Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2



Pdf көрінісі
бет49/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2

44
Педагогика
«Молодой учёный»
.
№ 5.2 (109.2)
 .
Март, 2016 г.
сана барлық оқушыларға жақсы көрінуі тиіс; — оқу мате-
риалын түсіндіру кезінде көрсету жұмыстары жүргізіліп, 
соңынан нысана алынып тасталуы керек. Оны оқушы-
ларға алдын ала көрсетуге болмайды; — көрнекі құрал-
дарды бақылау барысында әрбір оқушы мұғалімнің нұсқауы 
бойынша жұмыс істеуі тиіс; — көрсету кезінде мұғалімнің 
ауызша баяндауы оқушылардың бақылауын дамытуға және 
көркем сөйлеуін орнықтыруға ықпал етуі тиіс;
— оқушыларды бақылау жұмыстары нәтижесіне қо-
рытынды жасай білуге дағдыландыру.
Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың оқу матери-
алын жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың 
ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар бе-
реді. Оқушылардың құбылыстарды, процестерді және ны-
сандарды өздері белсенділік танытып оқып үйренсе, шын 
мәнісінде бұл әдіс нәтижелі болмақ. Олар тарапынан мұндай 
қарым-қатынас оқытуда проблемалық және ізденушілік 
жағдайға итермелейді. Сабақ барысында оқытудың демон-
страциялау әдістерінен қолдануда оқу киносы, диапозитив, 
диафилъм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп, эпиди-
оскоп, теледидар, видеофильм секілді техника құралдары 
көптеп пайданылады. Заттар мен құбылыстарды, кейбір 
жағдайда қажеттігіне сай табиғи ортада көрсетуге болады 
(табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар, өсімдіктер, 
ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары т. б.). 
Иллюстрация — демонстрация әдісімен тығыз байланыста 
болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (плакаттар, 
картиналар, суреттер, чертеждер, портреттер, картограм-
малар, модельдер) көрсетуде қолданады.
Иллюстрация әдісінің нәтижелі болуы, негізінен оның 
қолдану тәсілдерін мұғалімнің қаншалықты меңгергеніне 
байланысты болып келеді. Соның негізінде оқушылар мен 
оқытушыға оқу материалын табысты меңгеруге айтар-
лықтай көмек бере отыра, ғылыми ұғымдарды жеңіл мең-
геруге септігін тигізеді. Тәжірибе көрсеткендей сабақта 
иллюстрациялы материалдарын көптеп қолдану, оқушы-
лардың назарын нақтылы оқу материалынан ауытқуына 
әкеп соғады. Сондықтан, көрнекі құралдарды пайдаланудың 
дидактикалық қолданысын және таным процесінде олардың 
рөлін алдын-ала жақсылап ойластырып алу қажет. Бұған 
қосымша оқытушылар көрнекі құралдардың тиімді көлемін 
де анықтауы қажет. Бұл әдістердің ішінде ең басты рөл атқа-
ратыны — бақылау әдісі. Ол барлық оқу пәңдерін оқытуда 
кеңінен қолданылады. Бақылау әдісі сабақта нақты заттар 
мен көрнекі және техника құралдарын көрсету кезінде, экс-
курсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек операци-
яларын орындау барысында ерекше орын алады. Бақылау 
мұғалімнің басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан 
тыс уақытта мұғалімнің тапсырмасына байланысты не-
месе оқушылардың өздерінің қалауы бойынша кеңінен іске 
асырылады. Дұрыс қолданған бақылау әдісі оқушылардың 
байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. 
Бақылау әдістерін қолданудың тиімділігі мынандай тәсіл-
дерді қолдана білуге байланысты: — байқаудың мақсатын 
анықтау; — қабылдайтын нәрселердің мөлшерін белгілеу, 
салыстыру арқылы олардың кептеген белгілерінің ішінен ең 
негізгі, бастыларын ажырату; — оларды топтастырып, қор-
тындылар мен тұжырымдар жасау; Байқайтын нәрселердің, 
бейнелердің ерекшеліктеріне байланысты бақылау әдісінің 
негізгі түрлері: — демонстрациялық бақылау; — экскурси-
ялық бақылау; — лабораториялық бақылау; — техникалық 
бақылау; — оқушылардың өздігінен дербес бақылауы.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың күшті 
құралы — бақылау.
К. Д. Ушинский: «бақылау — логикалық ойлаудың не-
гізі», — деп жай айтпаған. Ұлы педагог логикалық ой-
лауға үйрену үшін, ең алдымен, балаларды жан-жақты 
бақылауға үйрету керектігін де ескертеді. Бақылау өт-
кізудің негізгі әдістемелік талаптары [2]:
1. Оқытушы оқушыларды белгілі нәрсені жан-жақты 
бақылауға, оның неғұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін, 
ерекшеліктерін, мүмкіндігінше, көру, есту, дәм, иіс т. б. 
сезім мүшелерін қатыстыру арқылы зерттеуге бағыт бе-
руінің маңызы зор. Бақылау тек көру т. б. сезім мүшелерінің 
жүмысымен ғана емес, ол адамның ойлау әрекетімен тығыз 
байланысты болуы керек. 2. Мұғалім бақылауда оқушыға 
анализ бен синтез арқылы заттардың негізгі қасиеттерін 
ажырату, топтастыру, қорытындылау сияқты ойлау про-
цестерін қолдануға басшылық етуі қажет. 3.Мұғалім 
оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін, ең алдымен, 
бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін 
немесе көлемін анықтап, жоспарын жасап беруі керек. 
Тәжірибелік әдістер. Оқушылардың сабақта алған теори-
ялық білімдерін, біліктілік пен дағдыларын тереңдету және 
жетілдіре түсу мақсатында олардың практикалық жұмы-
старының маңызы ерекше. Оқытудың негізгі дәстүрлі әді-
стерімен қатар мұғалім оқушылармен бірігіп сабақта, 
оқу-тәжірибе участігінде оқу приборлары және техника 
құралдары көмегіне сүйеніп оқу тәжірибелерін жүргізеді. 
Оқытудың зертханалық тәсілі негізінен биология, химия, 
физика пәндерінде жиі қолданылады. Аталған пәндердің 
мазмұны зертханалық жұмыстарды қажет етеді. Зертха-
налық жұмыстар жаппай түрде немесе оқушының жеке 
орындауы арқылы жүреді. Жаппай түрде жүргізгенде сы-
ныптағы оқушылардың бәрі бірыңғай тәжірибе жасайды, 
ал жеке оқушылар орындағанда әрқайсысының жасайтын 
тәжірибесі әр түрлі болады да, кейін ол жинақталады.
Оқушылардың зертханалық жұмыстары мектеп жа-
нындағы оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілетін тәжіри-
белермен де тығыз байланысты. Олар дайындау, өткізу, 
қорыту кезеңі болып бөлінеді. Дайындау кезеңінде оның 
мақсаты белгіленеді, жоспары жасалады және оқушы-
ларды қажетті аспаптармен, реактивтермен, басқа да оқу 
құралдарымен, жұмыс істеу принциптерімен танысты-
рады. Өткізу барысында мұғалім әр оқушының қойған 
тәжірибесін мұқият бақылайды және қажет болған 
жағдайда оларға көмектеседі.
Қорыту кезеңін бірнеше тәсілмен өткізуге болады. 
Біріншіден, әр оқушы өзінің орындаған жұмысын хабар-
лайды, екіншіден, ұжымдық түрде орындалған жұмыстың 
нәтижесі туралы әңгіме өткізіледі, үшіншіден, зертханалық 
жұмыстардың нақтылы қорытындыларын мұғалімнің өзі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет