Бізге ұлт
әлеуетін оятатын интеллектуалдық серпіліс қажет.
Білімге, ғылымға және инновацияларға көзқарасты өз-
гертудің өмірлік маңызы зор.
ХХІ ғасырда тек интел-
лектуалды ұлт қана жеңіс тұғырынан көріну мүм-
59
Philosophy
“Young Scientist”
.
#5.2 (109.2)
.
March 2016
кіндігіне ие бола алады.
Тек осындай жолмен ғана,
дәстүрлерге сүйеніп үнемі жетілу арқылы, биік мақ-
саттар қоя отырып ұлттың бірігуіне, Ұлт Рухының ныға-
юына қол жеткізе аламыз.Бұған жету үшін мемлекет,
әрқайсымыз, бүтін қоғам жауапкершілікті бөлісуі тиіс
және қажетті әрі ұтымды мынадай шараларды қамта-
масыз етуі керек:
— Ұлт Рухын дамыту және нығайту, осыны еліміздегі
әрбір азаматтың өмірлік бағдарына айналдыру;
— мемлекеттік тілді дамытуға және оның аясын кеңей-
туге ұлт бірлігін нығайтатын фактор ретінде басымдық
беру;
— Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің мәдениетін,
дәстүрін, салтын, тілін дамытуға жағдай жасау;
— ұлттың, мемлекеттің, қоғам және отбасының мы-
зғымастығына бағытталған рухани дәстүрлерді, адамгер-
шілік құндылықтарды, дүниетанымдық ұстанымдарды
сақтау және нығайту;
— ұлттық құндылықтар мен игіліктерге қамқорлық
жасау;
— жас ұрпақты сыйластық, отаншылдық, Еліне және
халқына адал қызмет ету құндылықтары рухында тәрби-
елеу;
— әрбір адам өзінің білімін, қабілетін, кәсібилігін және
бәсекеге қабілеттілігін үнемі жетілдіріп отыру;
— қоғамның өмірлік маңызды барлық саласын одан
әрі модернизациялауға байланысты бірлескен дәйекті жұ-
мыстар жүргізу;
— Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің кепілі
ретінде интеллектуалды ұлт қалыптастыру.
Тәуелсіздікті сақтау және мемлекеттілікті нығайту,
мүмкіндіктер теңдігін және азаматтар құқығы мен бостан-
дығын қорғау, интеллектуалды ұлт құру және ұлттық рухты
дамыту — біздің ұлттық бірлігіміздің басты ұстанымы әрі
әрбіріміздің өмірлік қағидаттарымыз болуы шарт» — деп
тәуелсіздігіміз тұғырлы, қауіпсіздігіміз мықты болу үшін
интеллектуалды ұлт құру және ұлттық рухты дамытуға
шақырады [3].
Интеллектуалды ұлт құру интеллектуалды адамды қа-
лыптастырудан бастау алады. Ғылыми зерттеулерде
адамның интеллектуалды әлеуетін инвестиция ретінде
қарастыруға болатынын дәлелдейді. «… атақты ғалым
Гэри Беккер (
Gаry Stаnlеy Bесkеr) өз еңбегі үшін эко-
номика саласындағы Нобель сыйлығының иегері
атанған. Беккердің пікірінше, экономикалық тәсіл
адам мінез-құлқын түсіндіруде, айқындауға тұтас
жүйені қажет етеді. Бұл бағытта зерттеу жүр-
гізген ғалымдар бірнеше буын өкілдері талай сәт-
сіздікке ұшыраған болатын. Беккердің есептеуі
бойынша, АҚШ-та адам капиталы инвестициясы
құнды қағаздар инвестициясына қарағанда бір-
неше есе артық пайда әкеледі. Беккер өз талдаула-
рында адамның даралығы, төзімділігі сияқты раци-
оналды, мақсатты мінез-құлықынан бастап басқа
да әлеуметтік пәндерге қатысты адам өмірінің
түрлі аспектілеріне қатысты түсініктерді қара-
стырады. Ғалымның әзірлеп, ұсынған моделі осы са-
ладағы зерттеулердің негізін құрады. Беккер алғаш
рет білімінің экономикалық тиімділігіне статисти-
калық есеп жүргізген ғалым. Жоғары білім алған-
дардың өмірлік табысын анықтауда олардың та-
бысынан кәсіби білім алғандардың өмірлік табысы
азайтылады. Білімге кеткен шығынмен қатар (оқу
ақысы, жатақхана т.б), оқу жылдарында білім
алушы ала алмаған, «жіберіп алған жалақы» қоса
қарастырылады. Шын мәнінде, мұндай қолға ти-
меген жалақы білім алушының білімге кеткен уақы-
тының құндылығымен, білімге кеткен шығынмен
өлшенеді әрі оны пайдалану жинақталған балама
қаржы болып табылады. Оқуға кеткен салымды кіріс
жинағы ретінде қарастырған Беккер оның қайта-
рымын жылдық табыстың 12–14%-ы деп санайды.
Ғалымның білімге кеткен шығыннан қайтатын кіріс
жолын есептеу адам капиталының қоғамдағы басты
интеллектуалды қор және сарқылмас инвестиция
ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл еңбегі ға-
лымға Нобель сыйлығын әперген болатын» [4]. Тәу-
елсіз Қазақтанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
интеллектуалды ұлт, интеллектуалды адам қа-
лыптастырудың маңызы өте зор. Интеллектуалды
ұлт, интеллектуалды адам мемлекеттің қауіпсізді-
гінің кепілі болмақ.
«Ұлттық қауіпсіздіктің міндетіне елдің негізгі, өмірлік
аса маңызды мүдделері — ұлттық дербестікті, аумақтық
тұтастықты, халықтың өмірін қорғауды кепілді түрде
қамтамасыз ету болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде,
ұлттық қауіпсіздік мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз
ететін жүйе түрінде танылады: ұлттық қауіпсіздік бол-
маған жерде мемлекетің өзі де жоқ.
Қазіргі Қазақстан тұрақтылық және бейбітшілік сүйгіш
қуатымен ерекшеленеді, бірақ бұл «stаtus-quо» адамгер-
шілік, интеллектуальдық, рухани күш-жігердің дәйек-
тілігі арқасында, белгілі бір саяси ерік-күшті жұмылдыру
арқылы ғана мүмкін болып отыр.
Сондықтан ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге байланысты біз таңдаған әдістер мен
жүйелер Қазақстанның саяси, әлеуметтік, қоғамдық
және экономикалық дамуына неғұрлым оңтайлы ықпал
ететіндей тұрғыдан таңдалып алыуы керек» [5]. Тәуелсіз
Қазақстан үшін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәсе-
лесі бірінші кезекте тұр. Бүгінде еліміздің ұлттық қа-
уіпсіздігіне ықпал жасайтын құбылыстарды бақылауға
байланысты бірнеше мәселелер бар. Маңыздылары қата-
рында мемлекет пен қоғамның ішкі тұрақтылығын сақтау,
билік тұрақтылығын бекіту, еліміздің біртұтастығын
қорғау болып табылады деп ойлаймыз.
Философия ғылымдарының докторы, профессор, Қа-
зақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының
корреспондент-мүшесі Р.
Б.
Әбсаттаровтың пікірінше:
«Ұлттық қауіпсіздік — ұлттың-мемлекеттің өзінің жеке
күш салуы мен халықаралық ынтымақтастығы арқасында
басқа ұлтқа, мемлекетке зиян келтірмей, қоғамның өмір
|