десе, сикхтер барлық адамдарды құдай алдында тең деп, тозақтан құтылу да
бәріне бірдей деп жариялады. Алғашқы сикхтер шыдамдылыққа, үкіметке,
қоғамдық тәртіпке қарсы күш көрсетпеуге шақырды. Акбар олардың гуруына
сыйлыққа Пенджабтан жер берді. Ол жерде сектанттар Амритсар деген өз
қаласын тұрғызып, оны «Алтын храммен» безендірді.
XVI ғасырдың бірінші жартысында Солтүстік Үндістанның қарапайым
мұсылман халықтарының арасында антифеодалдық, сектанттық
махдистер
қозғалысы кеңінен тарады. Махди құтқарушы, жерде әділеттілік патшалығын
орнатушы деп қарастырылды. Махдистердің
негізгі орталықтары Агра
маңындағы Биан ауданы болды. Махдистер басшысы шейх Абдулла Ниази өз
насихатын қарапайым халыққа, қолөнершілерге, су, отын тасушыларға
арнады. Сектанттар саны 3 мың адамға жетті. Олар жергілікті үкімет билігін
күшпен басып алып, феодалдарға өз нұсқауларын берді (барлық мал-мүлікті
ортақ ету жөнінде). Махдистер арасында құткарушы құдай өкілі келгенше
шыдамдылық көрсетіп, күте тұруға, күш қолданудан аулақ болуға шақырған
бағыт та болды. Бұл бағытты тек бақуатты
қала тұрғындары ғана емес,
сондай-ақ ұсақ мұсылман діни феодалдар да қолдады. 1548-1549 жж. махдис-
сектанттар талқандалды.
ХVІ ғасырдың ортасында
рошаниттер
қозғалысы қалыптасып, ол 70
жылдай уақыт үкіметтің мазасын алды. Рошанит сектасының негізін
феодалданған ауған ақсүектері мен Моғол империясының қанауына қарсы
шыққан Баязид Ансари (1524–1585) қалады.
Ансари өз жақтастарының
арасында Пир-и-Рошан – әлем ақсақалы, қариясы деп аталып кетті. Бұл
қозғалыс Инд өзенінің оң жағалауындағы ауған жерлерін, Сүлеймен
қырқаларының солтүстігіндегі облыстарды да қамтып отырды.
Рошаниттер қозғалысының махдистер мен сикхтер қозғалысынан
айырмашылығы – оның қоғамның ең артта қалған тобының,
қауымдық
қоғамнан феодалдық қоғамға жаңадан аяқ басқан қауым арасында
қалыптасуы болды. Бұл сектаның мүшелері байлардың мал-мүлкін ортаға
салуға, артықшылықтарды жоюға шақырды. Рошаниттер қозғалысы тек
әлеуметтік теңдік үшін емес, сондай-ақ ауғандықтар тәуелсіздігі үшін де
күресті, (яғни моғолдар билігінен құтылу үшін). 1585–1600 жж. Акбар
рошаниттерге
қарсы әскер жіберіп, Инд пен Кабул арасындағы таулы
өткелдерді басып алды, бірақ бірнеше ауыр жеңілістерге де ұшырады.
Акбар өлгеннен кейін рошаниттер қайтадан бас көтерді. Кейіннен ХҮІІ
ғ. басында рошаниттерді Баязид Ансаридің немересі Ахдад (1611–1626)
басқарды. Моғолдар империясы рошаниттер қозғалысын басып-жаныштауға
қарақшы әскерлерін жіберді. ХҮІІ ғ. 30-жж. рошаниттер басшысыз қалып,
азайып кетті. Рошаниттер қозғалысы тек ХVІІ ғасырдың ортасына таман
ғана біржолата талқандалды.
Достарыңызбен бөлісу: