Симабара қаласындағы көтерілісті басты. Бұл көтеріліске қатысушылардың
көпшілігі христиан дініндегі самурайлар мен қала тұрғындары болғандықтан
оны «Христиан көтерілісі» деп те атады. 1633, 1636, 1639 жж. үш
жарлығымен үшінші сегун Иэмицу өлім жазасын қолдана отырып
жапондықтардың өз елінен кетуіне, алысқа жүзе алатын үлкен кемелер
жасауына тыйым салды. Елге шетелдіктердің келуіне де тыйым салынды. Тек
қытайлықтар мен голландықтарға рұқсат етілді. Дэсима аралындағы
Нагасаки қаласында өткізіліп тұратын жәрмеңкеге Қытай, голланд сауда
кемелерінің келуіне болатын еді. ХVІ ғасырда жапондықтар тек Корея,
Қытай, Сиам, Филипинмен ғана емес, Еуропа елдерімен де байланыс жасап
тұрды. Мысалы, 1582-1590 жж. Римде Кюсю аралында христиан
князьдықтарының елшілігі болды. 1587 ж. ең бірінші рет христиан дінін
насихаттауға тежеу салынды, бірақ еуропалықтармен қатынас үзілген жоқ.
Кезінде Хидэеси еуропалықтардың кемелері мен қаруын Кореяға жорығында
пайдалануға тырысқан еді. Токугава Иэясу да сол саясатты ұстанды. Ол
ағылшындар мен голландықтарға кеңшілік білдіре отырып, оларды
испандықтар мен португалдықтарға қарсы айдап салып отырды. Токугава
Иэясу 1610 ж. Мексикаға, 1613 ж. Еуропаға елшіліктер жіберді. Бірақ оның
билігінің соңына қарай және баласы басшылыққа келген соң
еуропалықтардың Жапониядағы істеріне үзілді-кесілді шек қойылды. Бұл
Жапонияның басқа елдермен қатынасын жасанды түрде үзіп тастау 2,5 ғасыр
бойы сақталды. Мұндай шаралар феодалдық құрылысты тұрақтандыру
мақсатын көздеді. ХV—ХVІ ғғ. сыртқы сауданың дамуы теңіз
порттарындағы пысық қала тұрғындарының баюына мүмкіндік жасады.
Мұндай бай қала тұрғындарының қатары көбейе түсті. Күшейіп алған қала
буржуазиясы феодалдық құрылысқа қауіп төндірді. Сондықтан да
Жапонияның жаңа үкімет басшылары сыртқы саудаға тыйым салып, бұл
күшейіп келе жатқан сауда буржуазиясына соққы беруге тырысты. Тек
голланд және Қытай саудагерлеріне ғана Жапонияға келіп-кетіп тұруға
рұқсат етілді. Шет елдермен сауда, одан түсетін табыс үкімет пен оның
өкілдерінің пайдасына түсіп отырды. Бұл шара саудагерлердің де, оңтүстік
феодалдарының да баю көзіне үлкен зиян келтірді. Сонымен қатар жапон
феодалдарына өз билігін Қытай мен Кореяны бағындырып алған манчжурлар
тарапынан зор қауіп төнді.
Дегенмен елді басқа әлемнен бөліп тастаудың басты себебі елдің ішкі
жағдайына байланысты болды. Елде шаруалар көтерілісі кең өріс алды. Ол
көтерілістер христиан дінінің туы астында өткізілді. Сондықтан христиан
дінін уағыздау жапон феодалдарына ерекше қауіп төндірді. 1630 ж. Еуропа
кітаптарын әкелуге тыйым салынды. Христиан діні туралы мағлұматтары бар
қытай кітаптарын әкелуге де шек қойылды.
Достарыңызбен бөлісу: