«Ахмет Байтұрсынов » атындағы Еуразиялық білім және ғылым дамыту
қоғамдық қорының ұйымдастыруымен
жалпы орта білім беретін
мектептердің оқушыларына арналған « Абай » пәндік ІІІ Республикалық
олимпиадасының
ЕРЕЖЕСІ
Келесі пәндер бойынша:
1-11 сынып үшін Математика; Физика; Химия; Информатика;
Қазақстан тарихы; Дүниежүзі тарихы; Биология; География; Қазақ тілі;
Орыс тілі; Ағылшын тілі; Қазақ әдебиеті; Орыс әдебиеті.
1-4 сынып үшін Математика; Қазақ тілі; Дүниетану; Ағылшын тілі;
Орыс тілі;
Қатысушылар: 1-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері (1-2 курс)
Қатысушы сұраныстарын қабылдау мерзімі: 10.10 –10.11.2022 жыл
(1кезең)
Қорытынды уақыты: нәтижесі сіздің жауаптарыңыз келгеннен кейін 7 жұмыс
күні ішінде шығарылады. Әр кезең сайын оқушыларға ДИПЛОМ
табысталады және дайындаған ұстазға МАРАПАТ қағазы беріледі(комиссия
мүшелерінің шешемімен)
Жалпы ереже
Ереже олимпиаданың мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру мен
өткізу тәртібін, оның ұйымдастыру-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз
етілуін, олимпиаданың қатысушыларын, жауаптыларын қамтиды.
«Абай»
пәндік олимпиадаларының басты мақсаты оқушылардың
арасында білімді, білікті, дарынды оқушыларды анықтау, олардың
білім шыңына ұмтылысын ынталандыру, қолдау білдіру. Болашақ
ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту
мен еліміздің өркендеуіне үлес қосар ұрпақтың білімін жетілдірудегі
сұранысын қанағаттандыру.
«Абай»
пәндік олимпиадасы осы жылы 1-11
сыныптар аралығында
баланың белгілі бір пәндер бойынша
дарындылығын анықтау
мақсатында өткізіледі.
«Абай»
пәндік олимпиадасы 3 кезеңнен тұрады.
І кезең – аудандық/қалалық
ІІ кезең – облыстық
ІІІ кезең – Республикалық
(әр кезеңнен шекті ұпай жинаған оқушы
келесі кезеңге автоматты
түрде өтеді)
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:
Оқушылардың шығармашылық қабілетін
шыңдау және ғылыми
ізденіске құлшыныстарын арттыру;
Ойлау мен талдау жасау қабілетін арттыру;
Оқушыларды жеке жұмыс жасауға үйрету;
Қатысушылардың өз білім деңгейі мен қабілетін альтернативті түрде
бағалауға мүмкіншілік;
Қазақстан Республикасында ақпараттық
технологиялар саласындағы
білім беделін көтеру.
Байқауға қатысуға қойылатын талаптар:
Байқауға ерікті түрде қатысуға ниет білдіру;
Олимпиаданың
ережесімен толық танысу;
Олимпиадаға қатысуы туралы
сұраныс жіберу;
Байқауға қатысу ақылы.
Жарнасы 1 пәнге – 1000 теңге (1 қатысушы қалауы бойынша 3
пәнге қатыса алады)
Олимпиаданың өту ережесі:
«Абай»
пәндік олимпиада оқушыларға 25 сұрақтан тұратын тест
түрінде
тапсырылады. Орындауға 60 минут беріледі.
Өткізілу уақыты:
Әр аймақтың әдіскері жауапты
Сұранысты төменде көрсетілген эл.пошталарға жіберу қажет.
Әр мекеме , аудан , қала мектептері бойынша сұранысты жауапты әдіскер
kogamdyk_kor_kz@mail.ru
эл.поштасына төмендегі үлгіде жіберу
сұралады.
Ескерту: жеке тұлғаның сұранысы қабылданбайды!Сұранысты
мекемеден жауапты әдіскері,дарын жетекшісі немесе үйлестіруші
жетекшісі жинақтап жіберу керек.
Толық ақпарат алу үшін : 8 707 791 90 90 Лаура Кайратовна!
Эл.пошта : kogamdyk_kor_kz@mail.ru
№
Аты- жөні Облыс,қала,мектебі
Сыныбы
Пәні
Мұғалімі
1