Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет69/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

жалаң сөйлем
 деймiз.


126 
Айқындауыш мүшелеpi де баp болса, сөйлем – 
жайылма сөйлем
 
болады
».
Сонымен қатар қазіргі қазақ тіл біліміндегі 
толымды
және 
толымсыз
сөйлемдерге профессор Қ.Жұбанов: «
Hегiзгi мүшелеpi түгел (бастауышы да, 
баяндауышы да баp) сөйлемдi 
толық сөйлем
 деймiз.
Hегiзгi мүшелеpiнiң (бастауышы мен баяндауышының) не бipеуi, не 
екеуi де жоқ болса, сөйлем 
олқы сөйлем
атанады
», – деп анықтама береді. 
Ғалым қолданған терминдердің біразы қазіргі қолданыста болғанымен
жасыратыны жоқ, кейбіреулері басқаша аталады. Бірақ бұл – Қ.Жұбановтың 
қазақ грамматикасындағы ойларының бұрыстығын немесе «шикілігін» 
білдірмейтіндігі ақиқат. 
Дүниедегі қай нәрсенің де түп-төркіні, шығу тегі болады десек, «тіл 
халықтың пайда болған дәуірінен бастап онымен бірге өмір сүріп, ұлттың 
өмір сүруінің бір белгісі болып келе жатыр» деген пікірлерді жиі естиміз. 
Алайда оның түп-төркінін табу, тарихына тереңдеу – қиынның қиыны. Ал 
профессор Қ.Жұбанов осы қиындықтан қорықпастан, синтаксистік тарихына, 
яғни сөйлем мүшелерінің тарихына диахрондық талдау жасайды. Ғалым бұл 
туралы жазба деректер жоқтығын, болса да жетімсіздігін алға тартып, бұл 
құбылысты жазудың кейінгі дәуірде шыққандығымен байланыстырады. Бірақ 
ғалым «
осы күнгі тілдің өз тарихы тарихтан көп хабар беретіндігін
» 
айтады. Ғалым тілдің лексикалық қабаты ала-құла өзгерсе, грамматикалық 
деңгейдің «
мейлінше шабан
» өзгеретінін айтып, бұл құбылысты «
тілдің 
тұрақты қатынас құралы болуының орнықты шарты
» деп атайды. 
Сөзіміз дәлелдірек болу үшін К.Кенжебаев пен Ә.Оралбайдың пікірін 
келтіре кету артықтық етпес: «Автор қазақ сөйлемінің қалың иірімдеріне 
бойлай біледі. Қазақ сөйлеміндегі сөздердің қалыпты орын тәртібі болуымен 
бірге, дағдыдан тыс та сөздердің орналасатынына зор мән береді. Бұл ретте 
зерттеушінің тарихи салыстырмалы методты басшылыққа алғандығы 
әжептәуір 
көмектескендігін 
айтқан 
жөн. 
Құдекең 
аса 
көрнекті 
оқымыстылардың теориялық қағидаларын жете білумен және көптеген 
тілдерді практикалық жағынан еркін меңгерген қабілетімен өзінің әр пікіріне 
оқырманын еріксіз сендіріп отырады. Автор қазақ тіліндегі сөздердің орын 
тәртібін синхрондық тұрғыдан ғана қарастырып қоймай, диахрондық әдіспен 
зерттейді» (5). 
Осымен байланысты Қ.Жұбанов сөздердің жалғау және жалғауыш 
арқылы байланысу амалдарын атайды. Ғалым бұрынғы замандарда сөйлем 
мүшелерінің байланысы сөздердің ілгері, кейін келу тәртібіне ғана 
негізделген, яғни аналитикалық тәсіл басым болған; жалғау, жалғауыштар 
кейін пайда болған, «
сөздерді қосымшалар арқылы ұстастыру – 
синтаксистік байланыстың жаңа амалы. Біздің қазіргі сөйлеу тілімізде осы 
екі амалдың екеуі де бар
» дейді. Шынында, қазіргі тілімізде сөздердің 
синтаксистік байланысуында осы екі тәсіл де айрықша орын алады. 
Зерттеуші А.Омарова кандидаттық диссертациясында Қ.Жұбанов 
«Көмекші және күрделі етістіктер жөніндегі ескертпелер» атты мақаласында 


127 
қазақ тіліндегі етістіктің төмендегідей негізгі проблемаларын: 1) 
синтетикалық тілдер қатарына жатқызылып жүрген қазақ тілінің 
құрылымдық жүйесінде аналитизм элементтерінің де кездесетіндігін; 2) 
кейбір негізгі етістіктердің күрделі етістік құрамында көмекшілік қызметке 
ауысып, лексикалық мағыналарынан біл жол айырылатындығын көрсеткенін 
айтады (53, 21). 
Проф. Қ.Жұбанов синтаксис тарихына барғанда «
Бұрын бастауыш 
баяндауыштан соң болған; анықтауыш анықталғыштан кейін келген. Оның 
мәнісі былай: осы күнгі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет