сөйлем мүшесі деймiз ».
Профессор Қ.Жұбанов сөйлем мүшелерінің ретін баяндауыштан
бастайды. Біздіңше, бұған қазақ тілінің сөйлем құралу жүйесіндегі ерекшелік
негіз болған сияқты. Өйткені сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдауда
баяндауыштан бастаймыз және сөйлемге баяндауыш негізгі ұйытқы болады
ғой. Сондықтан ғалым баяндауыш пен бастауышқа: «
Сөйлем мүшелеpiнiң iшiнде бipеудiң, не бipдеменiң не қылғанын, я не болғанын баяндап тұpатын бip мүше болады. Оны баяндауыш деймiз », «...
сөйлемнiң кiмнiң, я ненiң жайынан сөйленгендiгiн көpсететiн мүшесiн бас мүше, немесе, қысқаpтып, бастауыш деймiз », – деген анықтама береді. Бұл анықтаманы тұрлаулы
мүшелерге берілген ең құнды, алғашқы ғылыми тұжырым ретінде
қабылдауымыз заңдылық.
Профессор Қ.Жұбанов баяндауыштың сөйлемнің соңында келетінін
айта отырып, бұл позицияда кездеспейтін жерлерін де нақтылап көрсетеді.
Сонымен қатар ғалым бүкіл сөйлем мүшелерінің де орын-орнын айқындап
берген.
Профессор Қ.Жұбановтың ғылыми ойларында өзіндік қуат, дара ойлау
байқалады. Ғалым еңбектерінде сөйлем мүшелерін қазіргіден өзгеше
жіктеуді аңғарамыз. Ол бастауыш пен бастауышты «негізгі мүшелер» деп
атап, оларды «айқынырақ аңғарту» үшін қолданылатын сөйлем мүшесін
айқындауыш дейді. Яғни сөйлемнің іргесі саналатын бастауыш пен
баяндауыш «
сөйлем болмайтынды сөйлем болдыру үшін керек » болса, ал
айқындауыш «...
сөйлем болмай тұрған сөздерді сөйлем болдыру үшін емес, сөйлем болып тұрған сөз тіркестерінің үстіне жамалып, бастауыш пен баяндауыштың мағыналарын бұрынғыдан гөрі ашығырақ, айқынырақ аңғарту үшін керек », – деген түсінік береді. Ғалым сөйлем мүшелерін
жіктеуде «
сөйлем мүшелерінің мағынасына қарай таптастырғанын » ашып
айтады. Ал айқындауыштың өзі іштей «
жалғаусыз, тура күйде тұрып-ақ айқындауыш болғандарын анықтауыш »; «
жалғау не жалғауыштың күшімен басқа бір сөзге жетектеліп, соны айқындап тұрған болса, ондайларын толықтауыш » деп ажыратып көрсетеді. Ғалымның әрбір сөйлемі, яғни әрбір
ойы қазіргі кезде бір-бір диссертацияның жүгін арқалаған десек, артық
бағалағандық та, әсіре мақтағандық та бола қоймас деп есептейміз.
Профессор Қ.Жұбанов сөйлемді құрамына қарай
жалаң және
жайылма сөйлем деп жіктейді: «
Hегiзгi мүшелеp ғана (бастауышы мен баяндауышы ғана) баp да, айқындауыш мүшелеpi жоқ сөйлемдi