір оқиды, тыңдап, пікір айтсын, – демесі бар ма? 
Жазушы жалғастырып оқи берді. Бір актісін бітірген соң, Құдайберген: 
–Қане, Жәмила, не айтасың? – деді. Маған айту қайда, ұялып жөнді 
тыңдай да алмай отырғанмын. Менің қысылғанымды сезіп, далаға шығып, 
ойнауымызға рұқсат етті. Қазір ойласам, бұл жас қыранды аңға салған 
сияқты, ұстаздың баулып, тәрбиелегені екен ғой... қайран ұстаз! 
Құдайберген Қуанұлы бізге «Тіл біліміне кіріспе», «Қазақ тілінің 
ғылыми грамматикасы» курстарынан лекция оқыды. Тілдің коғамдық-


416 
әлеуметтік мәнін, өз алдына ғылым екенін, оны зерттеудің теріс және дұрыс 
әдістерін біз алғаш Жұбановтан естіп білдік. 
Жоғарыда аталған курстардан жазылған материалдар, оқулықтар 
болмады. Сондықтан лекторға да, студенттерге де көп қиындықтар кездесті. 
Біздерді орыс лингвистерінің еңбектерімен таныстырып, оларды оқуды, 
қалай пайдалануды үйретті. 
Профессор қазақ тілінің кейбір құбылыстарын, категорияларын 
түсіндіргенде, 
басқа 
түркі 
тілдерімен 
салыстырып, 
ұқсастығына, 
айырмашылығына көңіл бөлді. Тіпті өзіміз оқып жүрген неміс тілінен де 
мысалдар келтіріп, салыстыратын. Бұл біздің тіл білімі туралы түсінігіміздің 
тар шеңберде қалып қоймай, терең, жан-жақты болуына әсерін тигізді. 
Лекцияларында студенттердің қолдарымен жасалған кейбір кесте, 
схемаларды қолданумен қатар, бор мен тақтаны көп пайдаланатын. Лекцияға 
өзі де беріліп, бізді де қызықтырып, баурап алатын. Кейде киімдерінің де бор 
болып қалғанын байқамайтын. 
Профессор ақырын сөйлеуші еді. Қызықтырып, көрнектілікпен 
түсіндірудің арқасында аудиторияда әр уақытта тыныштық орнап, лектордың 
сөзін жақсы естіп, конспектілеп отыратынбыз. 
Лекцияның үзілісі кездерінде студенттер профессор Жұбановты 
қоршап алып, сұрақ жаудыратын. Тек сабақ бойынша ғана емес, басқа да 
ғылым салаларынан, өнерден, оқыған кітап мақалаларынан да сұрақ беретін. 
Оларға ренжімей, ерінбей жауап қайыратын. Оқытушылар демалатын 
бөлмеге жетпей-ақ, жарым жолдан лекцияға қайтып оралатын кездері аз 
болмайтын. 
Студенттердің әр нәрсеге қызығып сұрақ қойғандарын, кітап 
оқығандарын қатты бағалайтын. Өзінің үйіндегі кітаптарын да шәкірттеріне 
оқуға беріп тұратын еді. 
Ұстазымыз студенттерді төменгі курстардың өзінен бастап-ақ тілге 
байланысты кейбір анықтау, талдау жасау сияқты жұмыстарға тартты. 
Мысалы: өзінің мектепке арналған «Морфология» кітабы жарық көргеннен 
кейін біздің курстағы бірнеше студентке тапсырма берді. Біріншіден, «Қазақ 
тілі грамматикасы. Бірінші бөлім. Жалпы морфология» аталатын оқулық 
жөнінде елге барғанда пән оқытушыларының пікірін білу; екіншіден, VII 
класс оқушыларынан жазба жұмыс алып, сауаттылығын байқау, әсіресе 
термин сөздерді жазуларына, жаңадан енген «ф», «х» әріптерін 
пайдалануларына талдау жасау. Мысалы, Ә.Ахметов Талдықорған мектебіне, 
Ә.Әбішев, Қ.Жаманбаев Қызылорда мектебіне, мен Ақтөбе мектебіне 
бөліндік. Кейін өз байқағандарымызды жазып әкеліп профессорға 
тапсырдық. 
Жоғарыда айтылғандай, қамқорлық профессор Жұбановтың білімге 
құштар жастарға деген ерекше сүйіспеншілігінен, ілтипатынан болса керек. 
Қ.Жұбанов комсомол жиналыстарына да жиі қатынасып, кейбір 
мәселелерді шешуде ақыл-кеңес беріп отырды. Комсомолдардың бір 
жиналысында (1935 ж. болу керек) комсомол комитетінің оқу секторы 


417 
үздіктер мен екпінділердің тізімін оқығанда, біреулер ана студент, мына 
студент байдың баласы (соның ішінде Сүлеймен Жүсіпбеков бар), оларды 
өткізбеу керек, сызу керек деп өңештейді. Жұбанов өз сөзінде жақсы оқудың 
үлкен еңбекпен келетінін, олайша қараудың теріс екенін, студенттің еңбегін 
дұрыс бағалау қажеттігін айтып, даурықпаларды тоқтатты. 
Профессор 
Жұбанов 
өзінің 
адамгершілік 
сипаттарымен, 
білімдарлығымен оқытушы профессорлар арасында да, студенттер 
қауымының арасында да зор беделге ие болды. 
Құдайберген ағай үйінде де қызметтегі сыпайы қалпынанөзгермейтін. 
Үй-іші, бала-шағаға да жайлы болды. Ашу шақырып, жанжал шығарған емес. 
Жұмыстан бас ала алмай жүрсе де, балаларына көңіл бөлуге уақыт 
табатын.Мектепте оқып жүрген балаларының сабақтарынара-тұра болса да 
тексереді. Мүслиманыңжазған өлеңдерін, Ақыраптың салған суреттерін 
көріп тәуір жағын, кемшіліктерін көрсетеді. Балаларымен, жұбайы 
Раушанмен кинотеатрға барып тұратын. Сол жылдары театрда жүріп жатқан 
«Шұғаның белгісі», «Түнгісарын», «Айман-Шолпанға» барғанымыз әлі 
есімде. 
Інісі Ахметтікіне барғанда пианиноға ойнатып, Ахаңныңқоңыр 
дауысымен сызылта әндерін тыңдайтынбыз. Кейде бәріміз де қосылып 
кететінбіз. 
Ой, заман, шіркін-ай десеңші! 
Көңілдерін қалдырмай, сонша жақын болғандықтан да, балалары 
папасын өте жақсы көретін. Папасы зекіп, нұқымаса да, барлық балалары да 
тәртіпті, жақсы болып өсті. Ол ата-анасының жеке бастарының үлгі-
өнегелерінен де ғой деп ойлаймын. 
Сол ел басына түскен ауыр күндерде ҚазПИ-ден талай профессор, 
оқытушы, тіпті студенттер де қамалды. Қ.Жұбановты да ұстап алып кетті. 
Көптеген студенттер комсомол қатарынан шығарылды. Мені де «халық 
жауы» Қ. Жұбановтың үйінде тұрған» деп комсомол қатарынан шығарды. 
Ол заманда жаның аши тұрса да, біреуге-біреу көмекке келу, қол үшін 
беру деген мүмкін емес. «Қараланған» адамның күйесі нахақтан тағы біреуге 
«жұға» салады. ҚазПИ-де Құдайберген ағаның артына мықтап түскен 
адамдар да болды... Олар Қ.Жұбановтың өзін ғана емес, оның шәкірттері мен 
пікірлестерін де «халық жауы» деп қаралады. Осындай «қараланған», 
Құдайберген «ұлым» деп атайтын сүйікті шәкірті Хамза Есенжанов, ағаның 
«інісі» аталатын Мұхаметжан Қаратаев ұсталып кетті. Өзін Құдайберген 
ағаның тұңғыш баласындай сезінетін Мәулен Балақаев (ол Қ.Жұбанов 
ұсталатын ең соңғы күнге дейін жанында бірге жүрген) көп әуре-сарсаңмен, 
әйтеуір аман қалды. Ал ағаның «зерек шәкірті» саналатын Ғ. Мұсабаев пен 
әдебиетші Қалижан Бекхожиндердің сол тұста кандай күйге түскендерінен 
көп хабарым жоқ. Бірақ «Профессор» атты мақаланың авторы Ғали Орманов 
біраз таяқ жеді. 
Мен өз басым «төбеге ұрған танадай» болып, аяқ жолдан адасуға сәл 
қалдым. Бұрын періштедей көретін қайран ағамыз «жау» болып шықты, 


418 
жақын жүретін құрбы-құрдас маңайымнан безіп кетті, ешкіммен сырласуға, 
сөйлесуге болмайды. Не істерімді білмей, дал болдым да қалдым. 
«Ерді кебенек ішінде таны!» дегендей, сол бір үрей мен болмашы 
үміттің алмағайып заманында өзінің адамшылық арын, сабырын жоғалтпай, 
«ақтың отын ақымақ үріп өшірмесіне» сенімі берік азаматтар да болады екен. 
Соның бірі маған да кезікті. Ол – менің болашақ жар-жолдасым, алты 
баламның әкесі Дәмен Дінасылов еді. Менен бір-екі курс жоғары оқитын 
Дәмен осы Алматы облысының Кеген-Нарынқол жағынан келген екі беті сәл 
қызыл шырайланып тұратын, сұңғақ бойлы, қасы-көзі қиылған, сұлу жігіт 
болатын. Әдемі тенор даусы бар, екеуміз үйірмеде «Қыз Жібек пен 
Төлегеннің» арияларын айтып жүретінбіз. Мен қатты жабығып, «енді 
қайттім?» деген халге келіп жүргенде, Дәмен маған ақыл айтты: 
–Сен өзіңді былай аздыра берме, әлі кімнің кім екені танылып, 
қараланған адамдардың «ақ-қарасы» ашылады. Сенің жеке басыңда еш 
жазық жоқ. Алар жазаңды алдың, енді бұдан әрі жасыма! – деп жұбатты. Бұл 
сөздер маған үлкен демеу болды, өзімді өзім қолға алып, институтты «үздік» 
бітірушілердің бірі болдым. Біз үйлендік. Мен № 12 мектепке мұғалім болып 
орналастым. Дәмен партиялық жұмыстарда болды. Мен кейін келе 
жолдасымнан «заман жағдайын» сұрайтынмын. Менің түсінбейтінім: 
осыншама білімдар, инабатты «елім-халқым» деп жүрген аға секілді 
адамдардың бәрі «жау» болғанда, біздің «досымыз» кім? – деп ойлайтынмын. 
Дәмен маған ашып айта алмаса да, көп мәселеде түсінік беретін. Сондай бір 
екеу-ара кеңестің бірінде ол адамгершілік, парасат жайын дәлелдеп, мынадай 
бір мысал айтты: –Өзін аға тұтқан Құдакең тек жай ғылым иесі, профессор 
ғана емес, үлкен адамшылықтың, қазақ айтатын «бір аттығы артық» 
азаматшылықтың да биік тұғырында тұрған жан еді. Бірде, шамасы 1935 не 
1936 жыл болуы керек, студенттер арасында: «Бізге мұғалімдікке Ахмет 
Байтұрсынов келетін болыпты, ол кісіні «Құдайдың» (ағаны кейбір жастар 
осылай атайтын) өзі шақырыпты деген сыбыс тарап кетті. Сол – сол-ақ екен, 
ҚазПИ-дің сол кездегі директоры Сақаев, партия ұйымының секретары 
Дүйменов бізді шақырып алып: ешбір желігу, топ болып қарсы алу деген 
болмасын! Байтұрсыновқа қошемет көрсеткен адам оқудан шығады! – деп 
ескертті. Біз жым-жылас болдық... Содан межелі күні Федерация паркіндегі 
музей үйінде орналасқан «Ұлт мәдениеті институтының» директоры 
Алманов жолдас: «Ахаң бізден шығып, ҚазПИ-ге кетті» деп телефон 
соғыпты деген хабар алдық. Студенттер бөлмелеріне «сыймай», әр жерден 
қылтиып-қылтиып қарап жүр. Бір кезде етженді, шляпа киген, көзіне пенсне 
салған, қолына таяқ ұстаған, әсіресе бізге таңсық көрінгені – галстугының 
қыстырғышы бар келбетті адам парктің ішіндегі аллеямен жүріп отырып, 
қазіргі Совет көшесінің арғы бетіне, ҚазПИ-дің қарсы алдына келді. Біз тырп 
етпедік! Тек ақ бурыл шашты профессор Құдайберген Жұбанов қана тез 
басып, келе жатқан адамның алдынан шығып, көшенің арғы бетіне өтіп 
қарсы алды. Олар сыпайы амандасты. Содан соң Құдекең құрметті қонағын 
қолтықтаған күйі институтқа алып кіріп, дәлізді бойлай жүріп отырып, «оқу 


419 
бөлімінің» әкімшілігіне қарай кетті. Біздер аудиториямызға тығылып қала 
бердік...
–Кейін естідік, – деді Дәмен маған, сол сапарда Құдекең 
А.Байтұрсыновты өз кафедрасына қызметке шақырыпты, бірақ институт 
басшылығы бұған қарсы болыпты. Міне, қазақ тілін ғылыми пән етуді мақсат 
тұтқан бұл екі адамның бір-біріне деген ілтипаты осындай болған. Олардың 
идеялық бағыт-бағдары да, ғылымға көзқарасы да, творчестволық ой-санасы 
да сәйкесе бермейтін, біреуі – «ескінің соңы», екіншісі – «жаңа сипатты» 
алғыр ғалым болатын. Сонда да бұлар адамшылық жолынан таймаған, біріне-
бірі сенген, бірін-бірі «кебенек ішінде» таныған адамдар еді...
Дәменнің айтуынша, осы жағдайдан кейін тағы біраз оқиғалар болса 
керек. Институт директоры Сақаев пен парторг Дүйменовке коллективтің 
наразылығы күшейіп кетіпті. Көп арызды тексеруге ҚКП Орталық 
Комитетінің тарапынан А.Ф.Тевосян басқарған арнаулы комиссия шығыпты. 
Тексерудің қорытындылары Орталық Комитеттің бюросында қаралады. Істің 
мән-жайын бюроға баяндаған Анна Федоровна Тевосян – Алматыдағы 
Жоғары партия мектебінің директоры, Левон Исаевич Мирзоянның зайыбы 
екен. Сондықтан ба, әлде басқа себебі бар ма, Л.И.Мирзоян жолдас жай 
қатысып отырыпты да, бюро мәжілісін республика Халық Комиссарлары 
Советінің председателі Ораз Исаев жолдас басқарыпты. Білетіндердің 
айтуынша, Анна Федоровна елімізде Ауыр өнеркәсіп министрі болған атақты 
Тевосянныңқарындасы, оқымысты, адал партия қызметкері болса керек. Ол 
ҚазПИ-дегі шын жағдайларды ашып айтып болған соң, О.Исаев жолдас ең 
әуелі республика Халық ағарту комиссары, ел ішінде «Темір нарком» атанған 
Темір Жүргеновке түйіліп, Қазақстандағы «Қара шаңырақ» оқу орнына 
Сақаев секілді «кездейсоқ» адам қалайша директор болған? деген сауал 
қойып, қатал сын айтыпты. Одан кейін Орталық Комитеттің идеология 
жөніндегі секретары Ілияс Қабылов жолдасқа қарап: «Мен мына Дүйменов 
деген «қуды» білемін, бұл Қазақстанның оңтүстік өңірін бүлдіріп келген 
алаяқ. Ондай адамға ҚазПИ түгіл, басқа орынның партия ұйымын да сеніп 
тапсыруға болмайды! – деген үзілді-кесілді тұжырым жасапты. Бұл 
жайттардың бәрінің нағыз ортасында болып, Сақаев-Дүйменовтерге қарсы 
батыл күрескен (Дәменмен бірге оқыған) Мұратбаев деген жігіт екен. Сол 
күндерде ол институт комсомол ұйымының бірінші секретары болғандықтан, 
жоғарыда айтылған бюро-мәжілісіне бірге шақырылса керек. Ұлы Отан 
соғысы жылдарында Мұратбаев қан майданда қаза табады... 
Басы қазақ тіл білімінің екі майталманы арасындағықарым-қатынастан 
басталған «өткен өмір белестерінің» еске түскен бірері осылар. 
Біз Дәмен екеуміз де ұзақ жыл ұстаздық етіп, өзімізді сағалап келген 
біраз жетім балалардың, ағайын-туыстардың оқып, білім алуына әліміз 
келгенше септігімізді тигіздік. Мүмкін, біздің бұл ісіміз де «ағалардың ақ 
жолынан аумау» үшін жасаған талпынысымыз болар. Қазір мен 70-ке келдім, 
пенсияға шығар алдындағы соңғы қызметім қаладағы алғаш ашылған қазақ 
мектеп-интернаттарының бірінің директорлығы болды. Ал Дәмен ҚазПИ-дің 


420 
партия тарихы кафедрасының доценті бола жүріп, құрметті демалысқа 
шықты. Қазір ол 74 жаста. 
Құдайберген аға жайлы естелігімді Раушан жеңгем туралы бір-екі ауыз 
сөзбен аяқтамақпын. 
Ерлері ұсталып кеткен әйелдердің кейбіреулері сондай сергелдең кезде 
басы қатып, балаларын сақтай алмай да қалды. «Қайраты бар кісінің, ләззаты 
бар ісінің» демекші, Раушан жеңгей тез есін жинап, балаларымен елге көшіп 
кетті. Екі білекті сыбанып колхозда еңбек етті, бала-шағасын асырады, 
оқытты. Тұлпардың тұяғының сынығындай Құдайберген Жұбановтың 
балаларын сақтап қалды. Мың да, бір рахмет сізге, Раушан жеңгей!
Алматыға көшіп келіп, қайнысы академик Ахмет Жұбановтың 
селбеуімен балаларын әрі қарай оқытып, мамандыққа баулыды. Қазір 
олардың әрқайсысы ортан қолдай қызметкер – Мүслима, Есет, Асқар – 
ғылым кандидаттары. Әке жолын қуып кейбір балалары ғылыммен 
айналысты. Әрине, оқымысты әкелері тірі болғанда, олар бұдан да зор 
табысқа ие болар ма еді, кім білген?! 
Мен осындай тату-тәтті семьяда, өз балаларының қатарында аз да 
болса тәрбиеленгеніме, профессор Жұбанов сияқты абзал ұстаздан білім 
алғаныма өзімді бақыттымын деп санаймын. Тек ұстазымның сенімін ақтай 
алмадым, ғылым жолына түспедім, өйткені институтты «өте жақсы» деген 
бағамен бітіргенмен, сол кездегі жалпы жағдайға, сенімсіздікке байланысты 
аспирантураға қабылданбадым. Бірақ ұстазымның жарқын бейнесі есімде 
мәңгі сақталады. Шындық жеңді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет