Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Жалпы осы шақ (жазып жатырмын)



Pdf көрінісі
бет58/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Жалпы осы шақ (жазып жатырмын)
.Істің нақ осы кезде істеліп 
жатқан болуы да немесе көптен бері созылып келе жатқан іс болып үздік-
создық жүріп жатқан іс болуы да мүмкін, осыны жалпы түрде айтсақ, 
етістік жалпы осы шақта болады; 
2) 
Кәдімгі осы шақ (жазып жүрмін).
Ұзаққа созылған, үздік-создық 
істеліп келе жатқан істің жайын айту керек болса, кәдімгі осы шақпен 
айтамыз;
3) 
Қазіргі осы шақ (жазып отырмын)
.Істеуші дәл осы кезде іс үстінде 
екендігін көрсету үшін қазіргі осы шақ қолданылады;


111 
4) 
Әзіргі осы шақ (жазып тұрмын).
Дәл осы кезде болып жатқан және 
өзі сол қалпын жоймаған істі көрсеткіміз келсе, әзіргі осы шақпен айтамыз
» 
(8, 388).
Ғалым осы шақ түрлеріне байланысты қазіргі грамматикаларда 
ауыспалы осы шақ
деп аталатын түрін «дағдылы осы шақ» деп атап, нақ осы 
шақты «дәл осы шақ» деген атаумен береді. Сонымен қатар 
дәл осы шақ
құрамын төрт қалып етістігінің негізгі етістікке тіркесуіне қарай олардың 
мағыналарын негізге алып, кіші топтарға бөліп жібереді. Яғни автордың 
пікірінше, 
жатыр 
етістігі өзі тіркескен етістікке осы уақытта болып жатқан 
жалпы іс-әрекетті білдірсе, ал
жүржатыр
-ға қарағанда нақтылау, 
отыр 
етістігі аталған екі етістіктен де дәл қазіргі болып жатқан іс-әрекетті 
білдіреді, ал 
тұр
тап қазір болып жатқан іс-әрекетті білдіреді. Ғалымның бұл 
жіктемесінен қалып етістіктерінің мағыналық реңктерін терең тани 
алғандығын көреміз. Сондай-ақ Қ.Жұбановтың келер шақ түрлеріне 
байланысты 
кесімді
және 
тілекті келер шақ
түрлері де басқа 
грамматикаларда айтылмайды. Және де өткен шақты тоғыз түрге бөліп 
қарастыруы да – ғалымның тілдік мағыналарды жете меңгергендігінің 
айғағы. Шақтың ішкі мағыналық топтары көбейген сайын тілдік 
құралдардың функционалдық, жұмсалымдық ерекшеліктерін аша түсуге 
болады. Тілдік (грамматикалық) категорияларда парадигмалық қатардың көп 
болуы тілдегі функционалдылық құбылысынан туындайды (49, 128).
Қ.Жұбанов еңбектеріндегі шақ категориясы туралы ойлар бойынша 
О.Жұбаева былай деп тұжырым жасаған: «Қ.Жұбанов – қазақ тіл білімінде 
шақ категориясы туралы танымның қалыптасып, дамуына елеулі үлес қосқан 
ғалымдардың бірі. Ғалым өз тарапынан шақ мәнін аша алатындай жаңа 
атаулар ұсынумен қатар шақ категориясының түрлі қырын, реңкін дөп басып, 
анықтай білген. Ғалымның шақ категориясы туралы танымы етістіктің қыр-
сырына үңіле түсіп, ерекшеліктерін байқауға, қалыптасқан қағидаларды түрлі 
қырынан зерделеуге мүмкіндік берері сөзсіз» (50, 120). 
Академик Р.Сыздық өз мақаласында: «Қазақ тіліндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет