Онкологиясы


Сүйектің қатерлі ісіктері



Pdf көрінісі
бет169/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

Сүйектің қатерлі ісіктері
- Остеобласты
түрінде – алғашында, көптеген кескін--
сіз (қалың) ошақтарымен, рентген суретінде тұманданып, 
бұлт тәрізді болып көрініп, патологиялық ошақтармен 
байқалады. Зақымданған ортада қатаю (склеро-зирование) 
үрдістері көптеп орын алады. Ісіктің бұл түрінде сүйектің 
кортикалды қабатының бұзылуы, периосталды «козырек», 
спикулалар, жұмсақ тіннің ісінуі белгілері, сонымен қатар 
патологиялық сүйек түзу үрдістері ерте байқала бастайды. 
Ісік өрши келе оның жасушалары сүйек кемігі қуысын тол--
тырып, қабықты қабатына өтіп, сүйекті барлық жағынан 
қоршай қатты конгломерат түзейді.
- Остеолизисті 
түрінде, ісіктің сүйекті кеміру (деструк--
циялау) үрдісі өте қарқымды, бірақ қатаю (склерозирование) 
үрдісінсіз жүреді. Бастапқыдағы негізгі белгісі болып, жұқа 
келген периосталды өзгерісімен (реакциямен) байқалады. 
Сонымен қатар, сүйектің зақымданған аумағынан кішкене 
келген, желінген ошақтар (изъеденность молью) пайда бо--
лып, артынан кортикалды қабатының бұзылып – желінуі, 
көпқабатты сызықты реакция мен периосталды «козырек», 
дұрыс емес кескінді, яғни шеткі қырлары кескінсіз спикула--
лар көрінеді. Ал, ісік шеткерірек, кейде сүйектің ортасын--
да да орналасады. Ісіктің бұл түрінде 20% жуық - сүйектің 
патологиялық сынуы кездеседі.
- Аралас жасушалы
түрінде – сүйектің диструкциясы, 
ісіктік - сүйек түзу ошақтарымен араласып көрінеді. Ісіктің 
кортикалды қабатына өсуі, оның сүйек қабының аршылуы--
на және жыртылуына әкеледі периосталды реакция белгісі 
пайда болады.
Остоегендік саркоманың рентген суретінде екі түрлі пе--
риосталды өзгерісті байқауға болады:
көлденең немесе ине тәрізді периостит (спикулы);
“козырек” белгісі немесе Кодмен ұшбырышы;
Клиникалық және рентгенологиялық көріністері 


280


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет