жылдарындағы шет елдермен араласуға тыйым салынғаннан кейін және
көпестерді пайда табудың көзі – сыртқы саудадан айырған соң ақша-тауар
қатынастарының жапон деревнясына ағылуы басталды. Бұл ағылыс
натуралдық шаруашылықты тез ыдыратты. Дайме, самурайлар, шаруалар
көбірек сауда өсімқор капиталының ықпалына түсіп қалып отырды.
Капиталистік өнеркәсіптің алғашқы түрлері – үйдегі өнеркәсіп пен
мануфактура өмірге келді. Мұндай өнеркәсіп алдымен мақта иіру саласында
орын алды. Аудандар матаның түр-түріне маманданды: бір аудан тек жібек
матамен айналысса, енді бір аудан жәй ғана мата тоқумен шұғылданды.
Саудагерлер бұл өнеркәсіптерді бірте-бірте өз қол астына бағындыра берді.
Тапсырысты да солар беріп отырды. Капиталистік кооперациялар мен
орталықтандырылған мануфактуралар елдің өнеркәсібінде елеулі рөл атқара
қойған жоқ. Мұндай өнеркәсіп сакэ жасау ісінде, тоқыма өндірісінде бірлі-
жарымды ғана орын алды. Үкіметтік және әулеттік мануфактуралар металл
өңдеу,
фарфор–фаянс
өндірісінде
кеңірек
орын
алды.
Ондай
мануфактураларда жергілікті шаруалармен қатар жан-жақтан қашқан
шаруалар да істеді. Сөйтіп, жапон деревнясына тауар–ақша қатынасының
енуі, капиталистік өндірістің алғашқы түрлерінің тууы, шаруалардың мүлік
жағынан жікке бөлінуі, қалалардың өсуі, айырбастың жетілуі елде үстемдік
еткен натуралдық шаруашылықты ыдырата бастады.
Достарыңызбен бөлісу: