122
жерде тіл философиясы мәселесіне барудан аулақпыз. Дегенмен адамзат
баласының «тіл» атты қасиеті әрбір ұлттың бойында, дүниетанымында
өзімен бірге өмір сүретінін ешкім де жоққа шығара алмайды. Осы тұста
ғалымның сөйлеудің, яғни синтаксистік құбылыстардың статикалық тілдік
құбылыс болып қана қоймай, тілді қолданушының қажетіне жарайтын
«жанды» құбылыс екендігін айқындаған ойын
мына пікірлерінен аңғаруға
болады: «
Сөйлеу – хабар беру, коллективтік көрініс. Бұған ең азы екі адам
қатысуы керек
». Ғалымның сөйлеуге (синтаксиске) қатысты қай тұжырымын
алсақ та, қазіргі тіл білімінде енді зерттеліп келе жатқан салалардың
«ұштығы» жатқандығы аңғарылады. Мысалы, жоғарыдағы пікірден сөйлеу
актісі (речевой акт) концепциясының нышанын аңғаруға болады. Ғалымның
қазақ тіл білімінің енді ғана қолға алынып жатқан шағында жазған
еңбектерінің өзінде де қалам тартқан тақырыбының қыр-сырын терең
түсінгендігін оның тілдік құбылыстарға берген атаулары мен терминдерінен
көруге болады. Мысалы, ғалым « ...
сөз айтылған жерде сөйлесу болады, ал
одағайларды айтқанда бір жақты сөйлеу бар да, екі жақты сөйлесу жоқ
»
дей отырып,
сөйлеу
мен
сөйлесу
терминдері арқылы диалогтық (екі жақты),
монологтық (бір жақты) сөйлеуді дәл анықтағаны тәнті етеді.
Профессор Қ.Жұбановтың грамматикаға, әсіресе синтаксиске қатысты
еңбектерін оқи отырып, кез келген зерттеуші өзінің зерттеу объектісіне
қатысты маңызды тұжырымдар таба алады деген тұжырымға келеміз. Оны
нақтылау үшін тағы да ғалымның өзін сөйлетейік: «
Сөйлеу деген – біреудің
екінші біреуге хабар беруі. Сөйлеушінің тыңдаушыға беретін хабары өзіне әр
түрлі әсер ететін болады. Өзінің бір жақын не дос адамының өлгенін
хабарлап тұрса, бұл хабар сөйлеушінің өзіне қайғы туғызады. Өзінің бір
жолдасының бір ірі табысын сөз қылып тұрса, бұл хабар сөйлеушінің өзіне
қуаныш, шаттық енгізеді. ... Сөйлеуші бірдеменің жайын хабарлай тұрып,
сонымен бірге, сол хабары өз басына қандай әсер ететінін де –
қайғыратынын, қуанатынын, опындыратынын, т.т. да, көбінесе қоса
білдіреді. Өйткені сөйлеуші тас емес, тірі адам, сезімі бар, жүрегі бар адам.
Сондықтан оған дүниедегі болып жатқан әр түрлі құбылыстар әртүрлі
әсер етпей қоймайды. Біріне қуанады, біріне салқын қанмен қарайды
».
Үзіндіні ұзақ келтіріп отырған себебіміз: бір мәселені қозғаған келелі ой,
үйлесімді жалғастық тапқан ой үзуге келмейді. Бұл – бір. Екіншіден, үзіндіде
сөйлеу, сөйлеуші мен тыңдаушы, иллокутивтік акт, модалдік мағына
сияқты
мәселелер
тізбектеле, бір-бірімен ғылыми сабақтастықта берілген. Демек,
Қ.Жұбанов сөйлеуді (синтаксисті) тек таза тілдік құбылыс ретінде
қарастырмай, оны ойлаумен, сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы
иллокутивті қатынас, психологиялық құбылыс ретінде зерделегендігін
байқаймыз. Шынында да, бұл тілдік, сондай-ақ экстралингвистикалық
құбылыстар қазіргі кезде тығыз байланыста қарастырылып жатыр десек,
коммуникативтік
лингвистиканың
бұл
проблемаларының
ғылыми
сипатталуының бастаулары профессор Қ.Жұбанов еңбектерінде жатқандығы
дәлелдеуді қажет етпейтін шындық екендігін айдан анық.
123
Қ.Жұбанов еңбектерін оқыған сайын қазіргі кезде ғана зерттеу нысаны
болып отырған лингвистикамен ұштас ғылым салаларының «исі аңқып
тұрады». Ғалым сөз бен ойды байланыстыра отырып: «
нендей ойымды
бiлдipсем де, бәpi де өзiмнiң бiлгенiмдi бiлдipу болып шықты. Ой деген
адамның, өзi жайлы, болмаса, төңipектегiлеp жайлы бiлгенi. Сөз деген – сол
бiлген нәpселеpiнiң аты.
Сондықтан адам, заттар мен құбылыстаp жайында бiлгенiн(ойын)
бiлдipгiсi келсе, сол заттаp менен құбылыстаpдың аттаpын (сөздеpдi)
айтып бiлдipедi – ойды сөзбен бiлдipедi
», – дейді. Ғалымның бұл пікірінің
астарынан
лингвистикалық
бірлік
саналатын
сөздіңтуындауына
психологиялық, танымдық «ой» ұғымын байланыстырумен қатар, ойды тіл
арқылы көрінетін білімдер жүйесі ретінде түсінгендігін аңғаруға болады.
Профессор Қ.Жұбанов сөз тіркесі синтаксисін егжей-тегжейлі зерттей
отырып, оны
сөз қиыны
деп атайды: «
Сөйлемде бір сөз болмай, бірнеше сөз
болса, бұл сөздер бір-бірімен қиындасып тұруы керек. Қиынын келтірмей
құрастырған сөйлем сөз болмай, басқа бірдеңе болып шығады
». Ғалым сөз
тіркесі болу үшін төмендегі екі шарттың орындалуы керек екендігін айтады:
«...
Алдымен, әр сөзді орны-орнына дұрыс қою керек: тиісті орны ауысып
кетсе де қиыны келмейді.
Екінші, оның үстіне, бір сөзді екінші сөзге байлап беретін жалғаулар
бар, соны дұрыс жалғау керек; тиісті жалғауы жалғанбай қалса да, я теріс
жалғанса да, сөздің қиыны келмейді
». Осы сілтемені оқи отырып, тағы да
таңданбасқа шарамыз қалмайды. Өйткені ғалымның, қазіргі терминдермен
айтсақ, сөз тіркестерінің аналитикалық, синтетикалық және аналитика-
синтетикалық жолмен байланысуын сол кездің өзінде-ақ түсінікті сөзбен
таратып айтып бергеніне ешкім де шүбә келтіре алмас. Екіншіден,
қазіргі
қоғамда өзекті болып отырған қазақ тілін игерудің тәжірибесінде кез келген
адамға (қандай кәсіп иесі болмасын, ия қандай жаста болсын) синтаксис
сияқты күрделі ұғымды қарапайым тілмен түсіндіріп бергендігіне куә
боламыз және бұл қазақ тілі оқулықтарына үлгі боларлық деп санаймыз.
Ғалымның сөз тіркесіне байланысты пікірінің құндылығы – сөздердің
өзара
байланысуында
жарыспалы
(параллельное)
және
тізбекті
(последовательное) амалдарын ашып көрсетуінде. Сонымен бірге сөйлем
мүшелерінің бірінші, екінші, үшінші және т.б. қатарда кездесетіндігі жайлы
пікірлерінің мәні зор. Сөйлем ішіндегі сөздердің біразы бір-бірімен тікелей
тіркессе, енді біреулерінің баспалдақтап тіркесу мүмкіндігін де атап өтеді
(61, 27-32). Осылайша сөздердің тіркесімділік қасиеті мен қабілетін
«жіліктеп» көрсеткен ғалымнан кейін сөз тіркесі синтаксисі саласы туралы
сөз айтудың өзі қиын, әрине, ғалымның пікірін басшылыққа ала отырып, оған
қосыламыз деуден арыға аса алмаспыз.
Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың өмірі мен шығармашылығын терең
зерттеген К.Кенжебаев пен Ә.Оралбай ғалымның
сөз тіркесі синтаксисі
жайлы концепцияларына төмендегіше баға беріледі: «Қазақ тіліндегі сөйлем
құрылысының арғы-бергі тарихына терең шолу жасай отырып, түркі
124
тілдерінің бағзы дәуірлеріндегі сөз тіркесі тәртібінің қазіргіге қарағанда
басқаша болғандығы дәлелді де бұлтартпас, логикалы, бұрын ешкім айтпаған
жаңа тұжырым жасайды» (5).
Қазіргі қазақ тіл білімінде сөз тіркесі синтаксисі саласындағы
бағыныңқы
және
басыңқы
сөз деген бізге етене таныс. Бұл терминдерді
Қ.Жұбанов
жетек сөз
және
жетекші сөз
деп атайды. «
Cөйлем iшiнде сөздеp
бipiн-бipi еpте де, бipiне-бipi еpе де байланысады. Еpушi сөздi
Достарыңызбен бөлісу: