Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2


Халық педагогикасының озық үлгілері арқылы оқушыларды



Pdf көрінісі
бет59/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2

Халық педагогикасының озық үлгілері арқылы оқушыларды 
патриоттыққа тәрбиелеудің жолдары
Пазылова Қаламқас Асетуллаевна, магистр, аға оқытушы
Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ (Түркістан қаласы, Қазақстан)
О
қушыларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын 
сүюге тәрбиелеу ұстаздың аса маңызды, аса жауапты 
парызы — деген сөзіне үңілсек, онда
Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып, 
дербес мемлекет болуы және өркендеп гүлденуі ұлттық 
біртектілікті сақтаудан басталады.
Оның басты құндылықтары — ана тілі, ұлттық рух, діни 
наным сенімдермен тығыз байланысты. Қазақ халқы — 
рухани зор байлықтың мұрагері.
Президенттің Жолдауында ең мықты алдыңғы қатарлы 
елдердің қатарына кіру туралы керемет ой айтылды. 
Бұл — ұлттың ортақ ұраны.
Қазақстанды Отаным деп таныған әр азаматтың осыған 
барынша үлес қосуы бұның басты шарттарының бірі. 
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында 
“Білім беру жүйесінің міндеттері: … азаматтық пен елжан-
дылыққа, өз Отаны — ҚазақстанРеспубликасына сүй-
іспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық 
дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу” десе, ал орта білімді 
дамыту тұжырымдамасында “… тәрбиелік жұмыстарды 
Қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілік негізінде 
құру” — керек екендігі көрсетілген.
Қазастан Республикасы Білім министрлігі ұсынған 
“Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында” қазақ халқының жа-


52
Педагогика
«Молодой учёный»
.
№ 5.2 (109.2)
 .
Март, 2016 г.
уынгерлік және ерлік тарихын ұрпаққа еріктің өшпес үл-
гісін қалдырған хас батырлардың өмір-өнегесімен та-
ныстыру; өз жерін, елін қорғай алатын ұлтжанды, 
ұлттық намысы мол, жігерлі азаматтар тәрбиелеу, — 
деп ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ерекшеліктер, 
салт-дәстүрлерді бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға аса 
мән береді.
Қазақтың ұлан-байтақ даласын біздің ата-бабаларымыз 
сан ғасыр “Найзаның ұшымен, білектің күшімен”, “Қа-
наттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай” аман сақтап 
келді. Олардың құрып кету қаупі төніп тұрған кезде бір 
жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жауға қарсы тұруы 
нағыз шынайы Отансүйгіштік қасиеті болып табылады.
Өз ұлтына деген патриотттық сезімді қазақ ағартушы-
лары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Алаш 
Орда қайраткерлері М. Дулатов, М. Жұмабаев, А. Бай-
тұрсынов және т. б. нақтылы іс-әрекеттері мен шығарма-
ларынан да байқауға болады.
Елжандылық сезімінің объектісі мен қайнар көзі — 
Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның 
байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өл-
кедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне 
жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, 
ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы елжандылыққа 
тәрбиелеудің арқауы.
Педагогика мен тәрбиенің, халықтың ұстанымын 
ғылыми тұжырымдаған орыс педагогі К. 
Д. Ушинский: 
“Өмірінде де, ғалымда да барлық халықтарға бірдей тура 
келетін тәрбие жүйесі жоқ. Әр халықтың ұлттық тәрбие 
жүйесі де әртүрлі. Өз еліне басқа елдің тәрбие жүйесін ен-
гізу мүмкін емес, себебі халықтардың өмір сүру моделі де, 
тәлім-тәрбие моделі де басқа”, — деп жазғаны белгілі. 
Ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан және өркендей бе-
ретін халық педагогикасының қасиетін қадірлеп, ұлттық 
тәрбиеге жан-жақты жағдай жасап, көңіл бөле бастаға-
нымыз — болашақтың сәулетіне нұрын шашқан күн шуағы 
іспетті. Адамды адам еткен тәрбие болса, сол еңбекті ұр-
пағына үйретіп, адалдыққа баулыған халқымыздың та-
нымдық, тәрбиелік дәстүрлері, салт-санасы, әдептік хади-
стері мен тұжырымдары — мәңгі нәр алатын рухани асыл 
қазынамыз.
Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы — бұл ұлттық 
мәдениеттің бір бөлігі.
Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан халқымы-
здың озық тәрбиелік мәні зор әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, 
ауыз әдебиеті, өнері жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін 
оятып қалыптастырады.
Халқымыздың өзінің бүгінгі биік, озық мәдениетіне оңай-
лықпен жетпеген. Бұл жолда ол талай заманғы шым-шы-
тырман оқиғалардың сәулесін бойына сіңіріп, небір асу-қия, 
бел-белестерді басып өткен. Ата-бабамыздың шетсіз де, 
шексіз далада ертелі-кеш жер кезіп, бостан-босқа жүре 
бермей, олар ежелгі заманнан ер жүрек, еңбексүйгіш, та-
лапты да талантты, өзіндік мәдениеті бар еңселі ел болған.
Халықтың бай мұрасын, соның ішінде қазақ фоль-
клорын оқушыларды ерлікке және елжандылыққа тәр-
биелеуде пайдалану. Ерлік адамның ерік-жігер қасиет-
терінің ішіндегі шоқтығы биік сапасы.
Ал ерлікке тәрбиелеу — жас ұрпақтың, қоғам мү-
шелерінің Отанға, халқына, жерге деген сүйіспен-
шілігін арттыру, мұны олардың бойына сіңіру және қа-
лыптастыру. Халқымыздың батыры Б. Момышұлының 
«Бұрындары жасаған ерліктерді сыйламай, қадірлемей 
тұрып, жаңа ерлікке шақыру бекершілік» дегеніндей, 
жас ұрпақты ата-баба дәстүрі бойынша ерлікке тәрби-
елеп, олардың намыс, парыз, ұлттық рух, жауапкершілік 
сезімін дамыту қажет.
Адамзат баласының ежелден келе жатқан ортақ мүд-
десінің бірі — ерлік тәрбиесі. Осы мақсатта әрбір ха-
лықтың сан-алуан ой-пікірлері мен тәжірибелері ғасы-
рлар бойы жинақталып отырған. Адамзат баласына ортақ 
рухани қазынасының құрамдас бөлігі болып саналатын 
бұл жетістіктерді халықтың тәлімгерлік тәжірибесі дейміз.
Қазақ халқының да сан ғасырлық тарихи мәдени 
жетістіктерінің жемісін, рухани байлығын, жанына біткен 
еңбексүйгіштік, елжандылық, ерлік, имандылық, бауыр-
малдық т. б. қасиеттерін танытатын тәлімгерлік тәжіри-
бесі бар. Онда кешегі өткен данагөй қариялар, ғұлама ой-
шылдар, би-шешендер және ақын жыраулардың даналық 
болжамдардың психологиялық пайымдауларымен педаго-
гикалық тұжырымдамаларының өшпес ізі жатыр.
Халық педагогикасының озық үлгілері бала бітімін 
жетілдіру, ана тіліміздің өрісін кеңейту, білім беру са-
пасын арттыру, ұлттық дүниетанымдық көзқарасымызды 
нығайту құралының бірі болып табылады.
Қорыта айтқанда, патриоттық тәрбиені ойға алғанда 
бірінші санаға Отан түсінігі келеді. Отанға құрмет көр-
сету тұрғысындағы патриоттық сезім жалпы адам бала-
сына тән туған түйсік-қасиет, оның еліне, туған жеріне, 
өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке 
қатынасын, өзіндік бағасын, қуаттап-қолдауын пай-
ымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Патриоттық 
сезімнің нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, та-
биғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерт-
кіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады. 
Отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға әсер ететін фак-
торлар — ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, 
ұлттық игі дәстүрлер, ұлттық парыз, бірлік және міндет-
тері болып табылады.
Ұлттық сезім — өзінің ұлттық өкілділігін мойындай 
отырып ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық 
мұраларын бағалай білу. Әрбір адам өз Отанына деген 
мақтаныш сезімі, өз ұлтын терең сүюі арқылы басқа ұлт-
тарды танып, құрметтеуге тиіс.
Ұлттық мақтаныш — ұлттық материалдың, әлеуметтік 
көптеген мәдени жетістіктерінің негізінде қалыптасатын 
әрі алдыңғы қатардағы ұлттық идеялар, ой-пікірлерімен 
байып отырады.
Ұлттық парыз — Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы 
жаулардан елін, жерін аман сақтап, ата-баба дәстүріне 
өте сезімталдықпен қарау болып табылады. Ұлттық са-
на-сезім — адамның рухани өмірінің басты белгілерінің бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет