21 State and Law “Young Scientist”
. #5.2 (109.2)
. March 2016
ілдік береді» делінген [2]. Осының көрінісі ретінде жоғарғы
білім беру саласында мемлекеттік қаржыландырудың мөл-
шері көбейтіліп отыратының айтып кету керек. Мысалы,
2014 жылдың 29 мамырында Мәскеу ұлттық технологи-
ялық университеті Қызылорда қаласында қабылдау емти-
хандарын жүргізіп, 153 бітіруші түлектер бюджет негізінде
111 бітіруші бюджет емес негізінде оқуға қабылдады. Со-
нымен қатар, Санкт-Петербургтің мемлекеттік табиғи по-
лимерлер технологиялық университеті қабылдау емтихан-
дарын өткізді, соның аясында 137 қатысушылардың ішінен
41бітіруші мемлекеттік грантқа ие болды. Еліміздің басқа
ЖООрындарында керекті мамандықтар бойынша Қызы-
лорда облысы акімінің 300 гранты берілді [3].
Сонымен, «Мәңгілік ел» идеясы біздің мемлекеттің
озық, кушті мемлекет болуына кепілдік береді. Әлемдік
қауымдастықта бейбітшілік сүйгіш, мейірімді көрші бо-
луға тырысатын мемлекет ретінде тәуелсіз Қазақстанның
зор болашағы бар, үлкен потенциалы бар деп айтуға бо-
лады.
Қорытындылай келе, өз сөзімді Елбасының 2014
жылғы 17 қантарындағы Қазақстан халқына жолдаған
Жолдауындағы айтқан сөзімен аяқтағым келіп отыр.
«Біздер, қазақстандықтар — бір халықпыз!
Мәңгілік Ел — ата-бабаларымыздың сан мың жылдан
бергі асыл арманы.
Ол арман — әлем елдерімен терезесі тең қатынас
құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәу-
елсіз Мемлекет атану еді.
Ол арман — тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұр-
пағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің
іргетасын қаладық».
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына
қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі — Мәң-
гілік Елордамызды тұрғыздық.
Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Бола-
шағын баянды етуге арналады.
Ендігі ұрпақ — Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше,
Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы — Мәңгілік Ел!
Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ
ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана — Мәң-
гілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі
қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз
да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің
қарашығындай сақтай білуіміз керек» [4].
Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол-болашаққа бастар
жол» атты Жолдауы. 11 қараша 2014 жыл.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясы. 1995 жыл 30 тамыз. — Алматы: Юрист, 2015.
3. Кызылординские выпускники получают образование в России. http://meta.kz/novosti/kazakhstan/.
4. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстандық жол — 2050: Ортақ
мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» атты Жолдауы. 17 қантар 2014 жыл.