Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет62/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Сөзжасам 
 
Қ.Жұбанов қазақ тіл білімінің морфология саласы бойынша ғана емес, 
сөзжасам саласының қалыптасуына да зор үлесін қосты. Ғалымның 
қосымшаларға, күрделі сөздерге, біріккен сөздерге, қос сөздерге, қысқарған 
сөздерге қатысты ойлары жаңа сала ретінде морфологиядан бөлініп, жаңа 
отау тіккен сөзжасам саласына да тікелей қатысты еді. Ғалым сөзжасамды 
сол кездері жеке сала ретінде атамағанмен, жаңа сөздік құрамды байытушы 
сөзжасамдық жұрнақтарды, сондай-ақ сөзжасамның аналитикалық тәсілі 
болып табылатын қосарлану, бірігу арқылы жаңа сөздердің жасалатындығын 
айтып кеткен. Сөз тудырушы жұрнақтар тұрғысынан бір ғасырға жуық уақыт 
морфологияның құрамында ғана бой көрсетіп жүрген сөзжасам саласы қазақ 
тіл білімінің бүгінгі дамып-қалыптасу сатысында әжептеуір нәтижелерге қол 
жеткізді. 1989 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» 
атты ғылыми еңбектің жарық көруі бұл саланың тіл білімінің дербес саласы 
ретінде қалыптасуына игі ықпалын тигізді. Бұл еңбектің авторлары – 
Н.Оралбаева, 
А.Қалыбаева, 
Қ.Есенов, 
М.Балақаев, 
Е.Жанпейісов, 
С.Нұрханов т.б. ғалымдар қазақ тілінің сөздік құрамының сөзжасамдық 
тәсілдер арқылы дамып-қалыптасатындығын, сөзжасам жүйесінің тіл 
байытудағы рөлі мен қызметін саралап көрсетті (56).
Сөзжасамның кейбір мәселелері алғаш қазақ тіл білімінде 30-жылдары 
Қ.Жұбанов еңбектерінде зерттеу нысаны болды. Сол кездің өзінде-ақ ғалым 
жұрнақтарды тарихи-салыстырмалы тұрғыдан зерттеп, этимологиялық 
талдаулар жасаған. Жұрнақтардың сөзжасамдық қызметіне қатысты мынадай 
тұжырымды пікір айтқан: «
Большинство аффиксов, встречающихся в 
терминах, сохраняется и в казахском употреблении, но не будет выделяться 
органической частью основы
» (8), – деген сөздерінен Қ.Жұбановтың кейбір 
қосымшалардың екіжақты қызметін танығандығын көреміз. Бұл жерде ғалым 
қолданыстағы грамматикалық формалардың жекелеген түбір сөздер жасау 
мүмкіндігі барын айтып отыр. Бұған қоса ғалым кейбір қосымшалардың 
сөзжасамдық тәсілдер арқылы түбір құрамына сіңіп, ажыратуға келмейтін 
дәрежеге жеткендігін тарихи тұрғыдан ашып көрсетеді. 
Сөзжасам қосымшаларының ең өнімдісі 
-шы/-ші
жұрнағы екендігі 
белгілі. Қ.Жұбанов бұл жұрнақ туралы: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет