дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін
сипаттама;
4)
жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ
тақырыптар бойынша және белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, оқу жылы, білім беру
деңгейі) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі;
5)
жиынтық жұмыс – оқудың белгілі бір кезеңінде (тоқсан, оқу жылы,
білім беру деңгейі) және оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ
тақырыптарының пән бойынша оқу жетістігі деңгейін анықтауға арналған
оқушылардың жұмысы;
6)
критериалды бағалау –
белгіленген
критерийлер
негізінде
оқушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін
нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі;
7)
критериалды бағалау бойынша электрондық журнал – жиынтық
бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және
тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеу мен балды
бағаға айналдыруды жүзеге асыратын электрондық құжат;
8)
қалыптастырушы бағалау – оқуды дер кезінде түзетуге мүмкіндік
беретін, оқушымен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу
үдерісі барысында жүргізілетін бағалаудың түрі;
9)
модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін
қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау
бойынша оқушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс;
10)
ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын
анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық
өзара байланыстағы жүйесі;
11)
оқу бағдарламасының ортақ тақырыбы – нақты пән бойынша оқу
мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін
құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент;
12)
оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы
аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін
нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым;
13)