Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің құқықтық негіздері Жусупбекова Мадина Қойшибайқызы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Т
әуелсіз Қазақстанның негізін 1991 жылы 16 жел-
тоқсанда қабылданған «Қазақстан Республика-
сының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Ре-
спубликасының Конституциялық заңы қалады. Бұл заңда
«Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Қа-
зақстан халқының еркiн бiлдiре отырып, Адам құқықта-
рының жалпыға бiрдей Декларациясында, халықаралық
құқықтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында
баянды етілген жеке адамның құқықтары мен бостан-
дықтарының үстемдігін мойындай отырып, қазақ ұлтының
өзiн-өзi билеу құқығын растай отырып, азаматтық қоғам
және құқықтық мемлекет құруға бел байлағандығын бас-
шылыққа ала отырып, бейбітшiлiк сүйгiш сыртқы саясат
жүргiзе отырып, ядролық қаруды таратпау принципi мен
қарусыздану процесіне адалдығын мәлiмдей отырып, Қа-
зақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсiздiгiн сал-
танатты түрде жариялайды» делінген [1].
Конституциялық заңда Қазақстан Республикасы —
тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет
болып белгіленді. Конституциялық заңның мазмұ-
нында ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы, жеке тұлға-
лардың құқығы мен бостандығына басымдық беру, саяси
тұрақтылық, билікті бөлісу, ұлтаралық келісім т. б. іргелі
демократиялық қағидалар көрініс тапты.
Өзінің тәуелсіздігін жариялау арқылы Қазақстан Респу-
бликасы өзін бірнеше меншік нысанындағы қаржы-кре-
диттік, салық және кеден саясатына негізделген дербес
экономикалық жүйесі бар саяси дербес мемлекет ретінде
белгіледі. Және әлемдік қауымдастықтың толыққанды мү-
шесі ретінде көп танылды.