56
Филология
«Молодой учёный»
.
№ 5.2 (109.2)
.
Март, 2016 г.
Ф И Л О Л О Г И Я
Лексикалық тұлғалар жасалуындағы көнеленген жатыс септік жалғауының орны
Байдаулетова Аякөз Өтеуқызы, филология ғылымдарының кандидаты,
аға оқытушы
Болашақ университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
С
ептік парадигмасындағы жатыс септігінің шығу та-
рихы көне жазбалар тіліне қатысты сөз болып, өзінің
бастауын әріректен алады. Бұл септіктің ұзақ тарихи
даму жолы бар дегенімізбен дыбыстық, құрамы жағынан
алғашқы қалпын сақтаған бірден-бір септік болып табы-
лады. Алайда тілдің тарихи даму барысында грамматикалық
қызметтердің жіктелуі, қолданылуы, семантикалық дамуы
жағынан жатыс септігінің өзгеріп отырғандығы көрінеді.
Олай деп отырған себебіміз, жатыс септік көп функциялы
болып келген. Жатыс септік тұлғасы шығыс септігінің де,
барыс септігінің де қызметін атқарған. Тіпті шығыс септік
қызметін атқарғандығын қазіргі тілдік тұрғыдан сирек
болса да кездестіреміз. Мысалы: қалада кездестірдім, қа-
ладан кездестірдім; көшеде көрдім, көшеден көрдім т. б.
Қазіргі қазақ тілінің тұрғысынан жатыс септігі мен шығыс
септігінің мұндай қолданыстары әдеби норма болып есеп-
телінеді. Себебі бұл септік жалғауларының қолданылуында
айтарлықтай семантикалық айырмашылық байқалмайды.
Сондықтан да мұндай қолданыс шығыс, көмектес септік-
терінің тұлғалық жағынан әлі қалыптаспаған немесе енді
ғана қалыптаса бастаған дәуірлерінен қалған іздер болуы
мүмкін. Бұл жалғаудың беретін негізгі мағынасы қазіргі
дәуірге дейін өзгеріссіз жетсе, қызметі мен етістіктерге қа-
тысы жөнінен кейбір ерекшеліктердің болғандығы анық.
Зерттеуге арқау болып отырған көнеленген септік
жалғаулары ішінде жатыс септігі арқылы жасалған
туынды сөздер тілімізде көптеп кездеседі.
Бұл басқа септік
жалғауларына қарағанда жатыс септік жалғауының қол-
данылу өрісінің кең екендігін көрсетеді және бұл ерек-
шелігі туынды сөз жасауда да сақталып қалған.
Ғалым С. Исаев: «жатыс септігінің басты мағынасы —
істің, қимылдың болу орнын, мекенін, мезгілін, көлемін,
тұрағын білдіру. Жатыс септігінің мағынасы мезгіл, мекенге
байланысты болғандықтан да, соған қатысты жатыс септік
жалғаудың үстіне
кейде функциялық сипаттағы -ғы, — гі қо-
сымшасы да үстеліп қолданыла береді: ауыл-да-ғы үй, кісі-
де-гі дүние, базар-да-ғы мал, кісіде-гі-нің кілті аспанда.
Жатыс септігінде қолданылған сөз әдетте мезгіл, мекен пы-
сықтауыш және жанама толықтауыш қызметін атқарады»
дей келе, «жатыс септікті сөздердің ішінде де адвербиал-
данып, үстеуге айналып кеткендері аз емес: кейде, жазда,
іңірде, осында, ақыр аяғында, аңдаусызда,
атам заманда, оқта-
текте, лезде, қапыда, іңірде», — деп [1], жатыс септік жалғауы
арқылы қалыптасқан үстеу сөз табын мысалға келтірген.
Ғалым А. Ысқақов, М. Томановтар да өз еңбектерінде
жатыс септік жалғауы көрсеткіштерінің көнерген сипатта
кездесетінін айтып өткен. Бұл мәселе кейінгі граммати-
калық еңбектерде жалғасын табуда.
Жатыс септік жалғауларының көрсеткіштері түбірге
кірігу, көнеру әрекетіне қарай екіге бөлінеді: 1) түбірге
дара күйінде кіріккен жатыс септік жалғауы; 2) тәуел-
денген түбірге кіріккен жатыс септік жалғауы.
Түбірге дара күйінде кіріккен жатыс септік жалғауы.
Мысалы, Әуелде Роза «баяғы бір өкпелегені әлі тарқамай
жүрген болар» деп жорып еді (Н. Ғабдуллин). Оларды әу-
демде
толқын ығыстырып, жиекке көз ілеспей лақтырып та-
стайды (Р. Әутәліпов). Аузынан шыққан сөзге әдепкіде бойы
мұздап, шошып қалса да, өңі қобалжыған жоқ (Ә. Нұр-
пейісов).
Жақында алған кең бөлме, пәтері жаңа әдемі-ақ.
Дүние деген әйдемде екен ғой өзі жиналмақ (Ғ. Қайырбеков).
Нұржан: демеймін бұл сөзіңді бос болады,
Жұмбақты шешсем көңілім қош болады.
Жұмбаққа әйнегі жоқ, әлі есігі,
Әуелі жансыз, ақырда құс болады (Айтыс).
Зәуеде
жаза қалсаң, өзіңді де ұмытпа құда бала (Қ. Мұ-
хамеджанов). Істеп алып әменде соңынан бармағыңды ті-
стейсің (Б. Соқпақбаев). Тек бір рет байқаусызда әйелінің
Жұмашқа айтқан сөзін естігенде селт етті (Т. Ахтанов).
Жанар бүгінде өз билігі өзіндегі адам (Т. Ахтанов).
Бұн-
дайда бетке сермеген, шошайған қолдың өзі де кісінің пы-
сына жақсы болмайды (М. Әуезов). Бәйге ат біздің теңіміз
емес деп баяғыда-ақ қақсамап па едім, Ақбозды қайыр,
қалғанын тағы да көреміз (Т. Әлімқұлов). Бұл жердің ой
қыры жоқ, теп-тегіс қой. Қар
жауған бойда жел айдап ке-
теді (Ә. Сәрсенбаев). Бірде жақын ағайынның Қалекең
үйі мен Қожатай мағзұм үйлерінің аттарын мініп, Әзімхан
деген ағайын жігіт екеуміз қашып кетіп едік (С. Сей-
фуллин).
Беріректе нарт қызыл гүлдер шашырап сирек
біткенмен, сонау қыратқа таман қоюланып, шымқай
қызыл боп кетеді (Т. Ахтанов). Осы сөйлемдердегі зәу-
е-де, әмен-де, байқаусыз-да, бүгін-де, бұндай-да, ба-
яғы-да, бой-да, бір-де, берірек-те сияқты үстеу сөздердің