БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ брионалды жасушаларынан - нейробластардан шығатынын
дәлелдеп, қазіргі атын қойды. Балалар қатерлі ісіктері ішін--
де 7-8% дейін кездеседі.
Эпидемиологиясы Дүние жүзі бойынша жыл сайын бір миллион балаға
шаққанда 15 жасқа дейін 8-10 бала ауырады екен. Біздің
бөлімшеге түсіп, емделіп жатқан науқастарға қарайтын
болсақ, жылына 5 – 6 бала қаралады екен. Нейробластоманың
20-30% 1-жасқа дейінгі жаңа туған нәрестелерде, 70-80%
жуық 4 жасқа дейінгі балаларда кездеседі. Орташа кезде--
су медианасы 22 ай /Brodeur G., Castleberry R 1993/. Ісіктің
шығатын орны да әртүрлі, өйткені дененің кез-келген
бөлігінде, яғни симпатикалық жасушасы бар жерден ба--
сталуы мүмкін. Бірақ, ісік көбінде, 70% жуық құрсақ арты
қуысында, бұл жағдайда 35% бүйрек үсті безінің милы
қабатынан шығады. Ал 25% жуық көкірекаралығында және
4-5% мойын омыртқасы айналасындағы симпатикалық
жүйке ганглиларынан орын алуы мүмкін. Дерттің жайылған
түрлерінде, кейбір науқастардан ісіктің алғашқы шыққан
орнын анықтай алмайтын да кездер болады. Нейробла--
стома ағымы өте жоғарылығымен және ерте қан мен лим--
фа арқылы метастаз ошақтарын беруімен ерекшелінеді.
Метастаз ошақтары бас, қол-аяқ сүйегіне, сүйек кемігіне,
бауырға, лимфа түйіндеріне және жұмсақ тіндерге беріле--
ді. Тағы бір ерекшелігі нәрестелердегі нейробластома, кей--
бір жағдайда
өзінен-өзі жетіліп басқа, яғни қатерсіз түрге
– ганглионевромаға ауысады /Gale G., D.Angіo G., 1982/.
Патоморфологиясы Ісіктің ағымы оның гистологиялық құрылысына бай--
ланысты болады. Оның құрамын симпатикалық жүйке
жүйесінің жетілмеген жасушалары құрайды. Ісік құрамында
193
Құрсақ қуысы артында кездесетін қатерлі ісіктер осы жасушалардың қайсысы кездессе немесе басым болса,
оның солай аталуына әкеледі.