БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
1. № 090/У
үлгісі – бірінші рет қатерлі ісікпен ауырғандар
жөнінде жедел-хабар жодламасы болып табылады.
Мұны кез-келген, баланы қараған дәрігер толтыруына
болады. Үш күннің ішінде толтырылып онкологтарға
жіберіледі.
2. № 025/У
үлгісі – Амбулаториялық аурудың медици-
налық кітапшасы.
3. № 027-1/У
үлгісі – аурухананың, не болмаса онкологиялық
бөлімде емделіп шыққан балалардың медициналық
ауру тарихынан алынған қысқаша нақтыланған
көшірме. Бұл үлгіде науқастың ауруы туралы толық
мағлұматтар – ісіктің өсу дәрежесі, гистологтялық түрі,
шыққан жері, метастаз ошақтарымен қатар жасалынған
емнің түрі (химиялық дәрі-дәрмектермен, сәуле те--
рапиясы, хирургиялық), оны жасаған дәрігер мен сол
бөлімшенің басшысыеың аты-жөні, толтырылған
күні т.б көрсетіледі. Содан кейін, науқастың тұрақты
қаралып жүретін емханасына тіркеуге жіберіледі.
4. № 030-6/У
үлгісі – диспансерлік қарауға алынатын
адамдарға толтырылатын тексерушілік картасы. Бұл
үлгі емханадағы онкологта сақталады, осы арқылы
дертке шалдыққан науқасты емханаға шақырып, кезек--
ті тексеруі мен емін жасап отырады.
5. № 027-2/У
үлгісі – науқастардың ісігі асқынып, денеге
жайылып кеткеннен кейін алғаш рет диагноз қойылған
балаларға жазылатын хаттама. Бұл үлгінің толтырылуы
- дерттің неге кеш анықталғандығын сараптау үшін, ке--
лешекте ондайға жол берілмеуі үшін жасалынады.
Балаларда кездесетін «солидті» ісіктерді
үйлестіріп, жіктеп көрсетер болсақ, онда
төмендегідей ісіктерден құралады:
1. Орталық жүйке жүйесінің ісіктері:
медуллобластома
35
Балалар ісіктерінің негіздері
астроцитома
ІІІ,ІV қарынша ісіктері
Глиобластомалар
Герминогенді ісіктер
Достарыңызбен бөлісу: |