Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2



Pdf көрінісі
бет28/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2

Государство и право
«Молодой учёный»
.
№ 5.2 (109.2)
 .
Март, 2016 г.
Біздің тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен да-
муында адамның құқықтық мәртебесін және қоғамдық 
құрылымның негізгі қағидалары бар 1993 жылғы және 
1995 жылғы ҚР Конституцияларының мәні өте зор. Мы-
салы, қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясы қоғамдық 
өмірді белгілейтін келесі идеяларды анықтайды. Олар: 
халық билігі және халықтық егемендік, мемлекеттік 
биліктің бөлінуі, заңдылық және құқықтық мемлекет, 
адам және азаматардың құқықтары, унитарлық және еркін 
ұлттық даму, мемлекет пен халықаралық бейбітшілікті 
нығайту, халықаралық құқық нормалары мен қағида-
ларын сақтау, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім, 
халық игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық па-
триотизм, мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін де-
мократиялық әдістермен шешу [2].
Қазақстанның тәуелсіздігін орнату бірқатар құбылы-
старға бастау болып табылды. Олар қазіргі кезде де дамуын 
жалғастыруда және мемлекет пен халықтың өміртіршіл-
гінің барлық жақтарын қамтиды. Мемлекет тәуелсіздігінің 
24 жылында экономиканың барлық салаларында, сол си-
яқты құқықтық салада да түбегейлі өзгерістер болды деп 
айтуға болады. Тәуелсіз Қазақстандағы жаңа құқықтық 
жүйенің қалыптасуын негізінен үш кезеңге бөлуге болады.
Құқықтық жүйенің дамуының бірінші кезеңі 1994 жылдан, 
яғни «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның 
мемлекеттік бағдарламасы» [3] Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің қаулысын қабылдаумен басталады. Бұл құжат не-
гізінде мемлекетте сот құрылымы мен сот өндірісін қайта 
құруына, материалдық және процесуалдық заңңаманың жетіл-
діруіне, құқық қорғау органдары және арнайы органдарды ре-
формалауға байланысты көптеген жұмыстар жүргізілді.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарың, кон-
ституциялық құрылымды, елдің біртұтас экономикалық 
және құқықтық кеңістігін қорғау мүддесі бойынша өзінің 
құзыретін жүзеге асыратын сот билігін дербес, тәуелсіз 
және күшті мемлекеттік билік ретінде нығайтуға байла-
нысты келесі маңызды заң актілер:
— «Қазақстан Республикасындағы сотжүйесі және 
соттар туралы» Конституциялық заң;
— «Сот приставтары туралы»;
— «Атқару өндірісі және сот орындаушыларының 
мәртебесі туралы»;
— «Жоғарғы сот кеңесі туралы»;
— «Әділет органның кәсіби коллегиясы туралы» 
Заңдары, сондай-ақ, Қылмыстық, Азаматтық, Қылмыстық 
іс жүргізу, Қылмыстық-атқару, Азаматтық іс жүргізу және 
Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстері қабылданды.
Екінші кезең 2002 жылы ҚР Президентінің бастамасы 
бойынша «ҚР құқықтық саясаты тұжырымдамасын» [4] қа-
былдануымен басталады. Онда 2010 жылға дейінгі мем-
лекеттің құқықтық жүйесінің дамуының негізгі бағыт-
тары айқындалған болатын. Осы тұжырымдама негізінде 
2003 жылы — Жер, Орман, Су және Кеден кодекстері; 
2007 жылы — Еңбек және экологиялық кодекстері, 2008 
жылы — Бюджет және Салық кодекстері қабылданды. Сот-
тардың кәсіби сапасына қойылатын талаптарын арттыру мақ-
сатында Жоғарғы Сот жанында Сот төрелігі, сонымен қатар 
2007 жылы Алқабилер соты институты қолданысқа енгізілді.
Үшінші кезең 2009 жылы «ҚР 2020 жылға дей-
інгі құқықтық саясат тұжырымдамасы» қабылдануымен 
басталады. Онда сот-құқықтық реформасының нақты ша-
ралары, ұлттық құқықтық жүйенің дамуының алдыңғы он 
жылға бағытталған негізгі басымдықтары белгіленді [5]. 
Сонымен бірге, Конституцияның үстемдігі қағидасы не-
гізінде мемлекет қызметін құқықтық реттеу саласында 
басты концептуалдық бағыттар көзделді.
2010 жылғы 17 тамызда ҚР Президентінің «Қа-
зақстанның құқық қорғау жүйесінің нәтижелерін кө-
теру шаралары туралы» Жарлығы қабылданды. Онда 
құқық қорғау органдарының құзыреттері нақты жіктелді. 
Аталған Жарлықты қамтамасыз ету мақсатында 2011 
жылдың 6 қаңтарында «Құқық қорғау қызметі туралы» 
ҚР Заңы қабылданды. Бұл заңның мақсаты құқық қорғау 
қызметін өтудің нормалары мен біркелкі құқықтық стан-
дарттарын орнату болып табылды.
Сот жүйесінің дамуының бір бағыты медиация және 
бітімгершілік институттарын енгізу арқылы жеке құқықтық 
дауларды өркениетті шешу тәсілдерін дайындау болып та-
былады. Осыған байланысты 2011 жылы 28 қантарда «Ме-
диация туралы» ҚР Заңы және 2011 жылы 26 желтоқсанда 
Неке және отбасы туралы ҚР кодекстері қабылданды.
2014 жылдың 26 желтоқсанындағы ҚР Президентінің 
Жарлығымен «2015–2025 жылдарға арналған Қазақстан 
Республикасының сыбайластыққа қарсы стратегиясы» 
бекітілді. Стратегияда «сыбайластыққа қарсы іс — қимыл-
дардың бірден бір қатысушысы қоғам болып табылады» [6] 
делінген. Осы қағиданы басты назарда ұстай отырып, 
қоғамның басым бөлігі жастар болғандықтан сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күресте олардың белсенділігін арт-
тыру уақыт талабы. Ол үшін жастардың құқықтық санасын, 
құқықтық мәдениетін, құқықтық сауаттылығын арттыратын 
жұмыстарды үнемі және жүйелі жүргізіп отыруымыз қажет.
Сонымен қатар, 2014 жылы жаңа ҚР Қылмыстық ко-
дексі; ҚР Қылмыстық — процесуалдық кодексі; Әкімшілік 
құқық бұзушылық туралы кодексі; 2015 жылы жаңа Еңбек 
кодексі қабылданды.
Қорыта келе, 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан 
халқына арнаған Жолдауында Елбасы айтқандай, біздің 
мақсат пен міндет — Тәуелсіздікті мәңгі сақтап қалу.
Олай болса, Тәуелсіз елімізді тұғырлы, болашағы-
мызды баянды ету ісіне үлес қосу — баршамыз үшін абы-
ройлы міндет!
Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 16 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет