Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2



Pdf көрінісі
бет62/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2

54
Педагогика
«Молодой учёный»
.
№ 5.2 (109.2)
 .
Март, 2016 г.
мағыналық бөлім, ең басты нәрсені анықтау, қысқаша 
мазмұндау, сілтеме, жоспар, анықтама, қорытынды, 
конспект, шартты белгілер, дәлелдер: аргументтер, фак-
тілер);
4. Өз жұмысының нәтижесін көрсету біліктілігі (нәти-
жені ұсыну формалары, ғылыми жиын, баяндамаға қойы-
латын талаптар, баяндама мәтіні) [3]. Біздің ойымызша, 
оқушыларда аталған біліктіліктерді қалыптастыру үшін 
ақпараттық-коммуникациялық, денсаулық сақтаушы тех-
нология, тұлғаға бағдарланған оқыту технологияларын 
қолдану қажет.
Зерттеушілік біліктілікті дамыту:
- зерттеу әдістерін меңгеру және оларды кез келген 
оқу пәні материалдарын зерттеуде қолдана алу мүмкіндігін;
- алған білімі мен білігін оқушылардың әрі қарайғы 
өзін-өзі анықтауына ықпал ететін өз қызығушылығын жү-
зеге асыру мүмкіндігін;
- түрлі ғылым, мектеп оқу пәндері, тұтастай таным 
үдерістеріне қызығушылығын дамыту мүмкіндіктерін бе-
реді.
Зерттеушілік іс-әрекеті біліктіліктерін дамыту үшін 
қойылған мақсатқа қол жеткізерліктей жағдай табу және 
орнату керек. Бастауыш сынып оқушыларының зертте-
ушілік біліктіліктерін қалыптастыру шарттары:
1. Мотивациялау. Оқушыларға өз шығармашылық 
зерттеушілік іс-әрекетінің маңызын түсінуге, оны жүзеге 
асырудағы өз таланты мен мүмкіндіктерін, өзін-өзі жүзеге 
асыру жолдарын көре алуға көмектесу керек.
2. Мақсат көздеу және жүйелілік. Зерттеушілік білік-
тілікті дамыту мақсатындағы жұмыстар сабақтық және 
сабақтан тыс іс-әрекет түрінде өтуі тиіс. Мұғалім әдеби-
еттік оқу, қазақ тілі, математика, дүниетану пәндерінің ма-
териалдарын қолдануы қажет.
3. Шығармашылық орта. Мұғалім шығармашылық 
орта жасап, зерттеушілік іс-әрекетке қызығушылығын ту-
дырып отыруы тииіс.
4. Психологиялық жайлылық. Мұғалім міндеттерінің 
бірі — оқушылардың шығармашылық ұшқындарын көріп, 
шығармашылық ізденіске ұмтылысын бағалап отыруы 
тиіс. Олар қателік жіберуден қорықпауы маңызды. Әрбір 
оқушыға өз күшін байқап, өзіне сенуге мүмкіндік беру керек.
5. Мұғалім тұлғасы. Зерттеушілік іс-әрекетті да-
мыту үшін шығармашылықпен жұмыс жасайтын, шығар-
машылық орта құруға ұмтылатын, зерттеушілік іс-әре-
кетті жүргізу үшін белгілі бір білім мен дайындығы бар 
мұғалім қажет.
6. Жас ерекшелікті ескеру. Зерттеушілік іс-әрекет ба-
ланың қабылдауына, жасына сай, қызықты және пайдалы 
болуы керек [4]. Аталған шарттар орын алған жағдайда 
ғана зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру үдерісін та-
бысты жүзеге асыруға болады деп білеміз.
Бастауыш мектепте зерттеушілік іс-әрекетін ұйымда-
стыру қалай жүретініне талдау жасар болсақ, 1-сыныпта 
сабақ тақырыбына кіріспе ретінде проблема қойылып, 
жаттығуды бірлесе не өз бетінше орындау жоспарла-
нады. 2-сыныпта балалар шағын топта бақылау жүргі-
зеді. 3–4 сыныптарда зерттеу жұмысын жеке орындайды. 
Бастауыш мектепте зерттеушілік іс-әрекетті ұйымдасты-
руда бастауыш мектеп жасындағы балалардың психоло-
гиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. 
Атап айтқанда: балалар жұмысының тақырыптары оқу 
пәндерінің мазмұнынан не соған жақын мағынада алынуы 
тиіс. Баланы қызықтырған жоба не зерттеу жұмысының 
проблемасы оның танымдық қызығушылығы аясында 
және жақын даму аймағында болуы тиіс. Жоба не бақы-
лау-зерттеуді орындау уақытын мақсатты түрде сабақтық 
және сабақтан тыс жұмыс түрінде 2–3 аптамен шектеу 
керек. Әрбір зерттеу қажетті құралдармен: материал-
дық-техникалық және оқу-әдістемелік, ақпараттық және 
ақпараттық-технологиялық ресурстармен қамтылуы 
тиіс. Тақырыппен жұмыс барысында топсаяхат, серу-
ен-бақылау, әлеуметтік акциялар, түрлі мәтіндік және 
электрондық ақпарат көздерімен жұмыс, практикалық 
маңызды өнім мен кең қоғамдық презентация дайындауды 
(ересектер, ата-аналарды, мұғалімдерді шақырып) да қо-
суға болады. Зерттеушілік іс-әрекетте мұғалім бағыт-
таушы, көмекші, кеңесші, бақылаушы рөлін атқарады. 
Оқушының рөлі жұмыс кезеңдеріне қарай өзгереді. Бірақ 
барлық кезеңде де ол танымдық әрекет субъектісі болып 
табылады; таңдайды (шешім қабылдайды), өз таңдауына 
жауапты болады; қоғаммен өзара әрекет жүйесін құрады; 
зерттеудегі маңыздылығы, туындаған идея, фактілер, өз 
әрекетінің өнімі тұрғысынан ақпаратты және осы іс-әре-
кеттегі өз деңге йін бағалайды.
Оқу зерттеушілік іс-әрекеті оқушы үшін — өз шығар-
машылық әлеуетін барынша көрсету мүмкіндігі. Оқу зерт-
теушілік іс-әрекеті, мүғалім көзқарасы бойынша, бұл 
оқушылардың арнайы жобалау және зерттеу біліктіліктерін 
мен дағдыларын дамытатын интеллектуалдық даму, оқыту 
мен тәрбиелеу құралы. Нақты айтқанда: мәселені анықтау 
мен қалыптастыруға, мақсат қоюға, зерттеу міндеттерін 
белгілеуге, әрекет алгоритмін құруға, қажетті ақпаратты өз 
бетінше іздеу мен өңдеуге, алынған білімді практикада қол-
дануға, зерттеу жүргізуге (талдау, жинақтау, жалпылау), 
жұмыс барысы мен өз іс-әрекетінің нәтижесін арнайы дай-
ындалған слайд және т. б. арқылы көрсетуге, жүргізілген 
зерттеу сәттілігіне өзі баға беруге мүмкіндік береді.
Қорытындыны ұсыну жолдары презентация, ауызша 
баяндама, мақала түрінде болуы мүмкін. Оқушыны баға-
лауда ол үшін жоғары баға қоғамның (сынып, зерттеу 
тобы мүшелері, ата-ана және т. б. болуы мүмкін) мой-
ындауы, ал жақсы баға кез келген қол жеткен нәтижеге 
лайық екендігін ескеру керек.
Мұғалім төмендегілерді бағалайды: жобаны орын-
даудың түрлі кезеңінде өз бетінше әреке ету деңгейін; 
топтық жұмысқа қосқан жеке үлесі мен жүктелген жұ-
мысты орындаудағы жауапкершілік деңгейін; пәндік және 
жалпы оқу білім, білік, дағдыларын практикада қолда-
нуын; жобаны орындауда қолданылған жаңа ақпараттар 
саны мен сапасын; қолданылған ақпаратты түсіну дең-
гейін; қолданылған әдістеменің күрделілік деңгейі мен 
меңгеру дәрежесін; мәселені шешудегі идея, тәсілдердің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет